Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет41/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

106

расулалламен  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 



артық  тағы  бір  күнді  бірге  өткізуді  кім  қаламайды, 

дереу: 


–  Жарайды,  –  деп  келісіп,  сафия  анамыздың 

зағфаран бояуымен боялған орамалын алып сулады. 

мақсаты  суланған  орамалдан  зағфаранның  иісін 

шығару  еді.  сосын  барып  жарының  қасына  барып 

отырды.

Жарларына  әділдікпен  қарайтын  алла  елшісі 

жанына мезгілсіз уақытта келгенін жөн көрмей үйіне 

қайтуды ұсынды: 

–  Бүгін сенің күнің емес қой!

сонда да есіктен бас сұғып:

–  Уа,  расулалла!  Бұл  Жасаған  иенің  қалаған 

пендесіне беретін жақсылығы, – деді. 

алла  елшісінің  назарын  аудара  білді.  мәселені 

сафияға  (р.а.)  қатыстырған  айша  анамыз  мәселені 

егжей-тегжейлі  түсіндірді.  араларында  болған 

әңгімені  айтып,  анамыздың  өкпесін  бөлісті.  Бұл 

араны  жарастыруға  күш  салу  еді.  сондықтан,  оның 

бұл  сезімталдығына  жары  да  қуанып,  көңілінің 

жайланғаны жүзінен белгілі болды

150


аналарымыздың да, басқа сахабалардың да бұлай 

жасауының негізінде бұрын естіген хабарлары немесе 

осы  бағыттағы  алла  елшісінің  әрекеті  жатқан  еді. 

Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

айша  анамызды  сүйетінін  баршасы  білетін.  Екеуі 

бірге шыққан бір сапарында айша анамыздың түйесі 

жолдан  адасып,  көптен  бөлініп  Харра  деген  жерде 

150

 Қараңыз: Бұхари, Хиба 14; шаһадат 30 (2542); мүслим, рада 47 



(1463). сондай-ақ қараңыз: Тахмаз, әс-сәйидәту айша 48 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

107


жоғалып  кетті.  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи 

уә сәлләм) уайымдап, артынан іздеп кетті. Осы кезде 

ең жақынын жоғалтып, жабырқаған түрде:

–  Уа, асурах! – деген болатын

151

. Бұл сөз арабтар-



да әйеліне деген сүйіспеншілікті әрі оны жанұшыра 

іздегенін білдіретін.

Тағы  бір  күні  атақты  сахаба  амр  ибн  ас  келіп, 

пайғамбарымызға:

–  Жұрттың ішінде ең көп кімді жақсы көресіз? – 

деп сұрады.  сірә, өзінің қаншалықты қадірлі екенін 

білгісі келсе керек. Іштей өзін айтар деп күтті. алайда, 

алла елшісі оған:

–  айша, – деп жауап берді. амр ибн ас тағы да:

Әлбетте,  ол  түсінікті.  ал,  ер  кісілерден  кімді 

айрықша жақсы көресіз дегім келген еді. 

сонда: – айшаның әкесін, – деген жауапты естіді. 

Иә,  амр  ибн  ас  секілді  дана  адамның  алғашқы 

орында  өзіне  орын  жоқ  екенін  көрмеуі  мүмкін  емес 

еді.  Ендеше,  артық  сұрақ  қою  қауіп  тудыратын  еді, 

өзінің ең соңғы орындарда қалу мүмкіндігін ойлаған 

хазірет  амр  бұл  ойынан  қайтып,  одан  кейін  бұл 

туралы жақ ашпаған

152



Баршаның  көз  алдында  болып  жатқан  бұл 



оқиғалар адамдардың санасына сіңіп, алла елшісінің 

бұлайша  берген  жауаптары  айша  анамыз  екеуінің 

арасындағы  сүйіспеншілікті  одан  сайын  нығайта 

түсті. Өйткені, әйелдерінен бір ай бөлек болып, қайтып 

оралған кезінде алғаш рет айша анамыздың жанына 

151


 ахмад  ибн  Ханбал,  мүснәд  6\248  (26155)Қ.  «Уа,  арусах»  сөзі 

әйелінен айрылған ер кісінің қайғырып айтатын және әйеліне деген 

махаббатын білдіретін сөз болып табылады.

152


  Бұхари, фадаилус сахаба 5 (3462); мағази 60 (4100); мүслим, фада-

илус сахаба 8 (2384); Тирмизи, мәнәқиб 63 (3885) 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

108

барып


153

, таңдау жасату оқиғасында да бірінші соның 

пікірін  алған

154


.  сонымен  қатар,  бұл  жауапкершілігі 

зор таңдау болатын. Өйткені дүние мен ақырет ара-

сында  таңдау  жасау  керек  болғанда  анамыз  алла 

елшісі ұнататын нәрсені таңдайтын

155



Кей  кездері  айша  анамыздың  тізесіне  басын 



қойып  демалатын,  ондайда  анамыз  аяғы  ауырса 

да сыр бермейтін. Тіпті, бір жолы әкесі хазірет Әбу 

Бәкір  (р.а.)  келіп,  пайғамбарымызды  ренжіттің  деп 

оны  бүйірінен  түрткен  кезде  денесіне  қаншалықты 

батса да алла елшісінің ұйқысы бұзылмас үшін бұған 

шыдаған


156

Көз 



алдындағы 

бұл 


сүйіспеншіліктің 

әрине  басқаларда  да  көрінісі  болды.  Өйткені, 

пайғамбарымыздың сүйгенін сүймеуге болмайтын еді. 

расулға ең жақын болғандар жанындағыларды жақсы 

көріп, оларға ерекше көңіл бөлетін. Пайғамбарымыз 

бақиға  аттанбай  тұрып  фатима  анамыздың  өзіне 

айтылған  сырды  кейіннен  тек  айша  анамызға  ғана 

айтуы


157

 оған деген осы сүйіспеншіліктің бір көрінісін 

ұқтырды. 

Бұлардың барлығы айша анамыз сөз болған кезде 

сахабаларды  байсалды  әрекет  жасауға  шақыратын. 

сонымен  қатар,  бұл  алла  елшісінің  соңғы  сәтіне 

дейін жалғасты. науқастанып қалған күні: 

153


  Бұхари, никах 83 (4895); мәзалим 26 (2336); мүслим, Талақ 30 (1479) 

154


 Қараңыз: ахзаб 33\28, 29; Бұхари, мәзалим 26 (2337); Талақ 19 

(4984); мүслим, Талақ 22 (1475) 

155

  Қараңыз: ахзаб 33\51; Бұхари, Тәфсирул Құран 279 (4511, 4510); 



мүслим, Талақ 23 (1476); Әбу Дәуіт, никах 39 (2136); ахмад ибн 

Ханбал, мүснәд 6\76 (24520) 

156

  Бұхари, Тәйәммүм 7 (327); мүслим, Хайз 28 (108); нәсәи, Таһара 194 (310) 



157

  Бұхари, мәнәқиб 22 (3426); мүслим, фадаилус сахаба 97 (2450); 

Тирмизи, мәнәқиб 61 (3872)



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

109


–  мен  бүгін  қайдамын?  Ертең  кіммен  бола-

мын?  –  деп  сұрап,  ауырып  жатқан  кезінде  айша 

анамыздың жанында болғысы келетінін білдірген

158


Өзі  қалағандай  Хаққа  қауышатын  күні  де  соның 

бөлмесінде  болған.  Бұл  айшаға  деген  жақындығы 

еді. мұны айша анамыз (р.а.) былай түсіндіруде:

–  нәби  кезек  маған  келген  күні  қайтыс  болды. 

Басын кеудеме сүйеген қалпында жан тәсілім етті

159

.

Осылардың  барлығын  назарға  алған  Әнас  ибн 



мәлик  (р.а.)  исламдағы  алғашқы  сүйіспеншіліктің 

алла  елшісінің  айша  анамызға  деген  махаббаты 

екенін  айтқан

160


.  Табиғиндердің  ұлы  имамы  масруқ 

айша анамыздан бір хадис риуаят етерде:

–  мұны  маған  алланың  ең  сүйікті  құлының 

сүйіктісі, сыддықтың (Әбу Бәкірдің) қызы сыддықа 

(айша анамыз) риуаят етті, – деуді өзіне міндет деп 

білетін


161





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет