Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет151/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Тіл, әдебиет, шешендік

Хазірет  айша  тілге  шешен  болған.  сөзіне 

жұртты  ұйыта  білген.  Әр  нәрсені  дәл  бейнелеп, 

аса  сыпайы  сөйлейтін.  мәселен,  алғашқы  уаһидің 

келуін баяндағанда 

«Оның көрген барлық түсі рау-

620


  Зәркәши, әл-Ижәбә 34

621


  Бұхари, мәғази 8 (3760), Жәнәиз 87 (1304), мүслим, Жәнәиз 26 (932) 


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

374

андап атқан таңдай өте анық болатын»

622


 деп, көп 

қиындықтардан  кейін  жеткен  сүйінші  хабарды  су-

реттегенде  «сөйтіп  уаһидің  таяп  қалғандығының 

белгілері  байқалып,  уаһи  түсе  бастады.  Уахидың 

ауырлығынан  қара  терге  түсіп,  қыс  мезгілінің 

суықтығына  қарамастан  маңдайынан  маржан-

дай  тер  моншақтады»  деп  уаһидің  түсу  барысын-

да  алла  расулының  шеккен  қиындығын  шебер 

тілмен  суреттейді.  Бұған  қоса,  өзі  мұнафықтардың 

жаласына  ұшырып,  әртүрлі  өсек-аяңдарды  естіп 

қиналғандығын:  «сол  күні  көзімің  жасы  суалғанша 

жыладым. Тіпті кірпіктерім айқасып, ұйқыға бас қоя 

алмадым»

623


 деген секілді басынан өткен жағдайларды 

баяндағанда  жарасымды  теңеу  сөздерге  жүгінгенін 

көреміз. 

Әкесі Әбу Бәкірден шежіре мен тарих, шешендік 

және  көркем  өнер  сынды  әдебиет  саласындағы 

ғылымдарды  үйренді

624

.  Ол  кезде  хазірет  Әбу  Бәкір 



(р.а.) айтулы шешендердің өзі санасатын ділмар еді

625


Тіпті, шежіре мен өлең мәселесі қозғалған жерде елді 

аузына қаратып отыратын Хассан ибн сабит секілді 

үлкен ақын сахабаға алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 

уә  сәлләм):  «Әбу  Бәкірге  бар,  өйткені  ол  әртүрлі 

қауымдардың  шежіресін  сенен  жақсы  біледі»,  –  деп 

оған  бағыт  сілтеген.  Әбу  Бәкірден  шежіре  ілімімен 

622


  Бұхари, Бәдул Уахи 1 (3), Тәфсирул Құран (96) 1 (4672), Табир 1 

(6982), мүслим, Иман 252 (160) 

623

  Бұхари, шәхадат 15 (2661), мәғази 34 (4141)



624

  ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\67 (24425), Хаким, мүстадрак 4\12 (6733)

625

 Қараңыз: мүслим, фадаилус сахаба 157 (2490), Бәйхақи, сүнән 



1\238, Хаким, мүстадрак 4\12 (6733, 6737), Табарани, әл-муғжәмул 

кәбир 4\38 (3582)




Айша - ғылымның қайнар бұлағы

375


көркем  сөзді  терең  меңгерген  әртүрлі  басқосуларда 

Ислам  дұшпандарының  үнін  өшіретіндей  сөздер 

айтқан.  Оның  осыншалықты  терең  мазмұны  бар 

өлеңдер айтқанына куә болған құрайыштар іркіліп:

«Бұл  өлеңдер  тек  Ибн  Әбу  Кухафа  айтатын 

өлеңдермен  мәндес  екен  немесе  бұлар  дәл  Ибн  Әбу 

Кухафаның өлеңдері

626


, – деп таңданыстарын жасыра 

алмай Әбу Бәкірдің осы салада өте шебер екендігін 

білдірген.

Бүгінге дейін оны зерттегендер айша анамыздың 

тіл  тұрғысынан  өз  дәуірінде  өте  таза  сөйлеген  жан 

екенін  дәлелдеген

627

.  Өз  дәуірінде  осы  қырымен 



де  ерекшеленген.  Пайғамбарлар  мырзасы  секілді 

болашаққа  да  сөзі  жететін  жаннан  парасатты  тәлім 

алуы,  Әбу  Бәкірдей  сөзге  жүйрік  әкенің  қолында 

өсуі шешендікте таптырмас мүмкіндік болатын. Осы 

мүмкіндіктерді  ұтымды  пайдалана  білген  анамыз 

шешендік  жағынан  да  басқа  әйелдердің  арасын-

да  дараланып  тұрды.  сол  кезде  болсын,  болашақ 

кезеңдерде  болсын  оның  басқа  аналарымыздан 

ерекше қырлары қарастырылғанда «Әйелдерінің ара-

сында тіл жағынан ең шешені айша болатын» деген 

сөздер осының айғағы

628


Бұл  жайында  табиғин  әрі  анамыздың  шәкірті 

мұса ибн Талха:

626


  Ибн абдулбәрр, Истиғаб1\342

627


  Зәркәши, әл-Ижәбә 57, Бути, айша Үммүл муминин 79

628


  Зәркәши, әл-Ижәбә 35, 36




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет