Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет46/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

... түрлі пәндермен сабақты 
ауырлата  беру  тәртіпсіздікке  және  белгі  бір  жүйеден  айырылып  қалуға  апарып 
соқтыратынын 
ескергені  абзал  [2,  113  б.].
 
Бұл  жерде  сабақ  процесінде  пәнаралық  байланыстың 
салдарынан  туындайтын  қиындақтармен  ауырлату  емес,  әр  пәннің  өз  әліпби  бастамасынан  бала 


30 
 
қабілетіне  сай  нақты  талапты  артық  қойып,  үстеме  тереңдетушіліктің  саладарынан  туындайтын 
қиындықтар  оқушы  тұлғамен  бірге  мұғалімнің  өзі  де  өз  жүйесі  мен  тәртібінен,  ұстанымынан 
айырылып қалатындығын ескеру керек. 
Сөзімізді  заман  талабына  сай  өрбітер  болсақ,  мұғалім  ұстанымы  жөнінде  психологтар 
ұстанымды адамның іс-әрекетке деген бейімділігімен байланыстырады [3, 9 б.]. Олай болса, біз әр 
оқушы  тұлғаның  өзіміз  меңгерткелі  отырған  пәнге  сәйкес  іс-әрекетке  деген  бейімділігіне  назар 
аударуымыз қажет.  
Социологтар өз кезегінде, ұстанымды жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады 
[3,  9  б.].  Бұл  орайда,  оқушы  тұлғаның  оқу  мен  отытуға  деген  көзқарасын  пайымдай  алғанымыз 
абзал.  
Алдымен, көзқарас дегеніміздің өзі қарапайым ой-пікір, ұғым не түсінік екенін ескерсек [1, 
406  б.],  оқушы  тұлғаның  жалпы  оқу  мен  оқытуға  деген  пікірін,  не  ойлайтынын  және  қалай 
ойлайтынын  түсініп  алған  дұрыс.  Егер  оқушы  тұлға оқудан  гөрі  оқытуға  бейім  болса,  өз  бетімен 
оқудан  гөрі  оқытуды  қажетсінсе,  онда  тереңдетуден  гөрі  қарапайымды  меңгеруіне  септесуіміз 
керек.  
Жаңа білім беру мазмұны оқу мен оқытуды бағалауға негізделгенін ескерсек оқу дегеніміздің 
өзі  оқушы  тұлғаның  өз  бетімен  оқи  отырып  білім  біліктілігін  ілгері  алып  кете  алу  қабілетін 
көрсетеді. Бұл өз кезегінде, оқушы тұлғаның оқу қабілетін прогрессивті деп бағалауға жол ашады. 
Ал,  оқудан  гөрі  оқытуды  қажетсінетін  қабілет  регресивті-прогресс  болмақ.  Егер  оқыту  арқылы 
танылған  танымын  одан  әрі  өздігінен  дамыта  алатын  болса.  Олай  бола  алмаған  жағдайда  оқушы 
тұлғаның оқу қабілеті регрессивті-регресс көрсеткішінде қала бермек.  
Мұғалімнің  ұстанымы  оқушының  көзқарасының  қалыптасуына  зор  ықпал  ететінін  ескерсек 
[3,  9  б.],  оқудың  оқытудан  айырмасының  барын  танытуға  тырысуда,  сабақ  үстінде  отырған  өз 
бетімен оқитын оқушы тұлға мен тек оқытуды қажетсінетін оқушы тұлғаның ара айырмасын аша 
түсу  өз  тиімділігін  береді.  Өз  бетімен  оқитын  оқушының  оқуға  деген  көзқарасы  жетіле  түсіп,  өз 
білетінін  жаңа  мағынамен  толықтыру  арқылы  өз  біліктілігін  қорландыратынын  түсінеді.  Бұл  оқу 
қабілетінің  прогрессивті-прогрес  көрінісі  жаңа  танылған  түсінік  өз  кезегінде  біліктіліктің  күші 
екенін  қолдау  үстінде  ұғына  отырып,  жаңаша  нәтижеге,  әрі  өзі  жасайтын  нәтижеге  апаратынын 
сезінеді. Мұның өзі оқуға деген көзқарастың белгілі бір шешім қабылдап, сыныптағы іс-әрекеттерді 
түсіну мен түсіндірудің көзі болып табылатыны [3, 9 б.] сөзсіз. Сондықтан, мұғалімнің ұстанымы 
оқушы тұлғаның оқу мен оқытуға деген көзқарасына сәйкестенуі керек. Сәйкесінше, кәсіби маман 
өз біліктілігімен оқушы тұлғаның нені, қалай білетіндігін назарда ұстай отырып, олардың оқу мен 
оқытуға деген көзқарастарын ескерумен қатар, оқу нәтижесінен күтілетін болжамдардың жиынтығы  
арқылы ілгері ойлау, мұғалімнің оқыту құралы болып табылуы тиіс.  
Заман талабына сай Пажарес (1992) пікіріне жүгінсекте осыны пайымдайтынымыз рас. Оқыту 
стилін  таңдау  кезінде  мұғалімнің  білімділігінен  гөрі,  ұстанымға  негізделген  ой-тоқтамдарының 
ықпалы  күштірек  деп  сендіретінін  [3,  9  б.]  ескерсек,  ғалымның  пайымдауынша,  мұғалімнің 
ұстанымға негізделген ой-тоқтамдары оқушы тұлғаның оқу мен оқытуға деген көзқарасына ықпалы 
барын  түсінеміз.  Ол  ықпал  біздің  ой-тоқтамдарымызға  байланысты.  Сәйкесінше,  мұғалімнің 
ұстанымы  –  оның    ой-тоқтамы.  Біздің  ой-тоқтамымыз  өз  кәсіби  біліктілігімізді  шыңдай  отырып, 
оқушы  тұлғаның  оқу  мен  оқытуға  деген  көзқарасымен  жұмыстану  үстінде  оқу  нәтижесінің  көк 
жиегіне жету мен жеткізу болмақ. Жететін оқушы тұлға. Оқып жетеме, оқыту арқылы жетеме: ол 
оқушы  тұлғаның  көзқарасына,  пиғылы  мен  ниетіне,  қызығушылығына  байланысты.  Оқушы 
тұлғаның оқу мен оқытуға деген көзқарасын ескере отырып, оларды нәтижеге жеткізетін мұғалім. 
Ал,  жету  нәтижесінің  сапасы  оқушы  тұлғаның  көзқарасымен  айқындалатынын  мойындауымыз 
қажет.  Сондықтан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет