Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


«ЖАҢАША ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНА - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС»



Pdf көрінісі
бет54/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

«ЖАҢАША ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНА - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС» 
 
                                                              Диярова Р.Р., 
                                                                      
№9 жалпы білім беретін мектебінің  
                                                                 қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, 
                                   (Орал қаласы) 
Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз болса,  еліміздің ертеңі 
жас ұрпақтың қолында.   
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын елімізбірінші орынға қойып 
отыр.    Білім беру  мен білім  алудағы  атқарылатын  қарқынды  жұмыс  ұстаздарың еншісінде. 
Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға 
түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. 
Сондықтан  баланыі  бойында  жақсы  қасиеттердің  болуына,    олардың жан-жақты дамуына 
ықпал  етіп, рухани   бай  тұлға  қалыптастыра білуіміз керек.  Оқытудағы  жаңа  тәсілдерді пайдалана 
отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді қалыптастырамыз. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай 
маңызды  болса, оқушы үшін  одан  да  маңызды.  Жаңа  технологиялар  оқушылардың  білім  сапасын 
арттыруға,  өздігінен  жұмыс  істеу  мүмкіндігін  молайтуға  көп  көмегін  тигізеді.  Осы  тұрғыда  жаңа 
технологияларды  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  кеңінен  пайдалануға  тырысамыз.  Бүгінгі 
таңдағы оқу үрдісі – жаңа әдіс-тәсілдерді,жаңа идеяларды қажет етеді. 
Мысалы,  8  сыныпта  қазақ  тілі  пәнінен  «Рухани  жаңғыру-тарих  пен  инновацияның 
сабақтастығы»    тақырыбында  өткен    сабағымызда,  алғашқыда  «Көңіл-күйді  анықтау»  тренингі 
жүргізілді,  оқушылар  параққа  өз  көңіл  күйлерін  түрлі  смайлик  суретін  салу  арқылы  білдірді. 
Оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  ояту  мақсатында  рухани  жаңғыру  тақырыбында 
интерактивті  тақтадан  бейнеролик  көрсетілді.  Ролик  бойынша  сұрақтар  қойылды.  Бейнебаяннан 
үзінді көрген оқушы жаңа ақпарат ала отырып, осы ақпаратты толық алу үшін ізденуге талпынады.   
Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану нәтижесінде адам машықтанған 
тұлғаға айналуы  өзіне-өзі  түсінікті.Оқыту  үрдісінде  мұғалім  мен  компьютердің  көмегін 
қолдану білім беру үдерісінің сапасын арттырады.  Осы  аталған  әдістемені  қолдану  сабақ  беру 
үрдісін белсендіре түседі және оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра түседі. 
Біріншіден,  мұғалімнің  жаңа  сабақта компьютерді қолдануы  дайындығы әртүрлі  деңгейдегі 
оқушылардың білімді бірдей деңгейде  меңгеруіне  мүмкіндік береді. Мәтіналды  жұмыста  мұғалім 
компьютердің  көмегіне  жүгінеді:  интерактивті  тақтадан  тақырыпқа  қатысты  жаңа  сөздермен 
таныстырып, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. 
Мәтінмен жұмыс.
 
Сыныпты үш топқа бөледі. Пікірлер парағы әдісінің негізінде ортақ тапсырма орындатады. 1-
топ:  «Мирас»  – мәтіннен инновация туралы пікірлерді тауып жазады. 2-топ:  «Бабалар өсиеті»  – 1 
топтың  пікірін  дәйексөз  ретінде  қолданып  қолданып,  рухани  жаңғыру  туралы  өз  ойын  түйіндеп 
айтады. 3-топ: «Мұрағат» – рухани жаңғыру туралы   ұсыныстарын жазады. 
Бұл  әдіс  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет