Екінші типологиялық
топтың оқушылары да
сыныпта білім алуда жеткілікті табысты. Олар негізінен, мұғалімнің жаппай
түсіндіруін ұғынады, зерделеніп отырған материалды есте сақтауы біршама
жақсы, бірақ педагог көмегінсіз қарапайым қорытындылар мен жинақтаулар
жасауға қабілетсіз. Оларды жұмыстың барлық түрін орындауда едәуір төмен
дербестігімен
ерекшеленеді,
олар
мұғалімнің
белсендіруші,
әрі
ұйымдастырушы көмегіне мұқтаж. Бұл оқушылар оларға хабарланып отырған
құбылыстар, заттар, оқиғаларды көзіне елестете алмайды. Тапсырманы
заттардың көмегімен бейнелеген кезде ғана саналы түрде орындайды.Бұл
балалар бірінші топтағы оқушыларға қарағанда баяу меңгереді, дегенмен
қандай да бір бағаны қоюдың негізгі критерилерін білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |