34
5.
Сыныпта тәртіп орнатуға басқа адамдардан көмек сұраудың қажеті жоқ;
6.
Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігімен айтыс-тартысқа түспеңіз, егер
ондай жағдай бола қалса, оны ұзаққа созбай келісімге келу керек;
7.
Мына бір қағиданы еске сақтаңыз: кінәлағаннан гөрі мақтауға бейім тұрған жақсы.
Оқушы жүрегіне жол табуға орасан зор мәні бар нәрселер:
1.
Көңіл-күй әрқашанда көтеріңкі болсын!;
2.
Адал сөз беру, ант беру (кешірім сұрау);
3.
Баға қою;
4.
Гүлдер мен орындықтар;
5.
Сынып сағаты (жиналысы) сабақ емес қой?;
6.
Ескертудің орынды болғаны жөн;
7.
Сылтаудың да жөні бар.
Педагогтық әдеп, әдепті болуға құлшыныс болған жағдайда ғана, қажырлы еңбек процесінде,
қызмет барысында игеріледі. Педагогтық талант, күнделікті өзіміздің шеберлігімізде жатыр. Кез-
келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз ісінің нағыз шебері атана
алада. Педагогтық әдеп және оқушылармен ортақ тіл табысу жағы жеткіліксіз болса, жеткіншек
ұрпақ тәрбиелеуде нағыз шебер болу мүмкін емес. Ұстаз ең алдымен – оқушылардың айнымас жан
досы, олардың ең жақын көретін адамы, сондай-ақ, жәбірден арашалайтын панасы бола білуі керек.
Өз өмірін адамзаттың ең маңызды ісіне – жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған әр адам педагогтық
шеберліктің ажырамас құрамдас бір бөлігі болып табылатын педагогтық әдепті жете меңгеруі
қажет.
Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің
бірден–бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке
оқушылар жүрегіне педагогикалық жас табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың
сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің
өзі, К.Д. Ушинскиидің айтқанындай,- түптеп келгенде психологиялық әдеп.
Оқушылармен тіл табысудың, оларға әсер етудің әр түрлі құралдары бар:
1.
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу;
2.
Ықпал жасау шамасы;
3.
Шешімге келу;
4.
Көңіл қалдырмау;
5.
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық;
6.
Оралымды жолдар;
7.
Білімді бағалау;
8.
Көңіл күй;
9.
Әзіл. Тапқыр сөз;
10. Педагогикалық тактика.
Құметті әріптестер, ұлағатты ұстаздар, бала жанының дәрігерлері, бұл жоғарыда айтылған
мәселелер тек менің ғана көкейімде жүрген мәселелер емес, барлық қоғамдағы, яғни педагогика
саласында жүрген адамдардың өмірлік іс-тәжірибелері мен ғылыми зеттеулерінен туындап отырған
мәселелер. Біз де пендеміз, біздің де (мұғалімдердің) қателесіп, артық кетіп жататын күндеріміз
баршылық. Алайда бала тәрбиесін өз қолына алған педагогтың әдеп тұғырынан шығып, педагогтық
тактиканы ұстанбауы кешірілмес қателік. Баланы тек сезіммен ғана тәрбиелеу мүмкін емес. Бала
тәрбиесіне келгенде өте жауапкершілікпен қараған жөн деп санаймын. Біздер, ұстаздар қауымы,
аяулы әріптестерім, педагогикалық әдептің шеңберінен шықпайық дегім келеді!
Достарыңызбен бөлісу: