хазірет Айша
392
нығайтты. расында сол күні екіжүзділік орын алып,
діннен шығу оқиғалары да кездесті.
Тыңдағандарға терең әсер қалдырған осы
құтбадан кейін Басра халқы екіге бөлініп,
басым бөлігі айшаға қарсы келуден бас тартты.
Тіпті осыншалықты нақты әрі шешен сөзбен
айтылған
құтба
естімегендеріне
таңданып,
ендігәрі өздерін басқарған Осман ибн Хунейфқа
бағынбайтындықтарын білдірді
672
.
Тарих
арабтар «әйәмун нас» деп атайтын өткен
күндерге қатысты ғылымға да айша анамыз жүйрік
болған. Әкесі Әбу Бәкір (р.а.) әйәмун нас және
арабтардың ескі күндеріне қанықтығы жағынан сана-
улы әрі белді, беделді кісі болған. «арабтардың шығу
тегі және басынан кешкен оқиғаларын айшадан
артық білетін адамды көрмедім»
673
деген жиені хазірет
Уруаның осыған қатысты айтқан сөздерінің арасын-
да кездесетін «Өлең және «әйәмун насқа» қатысты
біліміне таң қалмаймын. Өйткені, ол адамдардың ең
білгірі немесе ең білімділерінің бірі болған құрайыш
ғалымы Әбу Бәкірдің қызы»
674
деген сөздері осыны
растайды.
Тарих мәселесі сөз болғанда айша анамыздың
жағдайын
пайғамбарлықтан
бұрын
және
672
Қараңыз: Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 30\390, мұттақи, Кәнзул
уммал 12\224, 225 (35638), нәдәуи, сирәтус сәйидәту айша 178, 179
673
Хаким, мүстадрак 4\12 (6733), Әбу нуайм, Хиллиятул әулия 2\49-
50, Ибни Жәузи, сыфатус сафуа 2\32
674
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\67 (24425), Хаким, мүстадрак 4\218
(7426), Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 9\242
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
393
пайғамбарлықтан кейін деп екі түрлі кезеңде
қарастыру керек.
Пайғамбарлықтан бұрынғы күндерге қатысты
анамыздан бірқатар риуаяттар жеткен. Жахилия
кезеңіндегі бірқатар оқиғадан бастап хазірет Ибра-
химге дейінгі мерзімдегі ең дұрыс мәліметті сол
жеткізді. анамыздың:
– арабтардың тегі мағад ибн аднаннан та-
райды
675
, – деген сөзінен-ақ осы мәселеге терең
қарағанын аңғарамыз. Өйткені, мағад ибн аднан
хазірет Ибраһимнің немересінің немересі және
арабтардың түп атасы деп танылады. сонымен қатар,
мағад жиырма буын жоғары пайғамбарымыздың да
аталарының бірі болып келеді.
айша анамыз жахилия кезеңінде үйленуден
адамдар
арасындағы
байланысқа,
туыстық
қатынастардан қауымның көзқарастарына және
салт-дәстүрден әлеуметтік өмірге дейінгі түрлі
айырмашылықтарды жіліктеп бізге жеткізген жалғыз
жан деуге болады. Үйлену түрлері
676
, ажырасу
677
,
тойларда ұйымдастырылған ойын және көңіл көтеру
мәдениеті
678
, қай кезде ораза тұтып, қай кезде тұтпау
679
немесе қажылыққа барғанда құрайыштардың
қалай әрекет жасағаны
680
және біреу өлгенде оған
675
Табарани, әл-мұғжамул әбсад 8\154 (8249), Хәйсәми, мәжмәуз
зәуәид 1\458 (935), Ибн Хажар, фәтхул бари 6\529, Тахмаз, әс-
сәйидәту айша 202
676
Бұхари, никах 37 (4834), Әбу Дәуіт, Талақ 33 (2272)
677
Тирмизи, Талақ 16 (1192)
678
Хаким, мүстадрак2\201 (2753), Табарани, әл-мұғжамус сағир 1\214 (343)
679
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\243 (26110)
680
Бұхари, Тафсирул Құран 2 (37) (4248), мүслим, Хажж 151 (1219),
Әбу Дәуіт, мәнасик 58 (1910), Тирмизи, Хажж 53 (884), нәсәи,
мәнәсикул Хажж 202 (3012)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
394
қалай қарағаны
681
, жылдар бойы үзілмеген Буас
соғыстарына қатысты хабарлар
682
және ғибадат
ретінде жасаған пұтқа табынушылыққа қатысты
мәселелердің барлығы дерлік
683
айша анамыз арқылы
кейінгі ұрпаққа жеткен.
Біз пайғамбарлықтан кейінгі маңызды оқиғалар
тізбегін, уаһидің қай кезде және қалай басталғаны,
Құранның түсуі, тәртібі және сақталуы, алғашқы
намаз, үкімдері, дұшпан және қауіп төнгенде
оқылатын қауіп намазы, хижрет, мұнафықтардың
қайда және қандай жоспармен алла расулын және
отбасын қаралауға тырысқаны, пайғамбарымыздың
отбасылық өміріне қатысты жағдайлар, құлшылығы,
түнде оқыған намаздары, көркем мінезі, соғыстары,
жала жабу оқиғасына қатысты мәліметтер, Уәда
қажылығы туралы деректер, пайғамбарымыздың
соңғы күндері және ауырған кезі, қайтыс болуы және
одан кейін болған жағдайлар сияқты тақырыптардың
көбіне қатысты деректерді айша анамыз жеткізген.
Тарихқа қатысты анамыздан бізге жеткендер
әрине бұлармен шектелмейді. Хазірет Әбу Бәкірден
(р.а.) бастап халифалар кезеңіндегі басты оқиғалар,
халифа сайлау, хазірет фатима анамыз және
пайғамбарымыздың басқа әйелдерінің мұрагерлікті
талап етуі, хазірет Әлидің жеке жағдайы, қол беру,
діннен шығу оқиғалары, Жәмәл және сыффин сияқты
ащы естеліктерді де бізге ардақты анамыз жеткізген.
681
Бұхари, мәнәқиб 26 (3625)
682
Бұхари, фадаилус сахаба 31, 56 (3566, 3633)
683
Бұхари, Хажж 79 (1561)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
395
Бұлардың барлығы оның бұрынғы кезеңнің де,
өзі өмір сүрген кезеңнің де оқиғаларына әбден қанық
екенін және айша анамыз туралы жиені хазірет
Уруаның өте дұрыс айтқанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |