Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет55/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

коммуникативтік  тәсіл 
–  бірінші  кезекте  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша 
сөйлеу  дағдыларын  дамытуға,  қарастырып  отырған  мәтін,  қатысып  отырған  әңгіме  мазмұнын 
түсініп,  туындаған  жағдаятқа  сәйкес  тілді  қолданып  үйренуге  бағытталған.  Яғни,  оқушы  өз  ой-
пікірін  ашық  еркін  айтады,  бір-бірін  тыңдауға  үйренеді  сыныпта  ынтымақтастық  атмосферасы 
қалыптасады. 
5,6-тапсырмалар.    «Екі  түрлі  түсініктеме»      күнделігі  арқылы  орындалады.  Мәтіннің  бір 
бөлігіне тірек сөздер, тарихи деректер жазылса, екінші бөлігіне сол сөздерге сипаттама жазылады. 
Бұл әдістің тиімді жағы,оқушы өзіне түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерімен жақынырақ, тереңірек 
танысады.әр  сөз  бойынша  ізденіп,мағынасымен  танысады.  Мысалы,кестенің  бір  жағына  мәтіндегі 
қыш  кітап,рухани  жаңғыру,алтын  көпір
  т.б.  сөздер  жазылса,екінші  жағына  сәйкестендіріп  сол 
сөздерге түсінік беру керек.Енді  осы тапсырманы бағалау негізінде, «Екі жұлдыз, бір тілек»  әдісін 
қолданамыз.Бұл әдіс бойынша оқушы кестедегі сөздердің екі ұтымды жағын,  бір жетілдіру жағын 
айтып өтеді. 
Мәтін  соңында  тақырып  бойынша  постер  қорғатуға  болады.Оқушылар  сабақта  білген-
түйгенін  қорытындылап,  өз  фантазияларын қосып,  «Рухани  жаңғыру»  бойынша  постер қорғайды. 
Постер арқылы оқушылардың білу, түсіну, түйіндеу, қолдану, талдау дағдылары қалыптасады. 
8-тапсырма  «Интервью»  әдісі  бойынша  жүргізіледі.  Мәтіндегі  Зүбайра  апай  мен  журналист 
арасында  диалог  құрастырады.  Тапсырмада    Зүбайра  апайдың  дәйексөздері  қамтылуы  тиіс.  Бұл 
әдістің мақсаты – алған теориялық білімін меңгертіп, іс-жүзінде қолдана білуге үйрету. 


38 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет