21
4
Зертханалық жұмыс №4.
Статикалық маршрутизациялау
Жұмыстың мақсаты
: Роутерде статикалық маршрутты жасаудың
командаларын оқып-үйрену.
Тапсырма:
төменде көрсетілген нұсқауларды пайдаланып, cisco
жабдығында статикалық маршрутизациялаудың негізгі принциптерімен
танысу.
Cisco Packet Tracer интерфейсі сызбалық мастерлерінің көмегімен
статикалық маршрутизациялаудың келтіруін жүргіземіз.
14 суретте көрсетілгендей, желінің сұлбасын жасаңыз.
14 сурет - Желінің сұлбасы
Бұл сұлбада келесі компоненттерден тұратын корпоративті желі
көрсетілген:
1 желі – Switch1-де 1-ші ұйымдастырудың желісі тұйықталады (2 кесте):
2 кесте - Бірінші ұйымдастырудың желісі
Компьютер
IP адрес
Функциялар
Comp2
192.168.1.2/24
DNS және HTTP сервер
Comp3
192.168.1.3/24
DHCP сервер
Comp4
DHCP серверден алынған
Желінің клиенті
Бұл желіде Comp2-ке ұйымдастыру сайтымен DNS және Web сервері
қондырылған.
Comp3-ке DHCP сервері қондырылған. Comp4 компьютері IP адресті
DHCP серверден, адрес DNS сервер провайдерінен (Provider сервері) және
шлюздан алады. Желідегі шлюз – 192.168.1.1/24.
2 желі – Switch2-ге 2-ші ұйымдастырудың желісі тұйықталады (3 кесте):
22
3 кесте - Екінші ұйымдастырудың желісі
Компьютер
IP адрес
Функциялар
Comp5
10.0.0.5/8
DNS және HTTP сервері
Comp6
10.0.0.6/8
DHCP сервер
Comp7
DHCP серверден алынған
Желінің клиенті
Бұл желіде Comp5-ке ұйымдастыру сайтымен DNS және Web сервері
қондырылған.
Comp4-ке DHCP сервері қондырылған. Comp7 компьютері IP адресті
DHCP серверден, адрес DNS сервер провайдерінен (Provider сервері) және
шлюздан алады. Желідегі шлюз – 10.0.0.1/8.
3 желі – Hub1-қа 200.200.200.0/24 қалалық желісі тұйықталады. Желіде
желінің барлық сайты бойынша деректерді құрайтын провайдердің
(200.200.200.10/24 IP адресі бар Provaider компьютері) DNS сервері
қондырылған. Желіде желінің барлық сайты (Comp2, Comp5, Comp8)
бойынша деректерді құрайтын провайдерлер қондырылған.
4 желі –Router3 маршрутизаторы қалалық желіні интернетке Switch3
коммутаторы (210.210.210.0/24 желісі) арқылы шығарады. Comp8-ге
(210.210.210.8/24 IP адрес, 210.210.210.3/24 шлюз) сайтты DNS және Web
сервері қондырылған.
Маршрутизаторда екі интерфейстен болады:
Router1 – 192.168.1.1/24 және 200.200.200.1/24.
Router2 – 10.0.0.1/8 және 200.200.200.2/24.
Router3 – 210.210.210.3/24 және 200.200.200.3/24.
Міндеті:
1 – ұйымның желісін келтіру;
2 – провайдердің DNS серверін келтіру;
3 – роутерлардағы маршрутизацияның статикалық кестесін келтіру;
4 – Comp4, Comp7 және Comp8 компьютерлерінің әрқайсысындағы
желінің жұмысын тексеру. Олардың әрқайсысынан корпоративті желінің
барлық үш сайты ашылуы керек.
Алдыңғы зертханалық жұмыстарда желілік қызметтер мен DNS серверді
келтіру қарастырылды. Роутерлардағы статикалық маршрутизацияны
келтіруге кірісеміз. Көрсетілген сұлбада төрт желі болғандықтан,
маршрутизацияның кестелері кем дегенде осы желілердің әрқайсысының
жазбасынан, яғни төрт жазбасынан тұру керек. Маршрутизация кестелеріндегі
Cisco роутерінде ереже бойынша роутердің интерфейсі қосылған желілерге
жолдар тіркелмейді. Сондықтан әр роутерде екі жазбадан енгізу қажет.
Бірінші
роутерді
келтіріңіз.
Ол
үшін
маршрутизатордың
конфигурациясына кіріңіз және интерфейстерде IP адрес мен ішкі желінің
маскасын
қондырыңыз.
Сосын
МАРШРУТИЗАЦИЯ
бөлімінде
СТАТИКАЛЫҚ қосымша бетін ашыңыз, деректерді енгізіңіз (15 сурет) және
ҚОСУ тетігін басыңыз:
23
15 сурет - 10.0.0.0/8 желісі үшін деректер
Нәтижесінде маршрутизацияның кестесінде екі жазба шығу керек
(16 сурет):
16 сурет - Маршрутизацияның статикалық кестесін қалыптастыру
Маршрутизация кестесінің толық келтіруін көру үшін, графикалық
менюден ТЕКСЕРУ инструментін таңдаңыз (лупаның пиктограммасы),
роутердегі сұлбаны басыңыз және ашылған менюден МАРШРУТИЗАЦИЯ
КЕСТЕСІ пунктін таңдаңыз.
Барлық роутерлерді келтіргеннен кейін сіздің желіңізде кез-келген
компьютердің IP адресінің енімі болады және сіз Comp4, Comp7 и Comp8
компьютерлерінен кез-келген сайтты аша аласыздар.