Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
384
жеткізді
659
және тойларында ансар әйелдерінің
айтқан өлеңдерін де кейінгілермен бөліскен сол
660
.
Әрине, анамыздың өлең мәселесінде айтқаны
бір бұнымен шектелмейді. Ол өзінің өлең сөзге
деген байлығын реті келгенде өзгелермен
бөліскен, құндылықтарды дәріптегенде өлеңнің
артықшылықтарын да тиімді пайдалана білген әйел
еді
661
.
Бәлкім, содан ба:
– Балаларыңды өлеңмен азықтандырыңдар, тілі
тәтті болсын, – деген. яғни балаға өлең үйрету арқылы
кішкентайынан шешендікке баулуды меңзеген
662
.
Бір күні Әбу Хұрайраның «Ішке өлең толғанша,
құсық толғаны артық»
663
деген хадис риуаят еткенін
естіп ашуланады. Дереу:
– алла Әбу Хұрайраны кешірсін, хадисті толық
жаттамапты. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Іштеріңе мені мазақ еткен өлең ұялағаннан гөрі ол
қарынға құсық пен қан толғаны артық»
664
деген бола-
тын, – дейді.
659
мүслим, фадаилус сахаба 156 (2489, 2490)
660
Бәйхақи, сүнән 7\289 (14466), Табарани, әл-мұғжамус сағир 1\214
(343), әл-мұғжамул әбсад 3\360 (3401)
661
айша анамыздың оқыған өлеңдері туралы кеңірек мәлімет үшін
қараңыз: Бәйхақи, сүнән 7\289 (14466), Табари, Тарих 3\7, 47, 10\3,
Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\244, Табарани, әл-мұғжәмус сағир 1\214
(343), әл-муғжамул әбсад 3\360 (3401)
662
Ибн абдираббих, әл-Иқдул фәрид
663
Бұхари, Әдәб, мүслим, шиир, Әбу Дәуіт, Әдәб, Тирмизи, Әдәб, ибн
Хиббан, сахих
664
Хәйсәми, мәжмәуз Зәуәид, Тахауи, шәрху мәғанил Әсар, Әбу яғлә,
мүснад, ибн Әсәкир, Тариху Димашқ. Бұл сөзді өлеңге құмар риуа-
ятшы Кәлби шығарған деп те айтылады.
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
385
ақиқаты сол, барлық мәселе секілді өлеңнің де
жақсы-жаман жағы бар. мәселе оны игілікті етіп
іске жарата білуде. Тілмен өзгелерді шағудың жөнсіз
екенін анамыз «адамдардың ең күнәлісі – арасын
бөліп қарамастан бір қауым елді тұтас өлеңімен мазақ
еткен жан»
665
деп білдірген. Бұл алла расулының
да айтқанымен үндес. себебі абдулла ибн Омар
пайғамбарымыздың «Өлең – сөздің асылы. Өлеңнің
жақсысы сөздің жақсысы, өлеңнің жаманы сөздің
жаманы
666
» дегенін риуаят еткен.
Тілдің мәдениетті тасымалдаушы екенін жақсы
білгендіктен, тіл қадірін білмейтіндерге қарсылық
танытатын. Бір күні жағдайын білу үшін бауырлары
мұхаммедтің баласы Қасым мен абдуррахманның
немересі абдулла ибни Әби атиқ келеді. Әңгіме
кезінде әсіресе Қасымның сөйлегені айша анамызға
ұнамайды. Өйткені, анасы Қасымға аяғы ауыр кезде
азаттық алып еді. сондықтан баланың жетілуінде
кемшілік кеткен болатын. сөйлегенін естіп, шыдамы
таусылғанда Қасымға:
– саған не болған? Жолдасың секілді дұрыстап
сөйлемейсің бе? Бұл саған қайдан жұққанын да
білмейді емеспін. Екеуіңді де аналарың өсіріп,
тәрбиеледі ғой, – деді.
Әрине, бұған Қасым шамданып қалды. мұны
айтып тұрған туыс әпкесі әрі мүминдердің анасы
болса да күрсініп жақтырмағанын білдірді. Осы кезде
665
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад1\302 (874), Ибн Хиббан, сахих 13\102
(5785), Исхақ ибн рахууәйх, мүснад 3\607 (1178)
666
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 299 (865), Дарақұтни, сүнән 4\156,
шафиғи, мүснад 1\366, сәмәни, Әдәбул имла уәл истимла 1\71
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
386
дастархан жайылып, тамақ дайын болды. Бірақ Қасым
ренішпен тамаққа қарамай жүрмекке ыңғайланды.
айша анамыз неліктен кетпек болғанын сұрағанда:
– намаз оқу үшін, – деген жауабын естіді. сонда
анамыз:
– Орныңа отыр! мен расулалланың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
«Ас әзір тұрғанда және дәрет
қысқанда намаз оқуға болмайды»
дегенін естігенмін
667
,
– деді.
Әкесі әрі алғашқы халифа Әбу Бәкір (р.а.) қайтыс
болғанда, қатты қайғырды. Оның үстіне әкесін
әлдекімдердің жамандағанын естіп, одан сайын
ренжіді. Әлгілер бұл жағдайға қуанып, бүлікті маз-
дата түсті. Бір тұстан қателік кеткені анық. ал оның
алдын алмаған жағдайда мұндай қателіктер ертең
тіптен ұлғаюы мүмкін. сондықтан ең құрығанда
істің турасын көрсетіп, елге алдын ала ескерту керек.
Осы оймен қасына сөзін тыңдайтын бір топ кісіні
шақырды. мақсаты қайтыс болған халифа хазірет
Әбу Бәкірдің жеке дара қасиеттерін, биік тұғырын
еске салып, елеусіз қалмауын қадағалау еді. Басты
адамдардың келгенін естіген соң бөлмесіндегі пердені
түсіріп, биіктеу төсеніштің үстіне шығып, раббысы-
на мадақ айтты. Іле «Әкешім! сен қандай ұлы әке
едің!» деп сағынышқа толы сөздерін арнады. сосын
жиналғандарға қарап:
– Уаллаһи, жаман ниетпен ешкім оған қол
тигізе алмайды. Өйткені, ол парасатты, өресі биік
жан болатын! Жаман атқа таңғысы келгендер
667
мүслим, мәсажид 67 (560)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
387
діттегеніне жете алмайды. сендер оған ор қазып
әуре болсаңдар да, ол өзі ісін орындады және мұндай
ауыртпалықтардан әлдеқашан құтылды. сендер әлі
бір орыннан қозғала алмай жатқанда, ол жүйрік аттай
әлдеқашан межеге жетіп үлгерді. Қайткен күнде де ол
құрайыштың жігіті болатын, жылағанды жұбатып,
кедейлерге көмектесіп, азғындағандарды тізгіндейтін.
Жұмыстарын жөнге келтірдіктен, құрайыштар оған
бауыр басып қанған еді. сөйтіп жүргенде аллаға
иман келтірді, исламға шын ықыласымен берілді.
мүшріктер жөргегінде тұншықтырмақ болған ислам-
ды тірілтуге жанын салып, ауласын мешітке айнал-
дырды. Оған алланың рақымы мен берекесі жаусын,
үнемі көңіліне мұң тұнып, көзінде жас тұратын.
Құдайдан қатты қорқатыны соншалық, өңі боп-боз
болып жүретін. сондықтан меккелік әйелдер мен
балалар оның сыртқы кейпіне қарап келеке-мазақ
ететін. анығында,
Достарыңызбен бөлісу: |