Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет178/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

444

Керісінше  сол  күні  айша  анамыздың  күнәсіз 



екенін  айтқан  хазірет  Әлидің  нақты  сөздері  бар. 

Осы  мәселені  сахабаларымен  кеңескен  кезде 

пайғамбарымыздың үйіне келген хазірет Омар, Осман 

және Әли анамызды ақтап, бұның анық жала екенін 

айтқан. Хазірет Әли:

–  Уа,  расулалла!  мен  айшаның  күнәдан  таза 

екенін  мына  оқиғадан  білемін.  сен  бірде  аяғыңда 

мәсімен  немесе  аяқ  киіміңмен  бізге  намаз  оқытқан 

едің.  аяқ  астынан  мәсі  немесе  аяқ  киімнің  бірін 

шештің.  сол  күні  бәріміз  таңқалдық.  сосын  мұның 

сүннет немесе сүннет еместігін сұрадық. Бізге «Жоқ» 

деп жауап бердің, артынан «маған Жәбірейіл келді, 

аяқ киіміме намазға кедергі болатын нәжіс жұққанын 

білдірді» дедің. Уа, расулалла! алла осындай кішігірім 

нәжістің  өзінен  сені  қорғағанда,  жұбайыңды  да 

жамандыққа аяқ бастырмасы анық

803

міне,  шынайы  хазірет  Әлидің  мінезі  осы  бола-



тын.  Өзіне  дейін  анамыздың  күнәсіз  екенін  айтқан 

хазірет  Омар  мен  Осман  сияқты  ол  да  ақтады.  Бұл 

жағдай алла елшісін қуанттты әрі бұл Құранның өзі 

қолдаған әрекетпен пара-пар еді. 

803

 сол  күні  хазірет  Омар  «Уа,  расулалла!  айша  пәк,  таза,  оған 



анық жала жабылып отыр. мұнафықтардың өтірік айтқаны және 

айшаның таза екенін мен сенің денеңе жақындай алмайтын шыбын-

нан білемін. себебі алла сені шыбынның өзінен қорғаса, отбасың 

мәселесінде сені міндетті түрде қорғайды!» десе, хазірет Осман 

«айшаның пәк, таза екенін мен сенің жерге түспейтін көлеңкеңнен 

түсінемін, алла сенің көлеңкеңнің өзін адамдардың басуына жол 

бермесе, отбасың мәселесінде сені ренжітетіндей нәрсеге жол береді 

дейсің бе?» дейді. Қараңыз: Халәби, сира 2\624, 625, Бурсәуи, рухул 

Баян 6\89



Хазірет Әли және Айша анамыз

445


Кері  жағдайда  хазірет  Әли  де  анамыз  туралы 

жабылған  жалаға  сенген  дегенді  қабылдауымыз 

керек  болады,  бірақ  тарихи  оқиғалар  мұны  теріске 

шығарады. Өйткені, алла расулы (саллаллаһу аләйһи 

уә  сәлләм)  анамыздың  күнәдан  таза  екенін  жария 

еткен аяттар келгеннен кейін жала жапқан Хассан ибн 

сабит, мистах ибн Үсәса және Хамнә бинти Жахшты 

жазалаған.  Егер  хазірет  Әлидің  аталмыш  сөзін  осы 

жалаға  сенген  деп  жору  мүмкін  болғанда,  оның  да 

осындай  жазаға  тартылуы  керек  еді.  Өйткені,  алла 

расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кім болмасын 

жазаны керек ететін бір әрекет жасағанда жазаға тар-

татынын ашық түрде айтады

804


. Егер Әли жала жапса, 

онда пайғамбарымыз оны да жазалауы керек еді

805



Бұған  қоса,  анамыздың  мінезі  кекшіл  емес  еді. 



Қоғамды  жауыздық  пен  өшпенділіктен  тазартқан 

пайғамбарға ең жақын адам бола тұра оның бұндай 

жауластыққа  баруы  мүмкін  емес.  Оның  үстіне 

Пайғамбарымыздың  өшпенділікке  бармағанын  да 

бізге  жеткізген  хазірет  айша  болатын

806


.  Жағымсыз 

қылыққа  сондай  жағымсыз  қылықпен  жауап 

қайтармауға  шақыратын

807


  діннің  пайғамбары  және 

бұл  діннің  уағыздаушысының  ең  жақын  шәкірті 

804

 ұрлық  жасаған  әйелді  кешіру  туралы  өзіне  жүгінгендерге 



пайғамбарымыздың  «Қызым  фатимаға  болса  да  сол  жазаны 

қолданар едім» дегені осының ең айқын дәлелі. Қараңыз: Бұхари, 

Әнбия  52  (3288),  фадаилус  сахаба  18  (3526),  мағази  50  (4053), 

мүслим, Худуд 8, 9, 11 (1688, 1689)

805

  Бути, айша Уммул муминин 60



806

 Бұхари,  мәнәқиб  20  (3367),  Әдәб  80  (5775),  Худуд  10  (6404), 

мүслим, фәдаил 77, 79 (2327, 2328), Әбу Дәуіт, Әдәб 5 (4785), ах-

мад ибн Ханбал, мүснад 6\31 (24080)

807

  фурқан, 25\72






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет