Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
366
– Уа, мүминдердің анасы! мен сегіз жүз дирха-
мын кейін төлеу шартымен Зәйд ибн Әркамға бір күң
саттым. Кейін оны алты жүз дирхам ақшаға қайтадан
сатып алдым. мұның үкімі қалай болады? – дегенде,
мұндай сауданы ұнатпаған анамыз:
– сен де, Зәйд ибн Әркам да оңған сауда
жасамапсыңдар, – деді де мұндай әрекеттің соңы
жақсылыққа апармайтындығын ескертті.
мұны естіп мұңайып қалған әйел:
– Егер мен өз ақшамды алып, қалғанын Зәйд ибн
Әркамға қайтарып берсем қалай болады? – деп тағы
да шешімін сұрағанда, анамыз бұған рұқсат екенін
білдіріп мына аятты оқыды:
Достарыңызбен бөлісу: