Амра бинти Абдуррахман
амра бинти абдуррахман – Бәни нәжжардан
шыққан, ансарлардан атақты Әсәд ибн Зүрараның
бауыры саб ибн Зүрараның немересі. Ол
пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
анасы жағынан туыс болып келетін.
Әкесі абдуррахман қайтыс болған соң бауыр-
ларымен бірге хазірет амраны да қамқорлығына
алған айша анамыз тағы бір отбасын ғылыммен су-
сындатты. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дәуірінен жинақтағанын осы бауырларға беруді өзіне
міндет деп білген.
720
Ибн сағд, Табақат 5\188
721
Ибн сағд, Табақат 5\188
722
Ибн сағд, Табақат 3\204
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
414
Басқа бауырлары секілді хазірет амра да
анамыздың еңбегін ақтап, дәуірінің ең білгірі ретінде
тарихқа енді. «амра – айша анамыздың хадис
ғылымын білетін ең мықты адамдардың бірі»
723
деген
Ибн мәдини ол туралы тағы да:
– амра бинти абдуррахман айша анамыздың
біліміне қол жеткіземін деп кемелдікке қол жеткізді,
– дейді. Ибн Хиббан: – Ол айша анамыздың хадис
ғылымы мәселесінде адамдардың ең білгірі, – деп
мойындайды
724
. суфиян сәуридің «айша анамыздың
хадис ғылымын білетін ең білгір жан» деп бағалаған
амра бинти абдуррахманды өз замандастары да
жақсы көретін. Өйткені, айша анамыздың оны жақсы
көретінін көрген еді. анамызға көңіл бөлгендер
оған да көңіл аударып, сыйлықтарымен осы
сүйіспеншіліктерін көрсетуге тырысатын. алайда,
анамыздан көргеніндей өзіне келген сыйлықтарды ол
да кедей-кепшіктерге таратып, сыйлық бергендердің
қолын бос қайтармайтын
725
.
айша анамыздан кейін ижтихад қателерін
түзету ісі өзіне міндеттелгендей еді. Қате деп тапқан
үкімдерді түзетіп, істің дұрысын көрсетуге тырыса-
тын
726
.
Бір күні ірі имам Зухримен кездескен Қасым ибн
мұхаммед:
723
Ибн Хажар, Тәһзибут тәһзиб 12\466
724
Ибн Хиббан, сиқат 5\288 (4881)
725
Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\382 (1118)
726
мәлик, муатта худуд 11 (1531)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
415
– Ғылым үйренуге сенің құштар екеніңді көріп
тұрмын. саған нағыз ғалымды көрсетейін бе? – деп
сұраған. Ол:
– Иә, – дегенде:
– сен тіке амра бинти абдуррахманға бар. себебі
ол айша анамыздың жанында өсті, – дейді.
Қасым ибн мұхаммедтің осы ақылымен амра
бинти абдуррахманға барып, одан ілім үйренген
Имам Зухри кейіннен:
– Оның терең мұхит екенін көрдім!
727
– деген.
шынында да хазірет амраның күйеуі де хадис
пен фиқһтан бастап ғылымның соңына түскен, айша
анамыздың ізін басқан санаулы тұлғалардың бірі
болатын. Ол дәуірде, әрине, ғылым ізденушілер көп
болатын, дегенмен ол қатардағы ізденушіні жолда
қалдырғаны анық. Өйткені, көзін ашқаннан айша
анамызды көрді. рафи ибн Хадиж, Убәйд ибн рифаға,
мәруан ибн Хакам, Хабиба бинти сәһл, Хамнә бинти
Жахш, Үммү Хишам бинти Хариса және Үммү сәләмә
анамыз сияқты танымал өзге кісілерден де хадис
риуаят еткен.
Одан да іліп сұрап барушылар көп болып, бұл
мектептен өте көп шәкірт түлеп ұшты. Білімінен
сусындағандардың арасында Хариса ибн Әбир
рижал, рузайк ибн Хаким, сағд ибн саид, сүлеймен
ибн ясар, абдуллаһ ибн Әбу Бәкір ибн мұхаммед ибн
амр, абдираббиһ ибн саид, Уруа ибн Зүбәйр, амр
ибн Динар, мәлик ибн Әбир рижал, мұхаммед ибни
Әби Бәкір ибн мұхаммед ибн амр, мұхаммед ибн
727
Зәһәби, Тезкиратул хуффаз 1\112, алам 4\508, 5\347
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
416
абдиррахман, мұхаммед ибни мүслим ибн шихаб
әз-Зүхри, яхия ибн саид, яхия ибн абдиллах, Әбу
Бәкір ибн мұхаммед, раита әл-музәнниә және фатима
бинти мүнзир бар болатын.
Һижреттің 98-жылы өмірден озды
728
. Қазасы
сол кездегі ғылыми орта үшін орны толмас қайғы
әкелген. Кейінгілер содан қалған ілімді жинақтауға
күш салған. Көзі тірісінде айрықша құрмет көрсеткен
және көкейдегі сұрақтарын жиі сұрап отыратын
әмәуилердің атақты халифасы Омар ибн абдулазиз
де қатты жоқтағандардың бірі. ауыр қайғымен: –
арамызда айша анамыздың хадис ілімін білетін өзге
ешкім қалмады, – деп, оның мұрасын жинақтауға
тапсырма берген
729
.
Достарыңызбен бөлісу: |