Айша - ғылымның қайнар бұлағы
373
жеткізеді. мұны естігенде айша анамыз таңырқайды.
Өйткені,
«Сен қабірдегілерге хабарлаушы емессің»
(фатыр 35\22) және
«Сен кереңге даусыңды естірте
алмайсың, соқырды да тура жолға сала алмайсың!»
(нәмл, 27\80; рум, 30\52) деген аяттарға бұл хадистің
қайшы келетінін ойлады. Өзі Бәдірге қатыспады. аб-
дулла ибн Омар да ол майданға қатыспағаны белгілі.
сондықтан, ол да бұл хадисті басқа біреуден естіген
болуы керек. ал, анамыз бұл хадисті:
«Қазір олар менің айтқандарымның қаншалықты
дұрыс екенін өте жақсы біліп жатыр»,
– деп естіген
еді
620
.
Иә, алла қаласа, барлық іс жүзеге асады. Тіпті
қабірдегілерге де естірте алатыны анық. Өйткені са-
хабалар:
– Уа, расулалла, денелері саси бастаған бұл
өліктерге сөйлеп тұрсың, олар естиді ма? – деп
сұрағанда:
– Олар менің айтқандарымды сендерден де
жақсы естиді
621
, – деген жауап естіген. Бұл сірә айша
анамыздың кейін келетін ұрпақ бұл хадисті қате
ұқпасын деп жасаған сақтық шарасы болар.
Достарыңызбен бөлісу: