Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: желектердің, діңдердің, гүлдердің, жапырақтардың әсемдік қасиеттері. Мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата26.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#105940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дендрология лаб 2019-20 5

Жапырақтардың әсемдік сапасы 

Ағаш  тектес  өсімдіктердің  жапырақтарының  әртүрлі  түске  боялуы  бақтардың 

композициялық  топтарын  құрғанда  негізгі  көрсеткіш  болып  саналады.  Жапырақтарға 

байланысты  ағаш  желегінің  көріктігі,  оның  көлемі  және  тығыздығы  айқындалады. 

Жапырақтар  түсінің  бояуға  қанығуы  вегетацияның  өтуінің  барлық  уақытында  өзгеріп 

отырады.  Көктемде  барлық  өсімдіктер  жапырақтарының  түсі  ашық  жасыл;  жазда- 

жасыл  қою  жасыл;  күзде  көптеген  ағаш  тұқымдастары  әртүрлі  бояуларға:  алтынды- 

сарғылт, қызғылт-сары, қызыл т.б. 

Бақ-парктік  композицияны  құрғанада  жапырақтар  мен  қылқандардың  күміс- 

сұрғылт түстері ерекше бағаланады. Мұндай ерекше түске тікенекті күміс түсті шырша, 

біртүсті майқарағай, ақ терек, боз және күміс түсті жиделер, шырғанақ ағаштары ие. 

Өсімдіктердің  әсемдігі  көп  жағдайда  жапырақтардың  құрылымы  мен  көлеміне 

де байланысты болады. Көлемі бойынша жапырақтар өте ірі -40 см-1м, ірі -2 дан 40см, 

орташа көлемді -10 см, ұсақ 5-10см және өте ұсақ 1-5 см. 

Құрылымы  бойынша  олар  бірнеше  жапырақшалар  пластиналарынан  тұратын 

және  қарапайым  күрделі  болады.  Манчжур  жаңғағы,  амур  маакиясы,  амур  барқыты 

өздерінің жан жаққа тарамдалған жүйкелері бар ірі жапырақтары арқылы көзге түседі. 

Манчжур  аралиясы  үш  жолақты  тарамдалған  жүйкелері  бар  күрделі  жапырақтарымен 

одан  да  бетер  қызғылықты.  Жапырақтары  қауырсынды  тілімді  формалы  сұр 

қандыағаш, қара аюбадан, кәдімгі орман жаңғағы, Ломбергтің ағаш түрлі қарағаны т.б. 

қызығушылық туғызады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет