15
2 Зертханалық жұмыс №2. 2950 сериялы коммутатор. Бір рангті
желіні құру
Жұмыстың мақсаты
: 2950 сериялы коммутатор негізінде бір рангті
желіні құрудың принциптерімен танысу.
Тапсырма:
1)
Қарапайым желіні жобалау.
2)
Ping утилитасымен танысу және ping-процесті жіберу.
Орындауға ұсынымдар:
Жобалауға қажет желі 9 суретте көрсетілген.
Жергілікті есептеуіш желі - бұл әдетте үлкен емес аймақты немесе
ғимараттың аздаған топтарын қамтитын компьютерлік желі. Біздің жағдайда
бұл бір-бірімен белгілі бір қалыпта байланысқан 3 жұмыс станциялары. Ол
үшін біз желілік коммутаторларды (свичтерді) қолданамыз.
9 сурет - Жобаланатын желі
Packet Tracer 5.0
төменгі сол жақтағы бұрышына «Желілік
коммутаторлар» құрылғысын таңдаймыз, ал оң жақтағы тізімге 2950-24
коммутаторын таңдаймыз, жүгірткінің сол тетігін баса отырып, оны жұмыс
облысына қоямыз. «Жұмыс станцияларымен (ЖC-ЖT)» де солай жасаймыз.
Одан әрі сәйкесті интерфейсті қолдана отырып, 1.5 суретте
көрсетілгендей құрылғыларды жалғау қажет. Ықшамдау үшін Packet Tracer
5.0 төменгі сол жақ бұрышындағы «Байланыс типін» таңдаймыз және
жүгірткінің сол жақ тетігімен берілген белгіні баса отырып, «Жалғаудың
типін автоматты түрде таңдау» көрсетеміз, сосын өзімізге қажет құрылғыға
басамыз және сол басу жолымен басқалармен қосамыз.
Әрі қарай ең маңызды кезең - келтіру басталады. Біз OSI желілік
моделінің бастапқы деңгейлерінде (коммутатор 2-ші, концентратор – 1-ші
деңгейде) жұмыс істейтін құрылғыларды пайдаланатындықтан, оларды
келтірудің қажеті жоқ. Жұмыс станцияларын, атап айтқанда IP-адресті, ішкі
желінің маскасын, шлюзды келтіру ғана қажет.
Төменде бір станцияның (PC1) келтірілуі ғана келтірілген, қалғандары
осыған сәйкес келтіріледі.
16
Керек жұмыс станциясы бойынша екі рет басу жүргіземіз, ашылған
терезеден Жұмыс столын таңдаймыз, әрі қарай - интерфейстің
Конфигурациясы, сосын сәйкесті келтіруді жүргіземіз:
IP-адрес. Бізге белгілі болғандай, IP протоколына негізделген жергілікті
желілерде келесі адрестер пайдаланылуы мүмкін:
1)
10.0.0.0—10.255.255.255.
2)
172.16.0.0—172.31.255.255.
3)
192.168.0.0—192.168.255.255.
Сондықтан берілген диапазондардан IP-адресті таңдаймыз, мысалы
192.168.0.1.
Маңызды! Барлық жұмыс станцияларының IP-адресі сол бір ішкі желіде
(яғни диапазонда) орналасуы керек, әйтпесе ping процесі орындалмайды.
Ішкі желінің маскасы. Оның мәні IP-адрес енгізілгеннен кейін
автоматты түрде қойылады.
Шлюз. Жолды тотырмауға болады.
Келтіру біткен кезде, жұмыстың екінші бөліміне өтуге, яғни ping-
процесті жіберуге болады. Мысалы, оны PC2-мен жібереміз және PC0-мен
байланысының болуын тексереміз.
Маңызды! Студент ping-процесті қайдан жіберуді өзі таңдай алады, ең
бастысы, шарт орындалуы керек: пакеттер міндетті түрде коммутатор және
концентратор арқылы жіберілуі қажет.
Ол үшін керек жұмыс станциясы бойынша екі рет басу жүргіземіз,
ашылған терезеден «Жұмыс столын» таңдаймыз, әрі қарай - «Командалық
жол». Команданы енгізуді ұсынады, біз оны іске асырамыз:
PC>ping 192.168.0.1
және Enter клавишын басамыз.
Егер барлық келтірулер дұрыс болса, онда біз келесі ақпаратты көреміз:
Pinging 192.168.0.1with 32 bytes of data:
Reply from 192.168.0.1: bytes=32 time=183ms TTL=120
Reply from 192.168.0.1: bytes=32 time=90ms TTL=120
Reply from 192.168.0.1: bytes=32 time=118ms TTL=120
Reply from 192.168.0.1: bytes=32 time=87ms TTL=120
Ping statistics for 192.168.0.1:
Packets: Sent = 4, Received = 4, Lost = 0 (0% loss),
Approximate round trip times in milli-seconds:
Minimum = 87ms, Maximum = 183ms, Average = 119ms PC>
Бұл деген, байланыстың қондырылғанын білдіреді, желінің бұл бөлігі
дұрыс жұмыс жасайды.
Packet Tracer 5.0-те модельдеу режимі қарастырылған, онда Ping
утилитасы қалай жұмыс жасайтыны нақты суреттеледі және көрсетіледі.
Сондықтан жұмыс облысының төменгі сол жақ бұрышындағы бір атты белгіні
басып немесе Shift+S клавишы комбинациясы бойынша осы режимге өту
қажет. «Модельдеу панелі» ашылады, онда ping-процесс орындалуымен
байланысты барлық жағдайлар бейнеленеді.
17
Енді ping-процесін жіберуді қайталау қажет. Оны жібергеннен кейін
«Модельдеу панелін» ығыстыруға болады, ол жобаланған желінің сұлбасында
пакеттерді жіберу/қабылдауды бақылау үшін керек.
«Автоматты түрде» тетігі барлық ping-процесті біріккен процесте
модельдеуді білдіреді, «Қадам бойынша» тетігі оның қадам бойынша
бейнеленуіне мүмкіндік береді.
Өзіне пакеті алып жүретін ақпаратты, оның құрылымын білу білу үшін,
«Ақпарат» графасында түрлі-түсті шаршыдағы жүгірткінің оң тетігін басу
жеткілікті.
Модельдеу ping-процесінің бітуі кезінде немесе сәйкесті жұмыс
станциясының «Редактрлеу» терезесін жабу кезінде тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: