хемосинтез жолымен атмосферадағы көмірқышқыл газын тотықтыру арқылы пайда болады.
біріншілік синтезі үшін күн сəулесінің энергиясын пайдаланады, ол химиялық синтезге
ыңғайлы энергия түріне ауысады. АДФ-тан АТФ синтезделуімен біруақытта тағыда
2.
24
Гетеротрофты ағзалардың, яғни құрылымдық бөліктерін құру үшін дайын
органикалық заттарды қолданатын ағзалардың біріншілік биосинтез қабілеті жоқ, бірақ
оларды тағамдағы органикалық қосылыстарды қайта өңдеу арқылы (липид, ақуыз жəне т.б.
ыдырауынан) қалпына келтіре алады. Бұл қосылыстардың жай көмірсуларға айналуындағы
орталық звено - пирожүзім қышқылының түзілуі.
Олигосахаридтер биосинтезі – трансгликоздау (трансгликозидирование) реакциясы
жолымен іске асады, берілген моносахаридке гликолиз қалдығы екінші моносахаридтің
фосфорлық эфирінен беріледі жəне процесс гликозилтрансферазаның қатысуымен
жылдамдайды.
Полисахаридтер биосинтезіде трансгликоздау жолымен жүзеге асады: моносахарид
тердің фосфорлық эфирлері мен олигосахаридтердің қосылуы. Полисахаридтер биосинтезі
процесінде
моносахарид
қалдықтарының
берілу
реакциясы
сəйкес
гликозилтрансферазалардың қатысымен жылдамдайды, сондай-ақ реакциялық ортада
полисахарид
молекуласының
аз
мөлшері
болуы
қажет.
Субстрат
ретінде
нуклеозиддифосфатсахар
бола
алады.
Сол
сияқты
целлюлоза
биосинтезінде
гуанозиндифосфатглюкозаның қатысы міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: