Жеке бағалау парағы
Ол оқушылардың жұмыстарының белгілі бір өлшемдерге
қандай деңгейде қол жеткізілгендігі туралы ойлауын
көрсетуге арналған парақ. Осының аясында оқушылар
нәтижені жетілдіру үшін не істеу керектігін көрсете
алады.
Материалды түсінуді
жақсартуға
бағытталған сұрақтар
мен тапсырмалар
Сабақтың соңында немесе жұмыстың белгілі бір бөлігінде
оқушылар белгіленген өлшемдердің шегінде түсінулерін
бағалау барысында пайда болатын сұрақтарды ұсынуына
болады.
Бұл
стратегияны
қолдануды
жоғарыда
көрсетілген
стратегияларды
ескере
отырып,
сыныптастарының үй тапсырмаларын бағалау жолымен
бастауына болады.
Жоспарлау,
істеу,
тексеру
Бұл үдеріс кішкентай балалар үшін кеңқұлашты жоба
аясында әзірленеді. Әр тапсырманың басында мұғалім
сабақтың мақсатын анықтау үшін балалармен жұмыс
жүргізеді. Балалар тапсырмаға кіріседі және одан кейін
сабақтың соңында мұғалім өткен материалға шолу жасау
үшін уақыт бөледі. Уақыт өте бұл міндет оқушылардың
өздеріне жүктелуі мүмкін.
|