12
Тұтынушылық құрылғылар және көп тұтынушылық жұмыстың бұлты
Құрылғыны өзінше жинақтауға болады. Кез-келген қосылуды жасауға
болады.
Жабдықтың физикалық жинақталуы
Жұмыс алаңына Cisco 1841 роутерін қондырыңыз. Роутердің
келтіруінде оның физикалық конфигурациясын
ашамыз (7 сурет).
7 сурет - Құрылғының физикалық конфигурациясы
13
Сол жағынан көріп тұрғанымыздай, осы роутерді жинақтауға болатын
модульдердің тізімі (2 саны) бар. Қазір онда 2 бос орын бар (3 саны). Оларға
осы модульдерді енгізсе болады. Бұл операцияны қорек көзінің өшірілуі
кезінде орындау керек (1 саны).
WIC (HWIC, VWIC) модульдері дегеніміз құрылғының жан-
жақтылығын өсіретін кеңейту платалары:
1)
WIC - WAN interface card. the first original models.
2)
HWIC- high-speed wan interface card- the evolution of wic that is now in
use on the ISR routers.
3)
VIC - voice interface card, support voice only.
Мысалы, компьютердің осындағыдай PCI-шинасына (TV-тюнерлер,
дыбыстық карталар, USB-тармақтағышы, желілік карталар) қосылған
платалары бар. Жалпы алғанда, Cisco құрылғысы - бұл желімен жұмыс жасай
алатын көптеген желілік картасы мен операциялық жүйесі бар жүйелік блок.
Төменде әр модуль туралы ақпарат көрсетілген:
а)
HWIC - 4ESW - RJ-45 тармақтағышты Ethernet-тің 4 коммутациялық
порты бар жоғары өнімді модуль. Ол маршрутизаторда коммутатордың
мүмкіндігін қосуға мүмкіндік береді.
б)
HWIC-AP-AG-B - Cisco 1800 (модульдік), Cisco 2800 және Cisco 3800
роутерлері үшін енімнің қондырылған нүктесінің қызметін қамтамасыз ететін
жоғары жылдамдықты WAN-картасы. Бұл модуль Single Band 802.11b/g
немесе Dual Band 802.11a/b/g радиоарналарын қолдайды.
в)
WIC-1AM-да
базалық
телефондық
қызметке
қосу
үшін
пайдаланылатын RJ-11 екі тармақтағышы (телефондық) бар. Карта
телефондық сыммен қосу үшін бір портты пайдаланады, екіншісі қарапайым
модем кезіндегі шақырулар үшін аналогты телефонға қосылуы мүмкін.
г)
WIC-1ENET - бұл 10BASE-T Ethernet LAN үшін бірпортты 10 Мб/с
Ethernet картасы.
д)
WIC-1T алыстатылған кеңселер немесе ескірген сериялы желілік
құрылғыларға, мысалы, SDLC концентраторларға, сигнализация жүйелері мен
packet over SONET (POS) құрылғыларына бірпортты тізбектілік қосылуды
білдіреді.
е)
WIC-2AM құрамында базалық телефондық қызметке қосылуға
пайдаланылатын RJ-11 екі тармақтағышы
болады. WIC-2AM-да екі модемдік
порты болады, ол екі арнаны бір уақытта қосу үшін пайдалануға мүмкіндік
береді.
ж)
WIC-2T - 2-портты синхронды/асинхронды сериялы желілік модуль
әрбір порттың жеке келтіруі бар көптеген хаттамалардың синхронды немесе
асинхронды режимге ыңғайлы қолдауын білдіреді. Синхронды/асинхронды
қолдаудың қолданылуы:
а) төменгі жылдамдықты агрегацияны (128 Кб/с-ке дейін);
б) dial-up модемдерінің қолдауын;
14
с) басқа жабдықты басқарудың порттары бар синхронды немесе
асинхронды жалғану мен Bi-sync және SDLC.типті ескірген хаттамаларды
таратуды білдіреді.
и) WIC-Cover - WIC слотының қабырғасы, ол электронды
компоненттерді қорғау мен салқындататын ауа ағынының алмасуын жақсарту
үшін қажет.
Қорек тетігін жүгірткімен басып, қорек көзін өшіру, 4ESW модулін
жүгірткімен бос слотқа алып келу және қорек көзін қосу. Роутер жүктелуінің
соңын күту. GUI конфигурациясында пайда болған 4 жаңа интерфейсті көре
аламыз (8 сурет).
8 сурет - Құрылғы интерфейсінің конфигурациясы
Қалған құрылғылар осылайша жинақталады. Тағы да Ethernet
(10/100/1000)
жаңа
модульдері, бірнеше
типтердің
оптоталшықты
айырғыштары, сымсыз желінің адаптерлері қосылады. Жұмыс компьютеріне
құлаққабы бар микрофонды, деректерді сақтауға қажет қатты дисктерді қосу
мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: