Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
448
бір-біріне жаман көзбен қарамасын, зұлымдық жаса-
масын. Кешеден бүгінге дейін Әли мен менің арамда
бір әйел мен қайнысы арасындағы мәселеден басқа
мәселе болмағаны күмәнсіз. Біраз қиындық шексем
де мен оған жақсылық тілеймін!
Бұл сөздер анамыздың ұлылығын білдіреді.
Пайғамбарымыздың Әлиді қаншалықты жақсы
көретінін білетін айша мәселені шиеленістіргісі
келетіндердің аузын осылай жапқан
815
.
ал Әли өзі де ере жүріп сол күні анамыз-
ды мәдинаға қарай шығарып салып, балаларына
анамызға жолда серік болуды тапсырды
816
.
Олар барлық жағымен ұлы адамдар еді. Өткен
оқиғаға қарамастан бір-бірінің құқығын қорғап,
бір-біріне шаң қондырмайтын. Бір күні анамыздың
жанына бір кісі келіп, хазірет Әли мен аммардың
үстінен шағым айта бастады. Хазірет айша болса,
әлгі кісінің жамандауына жол бермей, қайта хазірет
Әли мен аммардың бірқатар ізгі қасиеттерін айтып
берді
817
. Өйткені, алла елшісінің хазірет аммар
туралы айтқандарын және оның хазірет Әлидің
сапында соғысқанын да білетін. Өзін азғын бір
қауымның мерт ететінін білетін хазірет аммар
Әлидің әскері арасында шейіт болды. ал қарсы тарап-
та Зус судайя секілді кісілер де қаза тапты. анамыз
оқиғалардың хазірет Әлиді ақтағанын да білді және
815
Тақырыпқа қатысты «адамның бауыры арқылы сыналуы: Жәмәл»
деген тақырыпты және № 496 сілтемеге қарауға болады.
816
Табари, Тарих, 3\61
817
Зәркәши, әл-Ижәбә 863-864
Хазірет Әли және Айша анамыз
449
шеккен қиындықтарын көріп хазірет Әли туралы
жақсы сөздер айтып, ол жоқ кезде дұға ететін.
Ол хазірет Османнан кейін хазірет Әлиді де
ұнатпаған Харижилерге қарсы шығып, халифаны
тілдегендерді естігенде «оларға пайғамбарымыздың
жолдастары үшін кешірім тілеу бұйырылды, бірақ
бәрібір адам аузы бармайтын сөздерін боратуда»
деген
818
.
Хазірет Әлидің де шейіт етілгеніне қатты
қайғырған анамыз өзіне келген абдулла ибн
шәддадтан халифаның соңғы күндері туралы сұрап,
Ислам жолында жасаған істерін тыңдағаннан кейін
хазірет Әлиге дұға етіп, оны шейіт еткендердің
шектен шыққанын ашық түрде айтқан
819
. Тіпті, олар
жиналған Харура деген жерді жамандықтың ошағы
деп атап, әлдекімнен жағымсыз қылық байқаса, «Әлде
сен де харуралысың ба?» дейтін
820
.
Хазірет Әли де айша анамызға шаң жуытпай-
тын. Жәмәл оқиғасында бетпе-бет келгеннің өзінде
айналасындағыларға айша анамызбен сыналғаны
үшін қайғыратынын айтқан
821
. Ибн сәбә және
адамдарының ойынымен екі әскер қарсы келген-
де жүрегі аузына тығылып, бүлікшілердің қолынан
анамызды құтқарған да хазірет Әли болған.
Күймесін көздеп оқ жаудырғандарды көргенде,
818
мүслим, Тәфсир 15 (3022), Исхақ ибн рахуия, мүснад 2\321 (847)
819
ахмад ибн Ханбал, мүснад 1\86, 87 (656), Хаким, мүстадрак 2\165
(2657), Бәйхақи, сүнән 8\180, Әбу яғлә, мүснад 1\367 (474), мак-
диси, әл-Әхадисул мұхтара 2\223 (605)
820
Бұхари, Хайз 20 (315), мүслим, Хайз 67 (335), Әбу Дәуіт, Тахара 105
(262), 120 (312), Тирмизи, Тахара 97 (130), нәсәи, Хайз 17 (382)
821
фәтхул Бари 13\55, Табари, Тарих 3\61, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\246
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
450
басын қатерге тіге отырып дереу жүгіріп, анамыз-
ды сенімді жерге апарып орналастырған
822
. сол күні
өз әскерінде болған анамыздың бауыры мұхаммед
ибн Әби Бәкірді шақырып алып, оған көп ескерту
жасаған хазірет Әли анамыздың қасына әскерлер
мен Басраның беделді қырық әйелін қосып беріп
мәдинаға жіберген. Өз әскерлеріне де ескерту жасап,
айша анамызбен кеткендердің ешқайсысына зиян
тигізбеуді тапсырады
823
. сондай-ақ, «Бүгін алла
бәрін жұмаққа кіргізетініне үміт етемін» деп, сол күні
шейіт болғандардың намазын да өзі оқытқан
824
.
Бұл ерекшелік тек хазірет Әли мен анамызға тән
нәрсе емес, бұған дейін де айтылғандай, сол күні
хазірет Әлидің әскері де осындай ойда болған
825
.
Бұдан шығатын қорытынды, хазірет Әли мен
айша анамыздың арасында ешқандай реніштің
болмаған. сондықтан Жәмәл секілді қайғылы
оқиғалардың астарындағы себептер арасынан мұндай
дәлелді көрсету мүмкін емес.
822
Табари, Тарих 3\29, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\238
823
Бәйхақи, сүнән, 8\181
824
Табари, Тарих 4\534, Ибн Халдун, Тарих 2\606. Тахмаз, әс-сәйидәту
айша 137, 138
825
нәдәуи, сиратус сәйидә айша 180
451
Достарыңызбен бөлісу: |