Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет36/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

94

түсіріп, біраздан кейін көтеріп қайта дұға етті. сөйтіп, 



біраз отырды да үйіне қайтты. анамыз абдырап, өзін 

байқап қоймауы үшін жүгіре басып үйге тезірек жет-

кенше  асықты.  арттағы  кісі  жүрісін  шапшаңдатқан 

сайын бұл да тездетіп жүріп келеді. 

ақыры, ертерек үйге жетті де, ештеңе білмегенсіп, 

дереу төсегіне жата қалды. Бірақ, жүрегі тарсылдап, 

ентігіп тұр.

Бір  кезде  алла  елшісі  де  келді.  Таңырқаған 

кейіппен:

–  саған не болды? – деп сұрады.

–  Еш нәрсе болған жоқ, – деп, қанша жасыруға 

тырысса да, қарсы алдында айтқызбай білетін алла 

елшісі тұр еді. Жары:

–  сен  айтасың  ба,  әлде  мұны  маған  латиф  һәм 

Хабир болған раббым білдіргенін қалайсың ба? – деді. 

айша  анамыздың  тіптен  есі  шықты.  Өкінген 

кейіпте:

–  Уа, алланың елшісі, жолыңа жаным құрбан! – 

деді. 

Оның  бұл  тұрысының  өзі  бәрінен  хабар  беріп 



тұрғандай  еді,  расулалла  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм):


–  Әлде  алдымда  қараңдап  көрінген  сен  бе 

едің?  –  деп  сұрады.  айша  анамыздың  «Иә»,  –  деп 

күмілжігеннен басқа амалы қалмады

130


.

Бұлардың  барлығы  оның  екі  жиһан  сәруарына 

деген  жақындығын  көрсетуде.  сүйіспеншілігінің 

тереңдігі соншалық, жарының үстіне шаң қондырғысы 

130

 мүслим, Жәнаиз 102 (974); нәсәи, Жәнаиз 103 (2037); Ишрәтун 



ниса 4 (3963, 3964); Ибн мажә, Жәнаиз 36 (1546); Иқаматус салат 

191 (389, 1389); Тирмизи, саум 39 (739)




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

95

келмейтін.  Оның  көңіліне  тиетін  келетін  жайттарға 



жол бермейтін. 

Бір күні келгендердің бірі өлім тілеген мағынада 

расулға: 

–  саған сам болсын! – деді. Бұл сөзді анамыз да 

естіді. алланың елшісіне өлім тілеуге кімнің батылы 

барады? Дереу ұшып түрегеліп мұны айтқан адамға 

қарап: 

–  айтқан өлімің де, қарғыс та өздеріңе көрінсін, 

–  деді.  Иә,  бұл  дін  дұшпандарына  қарсы  қарғыс 

жасауға  жақсы  бір  мүминдік  болатын,  алайда  дәл 

қазір  өзінің  қадірін  білмесе  де  барлық  адам  алла 

елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  үшін  теңдей 

мүмин болатын және қатаңдыққа қаталдықпен жауап 

қайтарылмауы керек еді. сол себепті жарына қарап: 

–  айша, алла тағала рафиқ (мейірімді, жұмсақ) 

және  әр  түрлі  істерде  жұмсақтық  жасағанды  жақсы 

көреді

131


, – деді.

Өзінен бір нәрсе сұрағандарға «жоқ» дей алмай-

тын. Тіпті, одан алла елшісін сұраса да сол әдетінен 

танбағаныменен,  сүйіктісінің  қасынан  аз  уақытқа 

болса да алыстағанына іштей қынжылатын. Жорыққа 

шығатын  кезде  алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)  аналарымыздың  арасында  жеребе  тастап, 

жеребе  кімге  түссе,  жорыққа  ертіп  алып  шығатын. 

Бірде  жеребе  тастағанда,  Хафса  анамыз  бен  айша 

анамыз анықталды. Жолға шығып, біраз жол жүрді. Түн 

болып бір жерге тоқтаған кездерінде пайғамбарымыз 

131


  Бұхари, Әдәб 38 (5683); Истизан 22 (5901); мүслим, сәлам 10 

(2165); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 2\341 (13555); Тирмизи, Ис-

тизан 12 (2701) 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

96

айша  анамызбен  бірге  отырып  әңгімелесе  бастады. 



Хафса  анамыз  ол  түні  кезектің  өзінде  емес  екенін 

және алла елшісінің айша анамыздың қасында бола-

тынын түсінді. Біраз уақыттан кейін мүмкіндік туған 

кезде  айша  анамызға  жақындап  барып,  оған  былай 

ұсыныс жасады: 

–  Бүгін  сен  менің  түйеме,  мен  сенің  түйеңе 

ауысып  мінсек,  сосын  алла  елшісінің  не  істейтінін 

көрсек, – деді. 

мына  бір  ұсынысты  айша  анамыз  қуана 

қабылдады.  Өйткені,  алла  елшісінің  өзінің  түйесін 

таңдайтынын білетін. Осы арқылы мұны басқаларға 

да білдіруге мүмкіндік туатын еді. 

Қайтадан  жолға  шыққан  кезде  өздері 

шамалағандай  алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)  айша  анамыздың  түйесінің  жанына  келді. 

Ол  түйенің  үстінде  Хафса  анамыз  бар  еді.  Басқаша 

айтқанда, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм)  алдындағы  қадірін  тағы  бір  рет  нығайтқан 

айша анамыз онымен бірге жүру нәсібінен бұл жолы 

құр қалған еді. 

«Иә»  деп  келісім  берерін  беріп  алғанменен, 

шыққан  нәтижеге  өздері  ойлап  тапқан  әзілдері 

болса да көне алмайтыны анық еді. алланың елшісі 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өзінің  түйесінің 

жанына келіп тұрып, өзін таңдағаныменен дәл қазір 

расулдың  жанында  емес  болатын.  Жан  дүниесі 

өртеніп не істерін білмей, іштей қынжылған анамыз 

раббысына былай деп жалбарынды: 

–  Уа, әлемдердің әміршісі, маған бір шаян немесе 

жылан  жібер,  мені  шағып  алсын.  Пайғамбар  басқа 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет