Методические рекомендации по изучению учебного предмета «Информатика» в 1-4 классах по программам


Оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  «Қазақстан



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата21.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#112660
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
1569927677423 (6)

Оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  «Қазақстан 

Республикасындағы  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің 

үлгілік  оқу  жоспарларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  8  қарашадағы №  500 бұйрығымен 

бекітілген  үлгілік  оқу  жоспарына  тәуелді  (Қазақстан  Республикасының 

нормативтік  құқықтық  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №8170 

тіркелген). 

«Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәнін  оқытудағы  негізгі 

талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік.  

«Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәнін  тиімді  өткізуге 

арналған    қажетті  жабдықтардың  тізімі:  гарнитурамен  жабдықталған  дербес 

компьютерлер  (микрофоны  бар  құлаққаптар);  Интернетке  кең  жолақты 

қосылуымен  мұғалімдер  мен  білім  алушылар    арасындағы  байланыс  және 

құралдарын  деректермен  алмасуды  қамтамасыз  ететін  жоғары  сапалы  ашық 

қатынас  желісі;  перифериялық  құрылғылар:  принтер,  сканер,  көшіру 

техникасы,  интерактивті  проектор/интерактивті  тақта;  робототехникаға 

арналған жиынтықтар. 

Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады: 

1)

 

Компьютер  -  аппараттық  құралдар,  бағдарламалық  қамтамасыз  ету 



және киберқауіпсіздік тақырыптарын қамтиды. 

2)

 



Ақпаратты  ұсыну  және  өңдеу:  текст,  графика,  презентация, 

мультимедиа. 

3)

 

Интернет  желісінде  жұмыс  істеу  –  оқушыларды  ақпаратты  іздеуге 



және ақпарат алмасуға үйрету мүмкіндігін береді. 

4)

 



Есептік  ойлау  -  алгоритмдер  мен  программалау  тақырыптары 

бойынша оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамытуға көмектеседі. 

5)

 

Робототехника  -  робот  қозғалысы,  датчиктер  мен  қозғалтқыштарды 



зерттеу  арқылы  «Информатика»  пәнін  зерттеуде  STEM  элементтерін 

пайдалануды көрсетеді.  

1-

сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 



пәнінің базалық мазмұны:  

1.

 



«Компьютер»:  Информатика  кабинетінде  жүріс-тұрыс  ережелері; 

Интернет желісінде  жұмыс істеу қауіпсіздігі. 

2.

 

«Интернет  желісіндегі  жұмыс»:  желіде  орналастырылған  ақпараттың 



сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері. 

3.

 



«Есептей  білу»:  алгоритмдер;  сызықты  алгоритмдерді  орындаушы; 

программалау  ойын  алаңынының  интерфейсі  (Scratch  (сретч));    программалау 

ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу. 

4.

 



«Робототехника»:    білім  беру  роботының  негізгі  моделін  құру; 

роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ 

бұрылыстарының  белгіленген  саны  бойынша  қозғалысы,  роботтың  берілген 

бұрышта қозғалысы (90, 180 градус). 

2-

сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 



пәнінің базалық мазмұны:  

1.

 



«Компьютер»:  компьютерлік  құрылғылар;  енгізу  құрылғылары 


(тінтуір,  пернетақта,  микрофон)  және  шығыс  (монитор,  принтер,  динамиктер/ 

құлаққаптар).  

Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен 

буманы  құру,  көшіру,  орнын  ауыстыру  және  жою;  контекстік  мәзірді 

пайдалану.  

Қауіпсіздік:  цифрлық  құрылғылармен  жұмыс  істеу  кезінде  қауіпсіздік 

ережелері. 

2.

 

«Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: пернетақта симуляторы 



мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру. 

Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет 

фрагментін  көшіру және көрсету.  

Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.  

3.

 

«



Интернет желісіндегі жұмыс»: берілген тақырып бойынша ақпарат 

іздеу үшін  браузерді қолдану;  қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу. 

4.

 

«Есептік ойлау»: алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің 



ауызша түрі.  

5.

 



Программалау:  программалау  ойын  алаңының  кірістірілген 

графикалық  редакторында  жеке  өзінің  кейіпкерін  жасау;    пернетақтадан 

спрайтты  басқаруды  ұйымдастыру;  кейіпкерлер  арасындағы  мәтіндік  диалогті 

ұйымдастыру. 

6.

 

«Робототехника»:  ауызша  түрінде  берілген  алгоритм  бойынша 



роботтың  қозғалысын  ұйымдастыру;  жанап  өтетін  датчикті  қолдану;  роботқа 

арналған    аудиофайлды  жүктеу;  роботқа  арналған  программаны  әзірлеуде 

дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну. 

3-

сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 



пәнінің базалық мазмұны: 

1)  «Компьютер»:  компьютер  құрылғылары:  таңба  регистрін, 

пернетақтаның    орналасуын,  меңзерді  басқаруды  өзгертуге  арналған  

клавиштер. 

Программалық  қамтамасыз  ету:  қолданбалы  программаларда  «қызу» 

клавиштерді пайдалану. 

Қауіпсіздік:  Интернет  желісінде    жұмыс  істеуде    жеке  қауіпсіздігінің 

негізгі ережелері. 

2)  «Ақпаратты  ұсыну  және  өңдеу»:  мәтіндер:  мәтінді  теру  ережелері; 

маркіленген  және  нөмірленген  тізімдер;  мәтінді  өңдеу;  шрифт  пен  абзацты 

пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру,  белгіленген мәтінді құжатқа 

қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу.  

Презентациялар:  презентация  конструкторы;  программа  мәзірі; 

презентацияның  ашылуы  мен  сақталуы;  мәтінді  және  суреттерді  слайдқа 

орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. 

Графика:  фотосуреттерді  өңдеуге  арналған  программа  (жарықтық, 

контраст, жиектеме). 

3) «


Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін 

іздеу. 


Ақпарат  алмасу:  желідегі  ақпарат  алмасу  жолдары;  жоба  бойынша 


бірлесіп жұмыс істеуге арналған  мессенджерлерді пайдалану. 

4) «Есептей білу».  

Алгоритмдер:  цикл;  циклдік  алгоритмді  іске  асыру  кезінде 

орындаушының командалары жүйесі. 

Программалау:  программалау ойын алаңын  құру барысында  алгоритмді 

жүзеге  асыру;  дайын  сценарий  бойынша  ойын  әзірлеу;  программалау  ойын 

алаңында бірнеше көріністер және  кейіпкерлермен жұмыс істеу.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет