Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет157/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

390

бағынғандықтан,  бүгін  ақиқатқа  бет  бұрып,  ис-



ламды  күшейту  үшін  көбірек  күш  салып,  жүгіруге 

міндеттісіңдер. анығында діндерің үшін үсті-үстіне 

нығмет  жаудырған  алланың  сонша  жақсылығына 

сендер  дүниеге  ашкөздік  таныттыңдар.  Дінге  көмек 

беруден қашып, дүниенің соңына түстіңдер. мынаны 

жақсы біліп алыңдар, бір нәрсені тұрғызудан гөрі быт-

шытын шығарып қиратқан оңай. алайда, ұмытпаңдар, 

қол  жеткіздім  деп  ойлаған  бұл  жақсылықтарың  көп 

ұзамай көзден бұл-бұл ұшады

670


.

сол күні Имран ибн Хусайн және Әбул Әбсад әд-

Дуәли жіберген Осман ибн Хунәйф келіп:

–  шешей,  осы  жерге  дейін  келу  себебіңіз  не, 

расулалланың айтқан тапсырмасы ма, әлде өзіңіз бе? 

– деп сұрағанда «Османның шейіт етілгенін естіген 

соң  өз  ойыммен  осы  жерге  келдім»  деп,  артынан 

былай деген:

–  Османды  шейіт  ету  арқылы  сендер  үш  тый-

ымды  белден  басып,  үш  харамды  бірден  істедіңдер. 

Бұл  аймақтың  киелі  екендігіне  мән  бермедіңдер, 

халифалық  дәреженің  беделін  аяққа  таптадыңдар. 

Оның үстіне мұны харам айларында жасадыңдар! Әрі 

Осман  қалауларыңды  орындаса  да  оны  тығырыққа 

тіреп  ақыры  шейіт  еттіңдер!  сендер  міне  осындай 

зұлымдық  жасадыңдар.  Біз  Осман  үшін  сендерге 

ашуландық. сендер Османға қылыш көтергенде, сен-

дерге біз ашуланбауымыз керек пе?

671

Әйелдігіне  қарамастан  көтеріңкі  дауыспен 



екпіндете  сөйлеп,  жағдайды  реттеуге  тырыса-

670


  Әбу нуғайм, Имта 511, Ибн Тайфур, Бәләғатун ниса 5, Бути, айша 81 

671


  Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\232, Жәхиз, Баян 2\332


Айша - ғылымның қайнар бұлағы

391


тын.  мәселен,  Жәмәл  күні  келісімге  келуде  айша 

анамыздың осындай әдіске жүгінген. нағыз шешендік 

ретінде бағаланған сол сөзде ол: 

–  менің сендерде аналық қақым болғаны секілді, 

насихат айтуға да қақым бар, – деп бастап, алланың 

өзі арқылы берген нығметтерден пайғамбарымыздың 

құзырындағы жағдайына, әкесінің ерекше қасиеттері 

мен халифалық міндетті мойнына алған күндерде тап 

болған қиындықтарға қарамастан ақиқатты ұлықтау 

мақсатында  жасаған  әрекеттеріне  дейін  бірқатар 

мәселелерді қозғап, өзінің де бітімге келу бағытында 

әрекет жасайтынын айтқан. Борыштарлығын сездіріп 

оларға былай деп дауыстады:

–  Білесіңдер,  мені  тек  раббысына  қарсы 

шыққандар  айыптайды.  расулалла  (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  менің  кеудеме  басын  қойып  көз 

жұмды. Бұған қоса, мен жұмақтағы әйелдерінің бірі 

боламын. раббым мені соған сақтап дайындады және 

әртүрлі  қасиетсіздіктен  сақтады.  сондай-ақ,  мен 

арқылы араларыңа енбекке ұмтылған мұнафықтарды 

шын мүминдерден ажыратты. менің себебіммен алла 

сендерге таза топырақпен тәйәммүм жасау жеңілдігін 

берді. Әкемнің үшіншісі алла болған екі кісінің бірі 

екенін де білесіңдер! Бұған қоса, ол төртінші болып 

ислам дінін қабылдаған. «сыддық» атағын алғаш рет 

сол алған. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

бақиға аттанарда әкеме разы болып кеткен. Өйткені 

әкем  халифалықтың  қуатын  арттырды  және  оған 

күш  берді.  алайда,  кейіннен  діндегі  бірлікке  сызат 

түсті,  ал  ол  болса  екі  тарапты  бір  жерге  біріктіріп, 




Барша мұсылманның ардақты анасы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет