Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


«...Ел  дегенде,  жер  дегенде  –  білегін  сыбанып,  іске  дайын  тұратын,  еліміздің  жарқын



Pdf көрінісі
бет53/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі


«...Ел  дегенде,  жер  дегенде  –  білегін  сыбанып,  іске  дайын  тұратын,  еліміздің  жарқын 
болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің 
іргесі  шайқалмаса, ұлтымыз  өз  әдет-ғұрпын,  таза тілін  сақтаса,  Мәңгілік  ел  боламыз,  бұл  – 
жеңіске  жетуіміздің  негізгі  кепілі...»  Мәтінде  берілген  осы  сөйлемді  өз  арманыңмен 
байланыстыра қалай жалғастырар едің?»
 деген «Еркін микрофон»  әдісімен берілген тапсырмаға  
оқушылар  белсене  қатысып,  өз  елінің  көркеюі  үшін  келешекте  қандай  игілікті  жұмыстар 
атқаратынын ортада айта білді.
 
Ал 5-сыныпта «Екі жақты жазба күнделігі»  әдісін қазақ әдебиеті сабағында  тиімді қолдану 
арқылы  шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне  оқушылардың  көзқарасын,  сынын  еркін білдіре 
алатынына көз  жеткізуге болады.  «Қобланды  батыр»  жырын оқу  барысында    оқушы  шығармадан  
өзіне  ұнаған  үзіндіні  алып,    тақырыбы  мен  идеясын  анықтап,  екінші  бағанға    неге  ұнағанын 
дәлелдей жазды.  Жырдағы Қарлығаның іс-әрекетін алған оқушы «Маған Қарлығаның  махаббаты 
үшін  әкесін  өлімге  қиятын    тұсы    ұнамайды.  Қыздар  ата-анасының    ақ  батасын  алып,    сүйгеніне 
қосылады.  Ғашығы үшін әкесін өлтірту Қарлығаның мейірімсіздігін көрсетеді »  деп өзінің  сыни 
көзқарасын жазған.  «Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау»  оқу мақсаты бойынша 
жүргізілген      «ПОПС    формуласы»    әдісі  арқылы кейіпкер  іс-әрекетіне  баға беру  жұмысында    да 
оқушылар  жыр  кейіпкерлерін  қазіргі  заманғы  адамдардың  мінез-құлқымен  салыстыра  отырып,  
«Қараман  батырдың  Қобландыға  дөрекі  сөз  айтып,  әйеліне      қарсы  айдап  салуы  -  қазіргі  кездегі 
 


36 
 
адамдардың бойынан табылатын жағымсыз  мінез.  Отбасылы адамдардың арасына түсіп, бір-бірін 
айдап салу арқылы бірліктерін бұзып,  ажырастырып жіберуі де мүмкін»  деген дәлелді сөздерінен   
Қараман ісіне  сынай қарағанын  көрсетеді.
 
Ал «Венн диаграммасы»  әдісі арқылы   Кендебайдың  елге жасаған жақсылығы мен қазіргі 
заман  адамдарының  қайырымдылығын  салыстыра  келе,    ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  
талдап,  «Қайырымдылық - асыл қасиет» деп қорытындыға келуінен   оқушылардың  бойына жақсы 
қасиеттердің  қалыптаса  бастағанын байқадым.
 
Сыни ойлауға берілген тапсырмалар  арқылы оқушы  берілген білім мазмұнына деген өзінің 
көзқарасын,  қатынасын  білдіре  алады.    Оқушылардың  тыңдалым,  айтылым,    оқылым,  жазылым  
дағдылары   қалыптастырылады, дамытылады. 
Сабақта полилог–сұхбат әдісін кең қолдана отырып, оқушыларға өздері меңгеруі тиіс ғылым-
білімді іздеу мен сұрыптау жұмыстарын жаппай және тең дәрежеде ұйымдастырып жүргіземін.
 
Қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиеті  пәнінде  суреттер,  фотосуреттер,  естелік  жазбалары  сияқты 
дәлелдерді жинақтау және топтастыру, негізгі дереккөздерді бағалау және соларға сәйкес сұрақтар 
қою;  негізгі  дереккөздерді  жағдаяттық  қорытындылармен  салыстыру  және  толықтыру  әдіс-
тәсілдерін  пайдалану  оқушылардың  сыни  ойлануына  мүмкіндік  жасайды.  Оқушылардың  пәнді 
терең түсіну қабілеті дамиды, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайларда тиімді 
пайдалана білуін қамтамасыз етеді.
 
Жаңартылған  білім  беру    мазмұны  бойынша  сыни  ойлау    дағдыларын    қалыптастыру 
бағытында атқарылған  жұмыстар оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым: 
–  білім  мәдениеттілігі  мен  маңыздылығын  түсініп,  қажетті  іс  –  әрекетті  белсене  және  өз 
бетінше орындауға; 
– жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға; 
– білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруға; 
– құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге; 
– ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін – өздері дамытып, тәрбиелеуге. 
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану 
барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады:
 
- Өз көзқарасын білдіру арқылы  сыни ойлауын дамыту; 
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баланың  еркін жауап беруіне мүмкіндік  беру; 
- Өзіне сенімді болу; 
- Қиялын дамыту «менің ойымша» деген жауапты жүйелі айта білуге  дағдыландыру; 
- Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау;
 
- Оқушыдан жауап алу үшін сұрақты қызықты әрі ойландыратындай етіп қою; 
- Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау. 
-  Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. 
Әр  сабағымда  оқу мақсатына  жету жолында пайдаланатын стратегиялар түрі: 
«Түртіп  алу»,  «Ассосация»,  «Сиқырлы  орындық»,  «5  минуттық  эссе»,  «Болжам  ағашы»,    « 
Галереяға  саяхат»,  «Жылдам    дебат»,  «Венн  диаграммасы»,  «Қос  жазба  күнделік»,  «Автор 
орындығы»,  «Хан  жарлығы»,  «Ой  қозғау»,  «Еркін  микрофон»,  «Кезбе  тілші»,  «Бес  жолды  өлең», 
«Ар-ождан  аллеясы».  Аталған стратегияларды пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады. 
Ең  бастысы  –  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы  артып,  олардың  бір  –  бірімен  пікір 
таластырып  ашық  сөйлеу,  еркін  сөйлеу  дағдылары  қалыптаса  бастайды.  Өздеріне  сенімсіздік 
білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды. 
Бұрын  шығарма,  мазмұндама,  жоба  жұмыстарында  оқушылар  өз  ойын  білдіруге,  әңгіме 
құрауда  көптеген  қиындықтарға  кездесетін.  Қазір  күнде  өтілген  әңгімеден  соң  оқушылар  ой  – 
толғанысын жасап,  өз ойын жазбаша, ауызша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да 
кірістіріп жазады.  
Қорыта  айтқанда,  сабақ  үрдісінде  сыни  ойлау  дағдыларын  дамыту  оқушылардың 
адамгершілік, зияткерлік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына 
игі  әсерін  тигізеді.  Оқушылар  өзін-өзі  дамытып,  қоғамда  алатын  орнын  анықтайды.  Білім  беру 
жүйесіндегі оң өзгерістерге  жаңаша қарап,  қол жеткізген табыстарды  сын көзбен бағалай отырып, 
саралауды,  шығармашылық әлеуетін дамытуды қолға алады. 
Жаңартылған  білім беру  бағдарламасының негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. 
Оқушы  өзінің мектеп қабырғасында алған білімін  өмірінде  қажетке асыра білуі керек. Шәкірттерді  
осындай  деңгейге    көтеру,  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлға  дәрежесіне  жеткізе  білу  -  әр  ұстаздың  
міндеті.  Сондықтан   заман  талабына  сай  болып  жатқан  өзгерістерден  қорықпай,    мақсатқа  сай  
нәтижеге  жете  аламыз деп сенемін. 


37 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет