Талдайды
– түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау,
ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық
материалдарды
құрамдас
бөліктерге
бөлу,
ақпаратты
зерделеу
қабілетініңбағасы.
-
Жинақтайды
– бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге
біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін
хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті
күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті
болжамдайды.
-
Бағалайды
– қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік
шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілетінің бағасы.
Сонымен, критериалды бағалау жүйесі ерекше қажеттілігі бар білім
алушылардың жетістіктерін өлшеу құралы және осындай категориядағы білім
алушылар үшін білім беру қызметі сапасын анықтауға мүмкіндік беретін білім
беру процесінің диагностикасы және ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларды
оқыту стратегиясы, мазмұны мен әдістемесі бойынша түбегейлі шешім
қабылдау болып табылады. Инклюзивті оқытуда бақылау, тексеру және оқыту
нәтижелерін бағалау – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің ажырамас құраушысы болып
табылады, оларсыз мұғалім мен оқушы арасында толыққанды өзара әрекет ету
мүмкін емес. Бағалау – бұл қолданыстағы бағдарламалардың талаптарымен
салыстырғанда пән мазмұнын меңгерудегі оқушының білім деңгейін анықтау
үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |