186
білген - түйгенін еліне, өскелең ұрпаққа диқаншы ретінде дән
етіп себе білді.Соның дәлелі бүгінгі сіздерге ұсынылып
отырған «Даналық диқаншысы» өлеңі болмақ.(Автор өмірі мен
шығармашылығы туралы презентация)
-Ендеше, автордың бойындағы осы тұлғалық қасиеттері оны
тағы бір өлеңді дүниеге әкелуіне себепкер болды деуге
болады.Олай болса бүгінгі сабақта сол «Адамдық диқаншысы»
өлеңімен танысамыз.
Алдымен
1минут
көз жүгіртіп іштей өлеңмен оқып,танысып
шығайық.Өздеріңе түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен
түртіп кетіп отырамыз.
Мұғалім сабақта оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейтін
сұрақтар қояды. Балалар:
«Диқаншы,ұстаз,дән,адамдық
диқаншысы»
,
деген сөздердің мән – мағынасын біз білеміз бе?
сауалдарын қойып негізгі тақырыпқа ойысады. Осы орайда
ұстаз
тек сабақ беруші мұғалім ғана емес,барлық бастамашыл
үйретуші жандарды ұстаз деп атайтынын да ескерте кетуге
болады.Сонымен қатар оқушының бұған дейін алған білімін
қайта жаңғырту мақсатымен бұрын танысқан Ахмет
Байтұрсынов туралы мәліметтерін естеріне түсіре кеткен
дұрыс. Мәліметтер тақтаға магнит арқылы жүйелі орнатылады.
Бұл жұмыс түрі негізінде сабақтың негізгі таырыбына
оқушыны бойлату, оның сабаққа деген белсенділігін арттыру
мақсаты көзделеді. Осы тапсырма арқылы 5А\И2 оқу мақсаты
жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: