Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет172/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

428

Бұл сөздің қай жастағы қыз балаға қолданылғанын 



айша  анамыздың  мына  оқиғасы  да  көрсетеді. 

мысалы:


Бір  жолы  анамыз  Үммү  Талхатәт  Талахатқа 

барады. Ол жерде балиғат жасындағы қыздардың ора-

малсыз намаз оқығанын көріп, дереу:

–  Бұлардан жас қыздар (жария) орамалсыз намаз 

оқымасын! – дейді.

сосын оларға мынаны айтады:

–  Бір  жолы  расулалла  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)  келгенде  қасымда  бір  жас  қыздың  (жария) 

намаз оқығанын көріп, маған бір пердені ұсынып:

–  мынаны екіге бөл де, онымен Үммү сәләмәнің 

бөлмесінің арасына тұт, – деді. Ол қыз бала да (жария) 

балиғат жасына енді толған қыз еді деп ойлаймын

758

.

Балаларға жеті жасқа келгенде намаз үйретіп, он 



жасқа келгенде одан да қаталырақ талап етуді айтқан 

алла  расулының  сөзі

759

  және  ауа  райының  ыстығы 



адамды ерте жетілдіретінін ескеретін болсақ, жария 

сөзінің жас мөлшері ең кемі жеті жас және оның он жас 

болуы  да  ықтимал.  негізінде  қай  аяттың  қай  жерде 

түскенін біліп, оны басқаларға түсіндіре алатын жас 

та осы кездер. Олай болса, анамыз пайғамбарлықтың 

төртінші  жылы  емес,  пайғамбарлықтан  кем  дегенде 

бірнеше жыл бұрын дүниеге келген дегенді білдіреді. 

«Қамар»  сүресі  түскен  уақыт  614  жыл  десек  және 

жария  сөзінің  жас  мөлшерінің  ең  азы  жеті  десек, 

анамыздың  пайғамбарлықтан  кем  дегенде  үш  жыл 

бұрын  туылғаны  анықталады.  Бұл  607  жылға  сай 

758


  ахмад ибн Ханбал, мүснад, 6\96 (24690)

759


  Әбу Дәуіт, салат 26 (495)


Айша анамыздың некелескендегі жасы

429


келеді. нәтижеде пайғамбарымызбен үйленген кезде 

кем дегенде он жеті жаста болса керек.

сүренің  түскен  мерзімі  деп  618  жылды  алсақ, 

ол  ең  кеш  дегенде  611  жылы  дүниеге  келген  болуы 

керек.  алайда,  барлық  осы  есептерде  жария  сөзінің 

жас  мөлшерлемесі  7-11  жас  арасы  болуы  мүмкін 

және  әр  риуаятта  бұл  санға  бірнеше  жылды  тағы 

қосуға  болады.  аталмыш  ықтималды  жағдайлар 

бойынша  ешқандай  сан  қоспастан  және  ешқандай 

негізге  сүйенбей  жеті  жасты  есептейтін  болсақ,  ол 

пайғамбарымызбен  он  үш  жасында  үйленген  деген 

сөзге саяды. Қалай есептесек те айша алла елшісіне 

пайғамбарлық келгеннен 4 жылдан соң дүниеге келді 

деп айта аламыз.

3.  мекке  жылдары  жайлы  естеліктері  де  айша 

анамыздың алла елшісіне бой жетіп айттырылғанын 

көрсетеді. мысалы:

а)  Бір естелігінде «мен пілге мініскен екі кісінің 

соқыр  кейіпте  меккеде  қол  жайып,  қайыр  тілеп 

жүрген көрдім»

760

 дейді. 


Бұл екі кісі піл оқиғасына қатысқан кісілер еді.

Пайғамбарлықтан  қырық  жыл  бұрын  болған 

бұл оқиғаға қатысқан бұл кісілер ол күні ең кем де-

генде алпыс немесе одан да көп жаста болуы керек. 

Ендеше, бұл екі кісі исламның алғашқы жылдарын-

да өмірден озса керек. Піл оқиғасы меккеліктер үшін 

елеулі оқиға. Бұл екі кісіні сахабалар байқамағанына 

760


 Ибн  Хишам,  сира  1\76,  Хәйсәми,  мәжмәуз  Зәуәид  3\285,  Ибн 

Кәсир, Тәфсирул Құран 4\553, әл-Бидая уән нихая 2\214, Құртуби, 

әл-Жами 20\195



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

430

қарағанда,  олар  пайғамбарлықтың  алғашқы  жылда-



рында дүниеден өткен. 

айша  анамыздың  бұл  жәйтты  әпкесінен  естуі 

мүмкін  емес.  себебі  өзінің  «көрдім»  дегені  сөзі  бұл 

ықтималдықты жояды. 

аталмыш  оқиғаға  қатысты  айшаның  «жасы 

кіші  болғанына  қарамастан»

761

  деген  сөзді  айтуы  да 



айрықша назар аударады. Демек, айша бұл екі кісіні 

5-6  жасында  көргеніне  қарағанда,  пайғамбарлықтан 

5-6 жыл бұрын дүниеге келген. 

ә)  мекке  жайлы  естеліктері  тек  бұнымен 

бітпейтінін  айша  тағы  бір  сөзінде:  мен  ес  білгелі 

ата-анам діндар болатын. мұсылмандар көп теперіш 

көргенде, әкем Хабашстанға да һижрет жасаған еді,

762


 

– дейді.


Хазірет  Әбу  Бәкір  алғашқы  мұсылмандардың 

санатында.  яғни,  хазірет  айша  мұсылман 

шаңырағында  туып-өскен.  Бұған  қарап  анамыздың 

Исламнан кейін дүниеге келгенін айтқандар болса да 

бұл  сөздер  айшаның  Ислам  келгенде  ес  білген  қыз 

екенін аңғартуда. анығырақ айтқанда, бұл «туылған 

кезінде  әкесі  мұсылман  болатын»  деген  мағынадан 

гөрі «оң-солын тани бастағанда әкесі мұсылман еді» 

деген  мағынаға  жақынырақ.  себебі  алла  елшісінің 

үйлеріне келіп жүретінін, әкесінің һижрет жасағанын 

айтқанына  қарағанда,  ол  кезде  айналасына  болып 

жатқан  оқиғаларды  бағамдай  алатын  жаста  болған. 

761

  Куртуби, әл-Жами 20\195 



762

  Бұхари, салат 70, Кафалә 5, мәнақибул ансар 45, Әдәб 64, ахмад 

ибн Ханбал, мүснад 6\198





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет