Жаппай ағаш отырғызғанда, ағаш желегі өзінің ерекшелігін жоғалтқанда бұл
белгілер ерекше маңызға ие болады. Ақ діңді қайың екпелері және Маак мойылының
бояуы үлкен ықпалын тигізеді. Жапырағы түскен кезде, әсіресе ақ қардың аясында,
шатр, пирамида тәрізді (колонна, ұршық, конус типті), сопақша, салпыншақты, шар,
төселгіш және жастықша сияқты болады. Шатр тәрізді пішін негізінен жапырақты
ағаштарға тән. Шыршалар мен майқарағайдың барлық түрлерінің желегі конус тәрізді,
мырза теректе колонна сияқты, кәдімгі аршада пирамидалды ұршық сияқты. Шар
өкілдеріне тән. Сопақша пішін атбасталшынға, салпыншақ пішін –салпыншақ қайынға,
ақ талдың бақ пішінді түріне тән.
Бұталарды шар, масақ, шатыр, сондай-ақ жерге төселіп өтетін және жастықша
тәріздес желектің түрлері айқындайды.
Желектің тығыздығының да айтарлықтай маңызы бар. Тығыз желекті өсімдіктер
жақсы шаң ұстағыштық және желден қорғағыштық қасиетке ие, көлеңкені көп береді
(шәмшат, шынар). Желегі селдір тұқымдастар жеке-жеке, топтапжәне ірі алқаптарды
отырғызуға өһте қолайлы болып келеді.
Мысалы, манчур жаңғағы және күміс түсті үйеңкі жеке отырғызылымдарда
ерекше көңіл бөлуге тұрарлық, олардың желегі селдір болғандығы.
Достарыңызбен бөлісу: