Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы


Бағалау  қызметінде  психологиялық  және  педагогикалық  қолдау



Pdf көрінісі
бет29/53
Дата13.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#111713
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

          Бағалау  қызметінде  психологиялық  және  педагогикалық  қолдау

 

көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады:  



 

өзекті  –  балада  осыған  дейін  пайда  болған  қиындықтарды  шешуге 



бағытталған;  

 



перспективалы  –  оқуда  болуы  мүмкін  ауытқуларды  ескеру  және  алдын 

алуға бағытталған.   

      Екі  бағыт  та  педагогикалық  үдеріске  қолдау  қызметінің  барлық 

мамандарының  бірлескен  күш-жігерінің  арқасында  іске  асырылуы  мүмкін. 




28 

 

Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш 



компонент бар:   

 



бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);  

 



түзету-дамыту  бағыттылығының  жеке  және  топтық  сабақтарының 

бағдарламаларын іске асыру;  

 

білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі 



арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы 

тұрғысынан талдау [19].    

          Оқушылардың  бұл  санатын  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың 

нысаны  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  үдерісі  болып  табылады. 

Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

түрлі  мамандардың  (пән  мұғалімінің,  психологтың,  логопедтің,  арнайы 

педагогтың,  әлеуметтік  педагогтың),  мектеп  дәрігерінің,  басқа  мұғалімдер  мен 

ата-аналардың өзара тығыз әрекетін білдіреді.   

        Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

критериалды  бағалауды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  төмендегілерге 

бағытталуы тиіс:  

-

 



баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің денсаулық-

сақтау  түзімін  ұйымдастыру,  оларды  жеке  таңдалған  қимылдық 

белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;  

-

 



балалардың  зерде  дамуын  қолдау:  әрбір  баланың  танымдық  ерекшелігін 

анықтау  және  дамыту,  оқу  әрекетінің  табысты  болуы  үшін  жағдай 

тудыру;  

-

 



баланы  қарым-қатынас  саласында  қолдау:  балаларға  гуманистік  өзара 

әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде 

жеке  қабілеттерін  байқатуларын  қолдау,  тәртіп  түрін  саналы  түрде 

таңдауына көмектесу;  

-

 

-  баланың  жанұясын  қолдау:  жанұялық  қатынасты  зерттеу,  олардың 



үйлесімді болуына көмек көрсету.  

             Психологиялық-педагогикалық  қолдау  ерекше  шығармашылық  ахуал 

құруды және балаларға таңдау жағдайын ұсынуды білдіреді. Мұндай жағдайлар 

оқушылардан білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ, рефлексия тәжірибесін, 

шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді.              

               Критериалды  бағалау  тұтас  педагогикалық  процестің  құрамдасы 

болып  табылады  және  оны  тек  осындай  мәнмәтінінде  қарастыру  қажет.  Баға 

оқушылармен оқу процесінің сапасын арттыру мақсатымен анағұрлым ұтымды 

әдістерді  таңдау  үшін  қажетті  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Баға 

оқушыларды  «сұрыптау»  құралы  емес,  бейімделген  болуы  тиіс.  Инклюзивті 

мектепте  баға  шынайылық,  ақпараттылық,  кері  байланысты  қамтамасыз  ету 

сияқты  критерилерге  сәйкес  болуы  тиіс.  Бағалаудың  кез  келген  әдістері  мен 

технологиялары оқушы мүгедектігінің нақты түрін немесе проблемасын ескеруі 



29 

 

тиіс.  Бұл  бейімдей  оқытуды  да:  инклюзивті  оқыту  педагогтан  оқыту 



стратегиясының  үлкен  жинағы  мен  әдістерін  меңгеруді  талап  етеді.  Бұл 

көпшілік мектепке ғана емес, сонымен қатар, дамуында мүмкіндіктері шектеулі 

және  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар    балаларды  оқытудың  арнайы 

әдістерін білдіреді.  «Оқушылардың алған білім нәтижелері оқушының әлеуетті 

даму  зонасына  бағдарланған  операционалды  қойылған  мақсаттарына  сәйкес 

болған  кезде  ғана  сапалы  болып  саналады  ...»  [21].  Сондықтан  зерде 

бұзылыстары  бар  оқушыларды  критериалды  бағалау  вариативтілігімен 

ерекшеленуі  тиіс.  В.В.  Воронкованың  жетекшілігімен  жүргізілген  КСРО 

Педагогикалық 

ғылымдар 

Академиясы 

дефектология 

ғылыми-зерттеу 

институты қызметкерлерінің көпжылдық зерттеулері нәтижесінде алынған төрт 

типологиялық  ерекшеліктерге  сәйкес  зерде  бұзылыстары  бар  балаларды 

анықтау  мүмкіндігін  берді  [22].  Жүргізілген  зерттеулердің  нәтижесінде 

авторлармен мектеп оқушыларын 4 типологиялық топқа бөлетін оқушылардың 

білім  алу  мүмкіндіктері  бойынша  оқушылардың  педагогикалық  жіктемесі 

жасалды.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері 

бар  оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі  мұны 

ескеруі  және  оқушыларды  тиімді  ынталандыруы  тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет