Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет166/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Қасым ибн Мұхаммед

Әкесі шейіт етілгендіктен Қасым ибн мұхаммед 

әпкесінің  жанында  өсіп,  анамыздың  қасында  өмір 

сүрді. Барлық білімін соның қасында жүріп жинаған. 

Кішкентайынан  қасына  алып  тәрбиелеген  айша 

анамыз бала кезінде Қасымның шашын да өзі алатын, 

киіндіріп, мейрамдарға да өзі дайындайтын.

анамыздың оған қалдырған ең маңызды мұрасы 

әрине  ғылым  болатын.  Әсіресе,  хадис  ғылымында 

замандастарының  арасында  ерекшеленген  хазірет 

Қасымның  Уруа,  амрамен  бірге  айша  анамыздың 

хадис ғылымын меңгерген үш адамның бірі болғаны 

туралы да айтылады

715



713



  Кәһф 18\39, Әбу нуғайм, Хиллиятул әулия 2\180

714


  Ибн сағд, Табақат 5\181

715


  Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб8\300


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

412

Өзі  өте  қарапайым  болатын.  Өзін  басқалардан 



жоғары  санамайтын.  шөлден  келген  біреу  оған  бір 

күні:


–  сен  білгірсің  бе,  әлде  сәлим  бе?  –  деп 

сұрағанда, сәлімді әсіре мақтағысы да келмей, өзінің 

білім  жағынан  одан  артық  тұратынын  айтқысы  да 

келмей бар болғаны:

–  Бұл сәлимнің деңгейі, – деп, табандап тұрып 

алған әлгі кісі кеткенше үнсіз отырған

716



Хазірет  Уруа  секілді  ол  да  қанағатшыл  өмір 



сүрді. Дүниеге қызығушылық танытпады. Омар ибн 

Убәйдулла  бір  күні  оған  мың  динар  жіберді.  Бірақ 

ешбірін  қабылдамай,  кері  қайтарды.  Жүз  динарын 

өзіңе қалдырсаңшы дегендерге селт етпеді. 

Бір  күні  баласы  абдуррахман  әкесі  туралы 

жұрттың айтқанын естіп, оларға былай деді: 

–  ант етейін, сендер өзіне берілген сыйдан өмірі 

ештеңе алып көрмеген адамды жамандап тұрсындар

717

.

Осы  қасиетін  халифа  Омар  ибн  абдулазиз  де 



бағалап,  өмір  бойы  оған  құрметпен  қараған.  Өзінен 

кейінгі  халифалыққа  соны  ұсынғысы  келіп,  мұны 

ашық та білдірген

718


Омар  ибн  абдулазиздың  бұл  тілегін  хадис 

ғылымының  үлкен  имамы  Зәхәби  қолдағанмен,  бұл 

іске Қасым ибн мұхаммедтің лайықтығы айтылған

719



Тағдыр мәселесінде түрлі жорамал жасаушылар-



ды көргенде:

716


  Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 8\300

717


  Ибн сағд, Табақат 5\189

718


  Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\97

719


  Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\97


Айша - ғылымның қайнар бұлағы

413


–  алла  ашық  білдірмеген  мәселе  ғой,  сендер 

де  абайлаңдар,  –  деп  ескерту  жасаған

720

  Қасым  ибн 



мұхаммед  сахабалардан  бастап,  өзіне  дейінгілердің 

пікір  қайшылықтарын  кейінгілер  үшін  үлкен 

рақымдылық деп жорыған

721


.

Жетпіс  жасқа  келгенде  жанарынан  айрылған 

Қасым  ибн  мұхаммед  қайтыс  боларында  баласын 

қасына шақырып:

–  Көйлегім,  бешпентім  әрі  шапаным  ретінде, 

намаз оқып келген осы киімімді кебін етіңдер, – деп 

өсиет айтқан. Баласының:

–  Әкешім,  сен  үшін  екі  қабат  кебін  жасасақ 

болмай  ма?  –  деген  сұрағына  өзі  үлгі  еткен  хазірет 

Әбу Бәкір (р.а.) секілді жауап берген:

–  Балам! Әбу Бәкір де үш пар киіммен дүниеден 

өтті. ұмытпа, киім бізден гөрі тірілерге керек!

722



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет