1 Зертханалық жұмыс №1. Интерфейс пен Cisco Packet Tracer
негізгі функцияларын оқып үйрену
Жұмыстың мақсаты
: Cisco Packet Tracer желісі эмуляторының
интерфейсін оқып үйрену.
Тапсырма:
осы ұсынылғандармен сәйкестендіріп Cisco Packet Tracer
эмуляторының мүмкіндігін оқып үйрену.
Cisco Packet Tracer - бұл Cisco компаниясымен жасалған желінің
эмуляторы.
Бұл қосымша әртүрлі протоколдардың қолдауымен туынды топология
түрінде неше түрлі жабдықтарда желілерді құруға мүмкіндік береді.
Cisco
Packet
Tracer
бағдарламалық шешімі әртүрлі желілік
құрылғылардың, яғни маршрутизаторлардың, коммутаторлардың, сымсыз
енімнің нүктелерінің, дербес компьютерлердің, желілік принтерлердің, IP-
телефондардың және т.б. жұмыстарын имитациялауға мүмкіндік береді.
Интерактивті симулятормен жұмыс істеу ондаған немесе жүздеген
құрылғылардан тұратын нақты желінің келтіруін білдіреді.
6
Келтірулер, өз кезегінде, құрылғылардың сипатына байланысты болады:
бірін Cisco IOS операциялық жүйесінің командаларының көмегімен, екіншісін
графикалық веб-интерфейстің есебімен, ал үшіншісін операциялық жүйенің
командалық жолы немесе графикалық меню арқылы келтіруге болады.
Көру режимі сияқты, Cisco Packet Tracer мұндай қасиетінің арқасында
тұтынушы желі бойынша деректерді орналасуын, желілік құрылғылар арқылы
деректердің өтуі кезінде IP-дестелердің параметрлерінің пайда болуы мен
өзгеруін, IP-дестелердің жылдамдығы мен орналасу жолдарын қадағалай
алады. Желіде болып жатқан жағдайларды талдау оның жұмысының
механизмін түсінуге және ақауларды табуға мүмкіндік береді.
Cisco Packet Tracer симулятор ғана емес, нақты желілер, оның ішінде
Интернет арқылы виртуальды желіні қарқындыландыру үшін желілік
қосымша ретінде де қолданылуы мүмкін. Орналасқан жерлеріне қарамастан,
әртүрлі компьютерлердің тұтынушылары оның келтіруін дұрыстап немесе
болған қиындықтардан құтыла келе, бір желілік топологияда жұмыс істей
алады. Cisco Packet Tracer көп тұтынушылық режимнің бұл функциясы
командалық жұмысты ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін.
Cisco Packet Tracerде тұтынушы тек логикалық емес, сонымен қатар
желінің физикалық моделінде құруды қарқындыландырып, сәйкесінше
жобалаудың дағдыларын жасай алады. Желінің сұлбасын сызбаға нақты бар
ғимараттың немесе бір қаланы салуға болады және барлық оның кабельдік
сымдарын жобалауға, сол немесе ұзындық және тартылатын кабельдің типі
немесе сымсыз желіні жабу зонасының радиусы сияқты физикалық
шектеулерді санағандағы басқа да ғимараттарда және жайларда
құрылғыларды орналастыруға мүмкіндік алады.
Қарқындыландыру, көру, көп тұтынушылық режим және жобалау
мүмкіндігі Cisco Packet Tracerді желілік технологияларға оқытудың бірден-бір
құралы етіп жасайды.
Cisco Packet Tracer интерфейсі
Cisco Packet Tracer басты терезесі
5 суретте салаларға бөлінген бағдарламаның интерфейсі келтірілген.
7
5 сурет - Cisco Packet Tracer бағдарламаның интерфейсі
1)
Бағдарламаның басты менюі келесілерден тұрады:
Файл - құжаттарды ашу/сақтау операцияларын құрайды.
Дұрыстау – «көшіру/алып тастау, орнына келтіру/қайталау»
стандарттық операциялары.
Келтірулер - өзінің аты айтып тұрғандай.
Түр - жұмыс облысы мен құралдар панелінің масштабы.
Құралдар - түстік палитра және соңғы құрылғылардың
кастомизациясы.
Кеңейту - CPT -дан (Cisco Packet Tracer) барлық зертхананы жасауға
болатын жобалардың мастері, көп тұтынушылық режим бүтін зертхананы
жасай алады.
Көмек - қосымша көмек бере алады.
2)
Құралдар панелі, оның бір бөлігі меню пункттерін тек қайталайды.
3)
Логикалық және физикалық ұйымдардың арасындағы қайта қосқыш.
4)
Тағы бір құралдар панелі, оның ішінде объектілерді айқындау,
өшіріп тастау, орын ауыстыру, масштабтау, сонымен қатар туынды дестелерді
қалыптастырудың құралдары болады.
8
5)
Нақты режим (Real-Time) мен симуляция режимі арасындағы қайта
қосқыш.
6)
Соңғы құрылғылар тобы мен байланыс желісінің панелі.
7)
Соңғы құрылғылардың өздері, мұнда барлық мүмкін болатын
коммутаторлар, түйіндер, енім нүктелері, өткізгіштер.
8)
Тұтынушылық сценариді жасаудың панелі.
9)
Жұмыс кеңістігі.
Бір ішкі желіні екіншісінен бөлуге мүмкіндік беретін түстік облыстарды
орналастырудың мысалы (6 сурет).
6 сурет - Түстік облыстарды орналастырудың мысалы
Түстік облыстарды қондыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Құралдар панелінде сәйкесті сурет белгіні таңдаймыз.
- «Бояу» облысындағы режимді таңдаймыз.
- Түс пен форманы таңдаймыз.
- Жұмыс кеңістігінде облысты саламыз.
Сонымен қатар, жазу мен осы облысты орын ауыстыру/масштабтауды
қосуға болады.
9
Cisco
Packet
Tracer-дегі
жабдықтар мен байланыс желілері.
Маршрутизаторлар
Маршрутизаторлар
маршрутизацияның
арнайы
алгоритмдерінің
негізінде деректерді берудің тиімді маршрутын іздеу үшін қолданылады,
мысалы транзиттік түйіндері ең аз болатын маршрутты (жолдар) таңдау.
OSI үлгісінің желілік деңгейінде жұмыс істейді.
Коммутаторлар
Коммутаторлар - OSI үлгісінің арналық деңгейінде жұмыс істейтін
құрылғы, ол желінің бір немесе бірнеше сегменті шегінде бірнеше түйіндерді
біріктіру үшін арналған. Коммутатор ішкі кестенің - коммутация кестесінің
негізінде дестелерді таратады, осыған сәйкес трафик соған арналған MAC-
адрестің тек өзіне ғана келеді, ол барлық порттарда (концентратордағы
сияқты) қайталанбайды.
Концентраторлар
Концентратор бір портта қабылданған барлық қалған порттардағы
дестелерді қайталайды.
10
Сымсыз құрылғы
Wi-Fi сымсыз технологиялары және олардың негізіндегі желілер. Онда
енім нүктесі болады.
Байланыс желілері
Осы компоненттердің көмегімен бір сұлбаға түйіндерді қосу
жасалынады. Packet Tracer желілік қосудың кең диапазонын қолдайды (1
кесте). Кабельдің әрбір типі интерфейстің белгілі-бір типімен ғана жалғануы
мүмкін.
1 кесте - Кабельдің типі
Кабельдің типі
Сипаттама
Консоль
Консолдық жалғау ДК мен маршрутизатор немесе
коммутатор арасында орындалуы мүмкін. ДК-мен
консольдық сеанстың жұмысы үшін кейбір талаптар
орындалуы керек: екі жақтың қосылу жылдамдығы бірдей
болуы керек, екі жақ үшін деректердің 7 биті (немесе 8
бит) болуы қажет, дәлдік бақылауы бірдей болуы керек, 1
немесе 2 тоқтататын биті болуы қажет (бірақ олардың
бірдей болуы міндетті емес), ал деректер ағыны екі жақ
үшін де қажет.
Мыстық тура
Кабельдің бұл типі OSI-ң әртүрлі деңгейлерінде қызмет
көрсететін құрылғыларды жалғау үшін Ethernet-ті
таратудың стандарттық ортасы болып табылады. Ол
порттың келесі типтерімен жалғануы керек: мыстық 10
Мбит/с (Ethernet), мыстық 100 Мбит/с (Fast Ethernet) және
мыстық 1000 Мбит/с (Gigabit Ethernet).
Мыстық
кроссовер
Кабельдің бұл типі OSI-ң бірдей деңгейлерінде қызмет
көрсететін құрылғыларды жалғау үшін Ethernet-ті
таратудың стандарттық ортасы болып табылады. Ол
порттың келесі типтерімен жалғануы керек: мыстық 10
Мбит/с (Ethernet), мыстық 100 Мбит/с (Fast Ethernet) және
мыстық 1000 Мбит/с (Gigabit Ethernet).
11
Оптика
Оптоталшықты орта оптикалық порттар арасын қосу үшін
пайдаланылады (100 Мбит/с немесе 1000 Мбит/с).
Телефондық
Телефондық сым арқылы жалғану тек модемдық порты бар
құрылғылар арасында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Модемдық жалғанудың стандарттық көрсетілуі - бқл
желілік бұлтқа хабарласа алатын соңғы құрылғы (мысалы,
ДК).
Коаксиалды
Коаксиалдық орта Packet Tracer бұлтымен жалғанған
кабельдік модем сияқты коаксиалды порттар арасын
жалғау үшін пайдаланылады.
DCE сериялы
DTE сериялы
Тізбектілік порттар арқылы жалғану WAN байланысы
үшін жиі қолданылады. Мұндай жалғануларды келтіру
үшін DCE-құрылғысы жағында синхронизацияны ұондыру
қажет.
DTE
синхронизациясы
таңдау
бойынша
орындалады.
DCE
жағын
порттың
қасындағы
«сағаттардың» кішкентай иконкасы бойынша анықтауға
болады. Serial DCE жалғануының типін таңдау кезінде
оған жалғану қолданылатын бірінші құрылғы DCE-
құрылғысы болады, ал екіншісі автоматтық түрде DTE
жағында болады. Serial DTE жалғануының типі таңдалған
болса, жақтардың кері орналасуы да мүмкін.
Соңғы құрылғылар
Мұнда соңғы түйіндер, хосттар, серверлер, принтерлер, телефондар
және т.б. көрсетілген.
Интернеттің эмуляциясы
Ғаламдық желінің эмуляциясының мысалы. DSL модемі, «бұлт» және
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |