Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет52/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

Әдебиеттер
1.
 
Синица  И.Е.  «Педагогический  такт  и  мастерство  учителя»  -  Мәскеу:  Педагогика 
657, 1983. – 248б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


35 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН   БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗІНДЕ  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ  
ПӘНІНДЕ   ОҚУШЫЛАРДЫҢ   СЫНИ  ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
   
Зулкарнаева Г.Е.,  
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай  
кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
Әр  елдің болашағы білім ордасынан басталары анық. Бүгінгі  таңда өскелең ұрпақтың білімі 
мен  тәрбиесі    педагогика  ғылымы  мен  озат  тәжірибелердің  басты  бағыты    болары  даусыз. 
Сондықтан    ғылымның  әр  саласын  дамыту    жаңа  технологияларды  игерумен  тығыз  байланысты 
екендігіне көзіміз жетті. Жаңа ғасырда өркендеу мен гүлденудің, табысқа жетудің бірден-бір  кілті - 
білімде.  Егемен елімізддің білім беру саласында  заман ағымына қарай едәуір өзгерістер енгізілуде. 
Солардың  бірі-  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы.  Мақсаты-  білім  мазмұнының  жаңаруымен 
қатар,  критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын 
қолданудың  тиімділігін  арттыру.  Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы-  оқушы  тұлғасының 
үйлесімді,  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып,    сыни  тұрғысынан    ойлауды,  зерттеу 
жұмыстарын жүргізуді, тәжірибе жасауды,  АКТ-ны қолдануды, коммуникативті  қарым-қатынасқа 
түсуді,  жеке,  жұппен,  топта  ынтымақпен  жұмыс  жасай  білуді,  функционалды  сауаттылықты, 
шығармашылықты қолдана білуді  тиімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгерту. 
Жаңартылған білім беру мазмұнында  қазақ  тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің  бағдарламасы 
ой-өрісі дамыған,  әдеби  тіл мен әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған 
мәселелерді  шеше білетін және шынайы өмірге бейім,   жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге 
асыруды  пән мұғалімдеріне  міндеттеп отыр. Себебі әр шәкірттің жүрегінен жол тауып, қабілетін 
танитын,  білімді ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін, тағылымын қалыптастырып, 
танымын  кеңейтетін  де  ұстаз.  «Мұғалім  –мәңгі  нұрдың  қызметшісі,  ол  барлық  ой  мен  қимыл 
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұрын құятын жалын иесі»   деген чех педагогі Я.А.Коменскийдің 
сөзі  қай  қоғамда  да  мұғалімнің  рөлі  зор  екенін,    жаңашылдығымен,    ізденімпаздылығымен  заман 
көшін алға бастайтын көшбасшы  болу  керектігін аңғартады. 
Жаңартылған  оқу  бағдарламаларында  оқушылардың  бойында  қалыптастыру  көзделетін 
бірнеше    құндылықтар  мен  дағдылар  анықталған.      Мен      жаңартылған  оқу  бағдарламасындағы   
«шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау»   құндылығын оқушылардың бойына қалыптастыру 
жолында  оқу  мақсаттарына    сай    жаңа  педагогикалық        әдіс-тәсілдерді    сабақ    үрдісінде    жиі 
қолданып жүрмін. 
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында оқушылар өз ойын, пікірін жүйелі жеткізе біледі, 
тереңінен  салыстыра  отырып  ойланады,  өзіндік  идеяларын  ұсынуға  дағдыланады.  Бұл 
технологияны қолдану қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ерекше орын алады. 
6-сыныпта қазақ тілінен  «Ұлттық  құндылықтар – ел қазынасы»  тақырыбын өткен кезде «Мәтіннің 
құрылымдық    ерекшелігіне  назар  аудара  отырып,    жетекші  сұрақтар  арқылы  негізгі  ойды  анықтау» 
мақсатына жету үшін «Ашық-жабық сұрақтар» әдісін қолдандым. Елбасының «Мәңгілік Ел» жолдауынан 
үзіндіні мәтін етіп алып, жетекші сұрақтар қойып,  оқушылардың пікірін,  арманын білуге тырыстым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет