Айша - ғылымның қайнар бұлағы
405
көпшілігі туыс сипатында болатын. Бәлкім, бұл
оның жеке таңдауы болған шығар және осы бағытта
қабілеті бар деп тапқандарын қасына алып, оларды
болашақтың мұғалімдері етуге бағыттайтын. Тіпті,
тек осы ниетпен туыстарының баласын қамқорлығына
алып, бар қажеттіліктерін қамтамасыз етуді өз мой-
нына алатын. мысалы, абдуррахман ибн Қасымды
қасындағы екі жетім баламен бірге қамқорлығына
алып, зекеттерін де өзі беретіндей дәрежеде барлық
мәселелерімен айналысқан
700
. негізінде, бұл оның
бастапқы жылдардан бергі мінезі болатын, қасына
алып бір ансар қызын тәрбиелеп, кейін өзі тұрмысқа
берген
701
. Бауыры мұхаммед ибн Әбу Бәкірдің
қыздарын да қасына алып тәрбиелеп, оларды да өзі
тұрмысқа берген
702
. Бәлкім, бұлардың бәрінде ол
сол ғасыр мен болашақ заман арасында мықты көпір
орнатуды көздеп, исламның беделін ертеңгі күнге
жеткізетін айрықша тұлғалардың жетілуіне жағдай
дайындаған шығар.
анамыздың білім мектебі хазірет Омар және
баласы абдуллаһ ибн Омар, Әбу Хұрайра, Әбу мұса
әл-Әшғари, абдуллаһ ибн аббас және абдуллаһ ибн
Зүбәйрден бастап амр ибн ас, Зәйд ибн Халид әл-
Жухәни, рабиа ибн амр әл-Жүрәши, саиб ибн язид,
Харис ибн абдуллаһ сияқты маңызды сахабалардың
жиналатын орны болатын.
700
мәлик, Зекет, 6 (589)
701
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\269 (26356), Ибн Хиббан, сахих
13\185 (5875), Хәйсәми, мәуаридуз заман 1\494 (2016), Табарани,
әл-муғжамул әбсад 5\352 (5527)
702
мәлик, Зәкет 5 (586)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
406
Табиғиндер де осы білім бұлағынан сусын-
дауда бір-бірімен жарысқандай, одан білім алған
табииндердің саны 150 шамасында болғандығы ай-
тылады. Олардың арасында Уруа ибн Зүбәйр, Қасым
ибн мұхаммед, абдуллаһ ибн язид, алқама ибн Қайс,
мүжахид, Икрима, шағби, Зирр ибн Хубәйш, мәсруқ
ибн Әжда, Убәйд ибн Умәйр, саид ибн мүсәййәб,
Әсуәд ибн язид, Таус ибн Қайсан, мұхаммед ибн
сирин, абдуррахман ибн Харис ибн Хишам, ата ибн
Әби рабах, сүлейман ибн ясар, Әли ибн Хусейн, яхия
ибн амр және ибн Әбу муләйкә сияқты тұлғалар
болды, олар тек өздері өмір сүрген кезеңді емес, соны-
мен қатар өздерінен кейінгі кезеңдерді білімдерімен
нұрландырған маңызды тұлғалар болып табылады.
анамыздың шәкірттерінің арасында Әбу амр,
Зәкуан, нафи, Әбу Юнус, ибн фәррух, Әбу мудиллә,
Әбу лубабә мәруан, Әбу яхия және Әбу Юсуф сияқты
кезінде құл болып, кейіннен азаттық алған және тер-
минде «мәуәли» деп аталған адамдар да болған
703
.
Оның білім мектебі тек ер кісілерге ғана ашық
тұрмады. Білім алған әйелдердің арасында Үммү
гүлсім бинти Әбу Бәкір, амра бинти абдиррахман,
амра бинти айша бинти Талха, Әсма бинти абдир-
рахман бинти Әби Бәкир, муаз әл-адауия, айша
бинти Талха, Жәсрә бинти Дәжажә, Хафса бинти
абдуррахман ибн Әби Бәкір, сафия бинти шәйба,
Бәрира, саиба, мәржанә және Хасан Басридің анасы
Хайра сияқты ұзын саны елу шақты кісілер болды.
703
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\32 (24845), 258, Тирмизи, Дағуат 129
(3598), Ибн сағд, Табақат 5\296, Ибн Хажар, Тәһзибут Тәһзиб12\462
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
407
Оған шәкірт болу ерекше мәртебе болатын.
анамызға жақындарға басқалар қызғанышпен
қарайтын. Әсіресе, хазірет Уруа баршаның дерлік
назарын аударатын
704
. Бауыры мұхаммедтің балала-
ры абдулла мен Қасым, бауыры абдуррахманның
немересі абдулла ибн атиқ, әпкесі Әсма анамыздың
балалары абдулла ибн Зүбәйр және Қасым ибн Зүбәйр
және оның немерелері аббад ибн Хабиб пен аббад
ибн Хамза да оның жанында болып, басқалар оларға
қызыға қарайтын. Ирактың имамы ретінде танылған
Ибрахим ән-нәхаидың кішкентай кезінен бастап осы
мектепке еркін кіріп-шығуы замандастарының ара-
сында сөз болып, ондай туыстығы жоқтар өкініш
білдірген
705
.
Кездесулерін пердесіз өткізген бұл адамдардың
арасында әсіресе әпкесі Әсма анамыздың екі баласы
Уруа ибн Зүбәйр және абдулла ибн Зүбәйрдің орны
айрықша. Оның тәрбиелеп жетілдірген адамдарының
сапасын көрсетуі тұрғысынан бұл жерде хазірет Уруа
және Қасым ибн мұхаммед пен әйелдер арасынан
амра бинти абдуррахман және муаза әл-адауия
туралы қысқаша айтып өтуді жөн санадық.
Достарыңызбен бөлісу: |