Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет170/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

422

мен  бірге  соғысқа  қатысқан  8  бен  13  жастағы  бала-



лар да болған. Олар ерте жетіліп, майданда соғысуға 

батылдық таныта алатындай деңгейде еді. 

Бұлардың  барлығы  сол  кездің  салты  бойын-

ша  ерте  жаста  үйлендірудің  қалыпты  дағды  болып 

саналғанын  көрсетеді.  сондықтан  да  алла  расулы 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өз  қыздары  Зейнеп, 

руқая және Үммү гүлсімді де бізше ерте деуге бола-

тын  жаста  үйлендірген

742

.  ал,  хазірет  фатима  болса 



һижреттен бір жылдан кейін, яғни он төрт жасында 

хазірет Әлимен атастырылып, һижреттің екінші жылы 

сапар айында он бес жасында некелері қиылған

743


Жоғарыда  айтылғандарға  сүйене  отырып,  айша 

анамыз тоғыз жасында үйленген десек те, бұл жерде 

таңғалатын еш нәрсе жоқ. Болмаса дін дұшпандары 

бұл тақырыпты сол кездері-ақ бәле іздеу үшін қозғар 

еді.  Бұны  Әбу  Жәхіл  де,  Әбу  ләхәб,  Уқба  ибн  Әби 

муайт  сияқты  қатігездер  мен  дін  дұшпандары  да, 

абдулла  ибн  Үбей  ибн  сәлул  және  абдулла  ибн 

сәбә  секілді  мұнафықтар  да  еш  сөз  етпеген.  Олар 

742


  Пайғамбарымыз отыз жасында дүниеге келген Зейнеп анамыз бен 

отыз жасында дүниеге келген руқа анамыз және одан кейін дүниеге 

келген Үммү гүлсім анамыздың қазіргі шарттарға қарағанда өте 

ерте деуге болатындай жаста үйленгені байқалады. Өйткені, әсіресе 

руқая және Үммү гүлсім анамыздың «Тәббәт» сүресі түскеннен 

кейін Әбу ләхәб пен әйелі Үммү Жәмил бастаған меккеліктердің 

қысымымен  үйлену  келісімі  бұзылады.  Бұл  пайғамбарлықтың 

бесінші жылын көрсетеді. Бұл кезде руқая анамыз 15, ал Үммү 

гүлсім  болса  12  жастарда  болған.  Бір  айырмашылығы,  Үммү 

гүлсім анамыздың үйленуі тек сөз жүзіндегі келісім еді және ол әлі 

отбасылық өмір басталмай тұрып аяқталған. Қараңыз: Ибн Хажар, 

Исаба 8\288-289, 7\648, Ибн абдилбәр, Истиғаб 4\507-508, Ибнул 

Әсир, Усудул ғаба 6\399

743


  Ибнул Әсир, Усудул ғаба 6\223-224


Айша анамыздың некелескендегі жасы

423


о  бастан  кемшілік  іздеп  әуреленген,  егер  бұл  мін 

болғанда, онда жерден жеті қоян тапқандай қуанып, 

баршаға әшкере етер еді. Жала жабу оқиғасы сияқты 

болмаған  жерден  жала  шығарғандардың  мұндай 

мүмкіндікті қалт жібермеуі мүмкін емес. Осының өзі 

айша  анамыздың  ерте  тұрмыс  құруында  ешқандай 

оғаштық жоқтығына дәлел. 

Бір қызығы, бұл тақырып осы күнге дейін ислам 

әлемінде көп қозғалмаған, оның өзіндік себертері де 

болған


744

.

Балиғатқа әлі толмаған балаларды үйлендірмеуді 



Құранның  өзі  ескерткендіктен

745


  сол  Құранның  ең 

үлкен  тәпсіршісі  пайғамбарымыздың  осы  ескертуді 

елемей қоюы мүмкін емес

746


. Әсіресе, бұл үйленудің 

(айшамен  -  ауд.)  алланың  әмірі  арқылы  жүргенін 

ескеретін болсақ, мәселе тіптен түсінікті болады. Егер 

пайғамбарымыз  бұрыс  қадам  жасаған  болса,  алла 

тағала оған міндетті түрде ескертер еді. Туралықтан 

таймау жолында ең кішкентай кемшіліктің өзіне иләһи 

ескерту түсіп отырғанын ескерсек, мұндай маңызды 

мәселенің айтылмай кетуі мүмкін емес. 

744

 аталмыш  оқиғаның  қазірге  дейін  осы  өлшемде  күн  тәртібіне 



келмеуінің басты себептері болуы мүмкін. Оларды былай қорытуға 

болады: 1. Оқиғаны айтылған түрінде қабылдап, оны көп зерттемеу. 

2. Әр қоғамды өз салт-дәстүрі шеңберінде қарау. Әркім өз дәуірінің 

адамы. Бүгін оғаш болып көрінген нәрсенің кеше әспеттелгені де 

шындық, 3. мұндай әрекеттер ол кездерде кең тараған. Қыз бала-

лар да, ер балалар да қазіргі көзқараспен өте ерте деуге болатын 

жаста үйлендірілген. Бұл ол кезде қалыпты дағды болып саналған. 

4. географиялық, физиологиялық шарттар бойынша балалардағы 

жетілу кезеңі ерте басталған. 

745


  ниса, 4\6

746


  айша анамызбен некесі алла расулына түсінде аян етілген. Қараңыз: 

Бұхари, фадаилус сахаба 73 (3682)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

424

ал  шындығында  жағдай  қалай  еді?  Бар 



риуаяттардың ешбірін жоққа шығармай, оған өзге де 

дәлелдерді  қосып  қарастырғанда,  қандай  нәтижені 

көреміз? анығырақ айтқанда, айша анамыз қай кезде 

дүниеге келген және пайғамбарымызбен (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) қанша жасында үйленген? Жасты 

анықтау  мәселесінде  жоғарыдағы  мәліметтер  ғана 

ма, әлде басқа риуаяттар да бар ма? Бір-біріне қайшы 

көрінетін  бұл  мәліметтерді  салыстырып,  ортақ 

көзқарасқа келуге бола ма?

Біріншіден,  айша  пайғамбарлықтың  алғашқы 

жылдарында  және  әпкесі  Әсмамен  бірге  мұсыл-

мандықты қабылдаған. мәселенің назар аударарлық 

тұсы,  ол  хазірет  Осман,  Зүбәйр  ибн  аууам,  абдур-

рахман  ибн  ауф,  сағд  ибн  Әби  Уаққас,  Талха  ибни 

Убайдуллаһ,  Әбу  Убайда  ибн  Жаррах  және  Әрқам 

ибн  Әбил  Әрқам  сияқты  «сабиқун  әл-әууәлун» 

деп  аталған  ең  алғашқылардан  кейін  абдулла  ибн 

масғуд, Жағфар ибн Әбу Тәліп, абдулла ибн Жахш, 

Әбу  Хузайфа,  сухайб  ибн  синан,  аммар  ибн  ясир 

және Хаббаб ибн Әрат секілді сахабалардан да бұрын 

Ислам  дінін  қабылдаған

747


.  Демек,  ол  кезде  айша 

анамыз  кішкентай  да  болса  ес  білетін.  Осы  себепті 

шамамен 5, 6 немесе 7 жастарда болуы керек. атал-

мыш  деректерде  осы  мәселе  туралы  қозғалғанда, 

мұсылмандықты кішкене жаста қабылдағаны осыны 

растайды


748

.

Тағы  бір  маңызды  жайт  әпкесі  Әсмаға 



қатысты.  сіңілісі  айшамен  бірге  мұсылмандықты 

747


  Ибн Хишам, сира 1\271

748


  Ибн Хишам, сира 1\271


Айша анамыздың некелескендегі жасы

425


қабылдаған  кезде  жасы  15-те  еді

749


.  Өйткені,  Әсма 

595  жылы  дүниеге  келген

750

.  Бұдан  (595+15=610) 



пайғамбарлықтың  алғашқы  (610  ж.)  жылы 

мұсылмандықты қабылдағанын анықтаймыз. Демек, 

айша  610  жылы  кішкентай  жаста  мұсылмандықты 

қабылдаған. 

Егер  9  жасында  үйленген  десек,  онда  дүниеге 

келмеген  болады.  Өйткені,  бұл  есеп  бойын-

ша  пайғамбарлықтың  төртінші  жылы  туылуы 

тиіс. 


Жоғарыдағы 

мәліметтер 

мұсылман 

болғанын,  ол  кезде  төрт  жыл  толғанын  көрсетеді. 

Ендеше,  пайғамбарымызбен  19  жаста  үйленген 

(пайғамбарлыққа  дейінгі  5  жыл  +13  жылдық  мекке 

өмірі +7 айлық һижреттен кейінгі мәдина өмір

751


=18,7). 

айша  меккенің  алғашқы  жылдары  аяттар-

ды  түсіне  алатын.  Керек  десеңіз,  оларды  жаттап, 

айтып  бере  алатын.  Осыны  айғақтайтын  Юсуф  ибн 

махак  әңгімелеген  мынадай  бір  оқиға  бар.  Бірде 

Ирактық біреу айшаға жолығып, біраз сұрақ қояды. 

Тіпті  сүрелердің  ретін  анықтау  үшін  жеке  мусха-

бын  сұрайды.  айшаның  әлгі  кісіге  айтқан  жауабы 

айрықша назар аударарлық. ардақты анамыз:

–  Ең алғаш, ішінде жұмақ пен тозақ туралы ай-

тылатын түсінікті бір сүре уаһи етілді. Жұрт Ислам 

дінін  түсініп  имандары  орныққан  кезде  ғана  халал, 

харам  үкімдері  келе  бастады.  Егер  алғашқы  түскен 

749


  нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\597, Хаким, мүстадрак 3\635

750


  нәуәуи, Тәхзибул Әсма, 2\597, Хаким, мүстадрак 3\635

751


 айша  анамыздың  хижреттен  жеті  айдан  кейінгі  шәууәл  емес, 

Бәдірден  кейінге  тең  келетін  екінші  жылдың  шәууәл  айында 

тұрмысқа шыққаны да айтылады. Бұл жағдайда оның үйлену жасы 

бір жылға тағы кешіктірілген деген сөз. Қараңыз: нәуәуи, Тәхзибул 

Әсма, 2\616



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

426

үкімдерде «Ішімдік ішпеңдер!» делінсе, арабтар «Біз 



ішімдікті  тастамаймыз»  деп  қарсылық  танытар  еді. 

сол  секілді  алғашқы  келген  аяттарда  «Зинақорлық 

жасамаңдар!»  деген  үкім  болса,  онда  кейбіреулер 

«Зинақорлықтан біз бас тарта алмаймыз» деп, бұны 

да қабылдамас еді. мен меккеде ойын ойнап жүрген 

қыз кезімде хазірет мұхаммедке 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет