Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
89
– «нұр» сүресіне сенген әйел бұлай киіне алмай-
ды! Егер мүмин болсаңдар, біліңдер, мына киімдерің
иманды әйелдің киімі емес!
121
Өзіне келгендерді іс-әрекетіне қарап-ақ не
сұрайтынын сезіп, алдын ала жауабын айтатын. Бір
әйел қына туралы сұрағанда былай деді:
– расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қынаның түсін жақсы көрсе де, иісін ұнатпайтын
122
.
Әйелдерге қатыстылары әрине тек бұнымен
шектелмейді. алдына келгендерді алла мен
пайғамбары ұнататын шариғат шеңберіне қарай
бағыттап, отбасылық тыныштықты насихаттайтын.
Өйткені, отбасы бақытына дүние мен ақыреттегі
тыштықтың негізі ретінде қарады. Әйел мен еркек-
ке өз міндеттерін лайықты түрде атқару керектігіне
тоқталатын. алла елшісінің адамды құрметтегені,
жәрдемсүйгіштігі секілді айша анамыз да өзіне
келген әйелдерден осындай қасиет көргісі келетін.
Жарымен сыйластығы арқылы өзі бақытты бастан
кешкендіктен, дәл сондай сыйластықпен басқа
әйелдердің де бақытты болғанын қалайтын.
Бір күні келіп өзінен насихат сұраған әйелге
былай деді:
– Егер сен күйеуіңді қуанту үшін көзіңді одан да
жақсысына ауыстыруға күшің жетсе, тартынба!
123
121
Қараңыз: Құртуби, әл-Жами 14\157
122
Әбу Дәуіт, Тәражжул 4 (4164); ахмед ибн Ханбәл, мүснәд 6\117
(24905); 6\138 (25122) нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\419 (9365);
Байһақи, сүнән 5\61 (8905); 7\311 (14608)
123
Ибн сағд, әт-Табақатул кубра 8\70-71, Зәхәби, Тарихул Ислам 1\537;
сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-сәйидәту айша 52.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
90
негізінде отбасы бақыты бәрінен жоғары
тұруы керек, бұл жерде әйелдің рөлі өте маңызды.
шындығында, әйел бұл бақыттың іргетасын қалайды.
сондықтан әйелдің күйеуіне деген жауапкершілігіне
көбірек назар аудартатын. Өзіне келген әйелдердің
осы сияқты сұрақтарына артығымен жауап беріп,
басқа да насихаттар айтатын. сол әйелдердің бірі:
– Бетімді түктен тазартып, күйеуім үшін
сәнденейін бе? – дегенде, анамыз:
– Өзіңе ұнамсыз барлық нәрсені тазалап, күйеуің
үшін сәнден! Бір нәрсе бұйырғанда, оған бағын,
әлдене өтінгенде, қалауын орында. Үйіңе күйеуің
ұнатпайтын адамды кіргізуші болма!
124
– деді.
Достарыңызбен бөлісу: