Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет50/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


32 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӘНЕ ҰСТАЗДАҚ ШЕБЕРЛІК 
 
Набиева А.К., 
№26 ЖББОМ-тің жоғары санатты 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
Педагогикалық  әдеп  –  мұғалімнің  кәсіптік  белгісі.  Ол  белгі  адамның  үйреншікті  әдетінен, 
сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен 
оның педагогикалық әдебінде жатады. 
Ұстаздық шеберлік дегеніміз не?
 
Біріншіден,
 мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық намысы. 
Екіншіден,
 пәнді жетік білуді, ойымызды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең 
түсініп,  олардың  алдында  жан-жақты  дайындықпен  баруды,  сонымен  қатар,  оқушыларымыздың 
бойына әдеп, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды білуді қамтиды. 
Үшіншіден,
 оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру. Педагог көп біліп 
қана қоймай, сол білгендерін оқушыларға бере білуі, сабақтың қызықты да, түсінікті әрі жеңіл өту 
жағын ойластыруы қажет. 
Ал, педагогтық әдеп ұстаз шеберлігінің 
төртінші
 құрамды бөлігі десе болады. 
Педагогтық  шеберлік  –  тек  қана  мұғалімнің  жалпы  жан-жақты  және  методикалық 
сауаттылығы  ғана  емес,  ол  –  әр  сөзді  оқушыларға  жеткізе  білу,  олардың  толық  қабыл  алуы, 
толғанып бойға сіңіруі. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қаншама жетік 
білгенімен, педагогтық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейді». 
Педагогикалық  әдеп  сақталмайынша  оқушымен  тіл  табысу  мүмкін  емес,  ал  оқушылардың 
тілін  тапайынша,  оқу-тәрбие    процесінде  ілгерілеу  жоқ.  Белгілі  психолог  М.Д.  Летвитов  айтып 
көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында 
киін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдет-қылықтардың пайда болуына себеп болады. 
Педагогтық әдепті оқушылардың жүрегіне жол таба білу деп түсінген жөн.
 
«Әдеп»(
такт) сөзі 
«жұғысу», «адамдар ара-қатынасының түрі» 
мағынасында қолданылады. 
Әдеп  –  адамдардың  өзара  жақсы  қарым-қатынас  жасауына  қажетті  жағдай.  Әдепті  адамдарға 
басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән. 
Балалар мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі 
педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдепті адамдарды олардың кішіпейілдік , тапқырлық, елгезектік, 
өзгенің  пікіріне  құлақ  асушылық,  ұстамдылық,  байсалдылық,  әзілкештік  сияқты  мінез-құлық 
белгілеріне қарап тануға болады.  
Педагогтық әдеп – медецина қызметкерлерінің дәрігерлік эткасы сияқты мұғалімнің кәсіптік 
сапасы. Ол педаготық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогикалық 
шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. 
Педагогикалық әдептің негізгі оқушыларға деген шын ықыласта  және олардың адамдық ар-
ұятына  деген  адалдықта  жатыр.  Педагогтық  әдепке  –  баланы  адам  ретінде  сыйлау  деп  анықтама 
беруге болады. 
Педагогтық    әдеп  көбіне  –  көп  оқушылар  мен  бүкіл  оқу-тәрбие  жұмысының  барысында 
ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. 
Педаготық  әдеп,  кең  мағынасында  алғанда  –  мұғалімнің  әрбір  нақты  іс  үстінде  тәрбие 
мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. 
Әдепті  мұғалім  оқушылардың  жүрегіне  жол  таба  біледі.  Жол  таба  білудің  нәзік  жолдары: 
ерік-жігер,  ұстамдылық,  ілтипаттылық,  дәйектілік,  талап  қоя  білушілік,  зейінділік,  қалжыңдай 
білушілік, орынды мысқыл, ептілік, зіл – оспаққа үйірсектік, көзқарас және дауыс ырғағының мол 
болуы. 
Педагогтық әдеп – творчество, ақыл-ой әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық 
әр  түрлі  әдіс-тәсілдердің  мол  арсеналын  меңгеріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оларды  ақыл 
таразысына салып өлшеп, орнымен пайдалана да біледі. 
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жасына, 
темпираментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет