11
оқулықтарды,
оқу-әдістемелік
кешендерді
бейімдеу
және
модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық
жүйесін ендіру);
білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі
есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы
артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-
педагогикалық және әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету,
қолайлы білім беру ортасын жасау;
«кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды
компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық
қамтамасыз етуді жақсарту;
ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және
кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына
және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер
жүргізу.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру
мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың
мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім
үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын
өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге
енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың
жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған
балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-
бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік
көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен
идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу
және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі
шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос
уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы
шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып
табылады.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және
бала-бақшаларда
күрделі
құрамалары
және
басқа
да
дамуындағы
ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін
балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.
Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының
жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы
дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға
12
мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау
құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.
Қазіргі уақытта Республиканың жалпы білім беру мектептерінде 70
мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылады, бұл арнайы білім беру
мекемелерінде оқытылатын оқушылар санынан үш есе асады. Бұл естуінде,
көруінде, зият, сөйлеу ауытқулықтары бар, психологиялық дамуы тежелген
балалар. Республикамызда балалар білім алу үшін жағдай жасаудың басым
бағытына қатысты келесідей бағыттар бар.
Бірінші бағыт
– балалардың дамуындағы кемшіліктерді тауып, жастық
кезеңнен бастап түзету-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыру болып
табылады. Мектепке дейінгі уақтылы көрсетілген көмек жалпы білім алу
ортасында оқуға баланың негізгі кемшіліктерін түзетуді қамтамасыз етеді.
Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің бастапқы буыны баланың оқу,
әлеуметтік және медициналық қызметтерін алуға құқығын орнататын,
психологиялық, медициналық және педагогикалық консультатиция болып
табылады.
Бүгінгі таңда елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық, соның
ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді.
Екінші бағыт
– барлық деңгейдегі балаларға олардың психофизикалық
ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу құқығын жүзеге асыру үшін
вариациялық жағдайлар құру болып табылады.
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі
қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын
кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету
қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім
процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру
мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы
балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді. Жалпы білім беретін
ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы
білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру
бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын
меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды
ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар
оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы
білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң
үлгілік қағидаларында» баяндалған.
Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық-медициналық
педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын ескере отырып әзірленген арнайы
және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар
13
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның орытындысына
сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген
арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: