Бір әйелмен үш нәрсе үшін некелеседі, дүние-
мүлкі, сұлулығы және діні. Бірақ, сен діни жағын
таңда, сонда жаның тыныш болады
167
.
165
мүслим, фадаилус сахаба 36 (2408); ахмад ибн Ханбал, мүснәд
4\366 (19285)
166
«Діндеріңнің жартысын (үштен бірін) мына Хумайрадан алыңдар»
мағынасына келетін риуаят үшін қараңыз: шәуқани, әл-фәуәидул
мәжмуға 1\399; Ибн Қайюм әл-Жәузи, әл-мәнарул мүниф 1\60;
ажлуни, Кәшфул Хафа «Хузу» бабы...
167
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\152 (25232). Басқа бір риуаятта «Әйелге
төрт қасиеті үшін үйленеді, дүние-мүлкі, тегі, жағдайы, сұлулығы
және діні. сен діні толық болғанын таңда, сонда жан тыныштығын
табарсың» делінеді. Қараңыз: Бұхари, никах 16 (4802); мүслим,
рада 53 (1466); Әбу Дәуіт, никах 2 (2047)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
112
Үмбетіне айтқан жағдайларды толық түрде өз
басынан өткізген алланың елшісі отбасы секілді ең
негізгі мәселеде басқалай әрекет жасауы мүмкін емес
еді.
Пайғамбарымыздың
әйелдерінің
арасында
сұлулығымен ерекшеленген басқа да аналарымыздың
болғаны ақиқат. Демек, мәселе тек сұлулықпен
түсіндірілмейтіндей деңгейде терең мәселе бола-
тын. Тіпті, бұл үстемдікті бізге айша анамыздың
өзі түсіндіреді, Бәни мұсталық соғысынан кейін
Жуәйрия анамызды көргенде, оның сұлулығы айша
анамыздың назарын аудартып, алаңдаған. Бұл туралы
өзі былай дейді:
– Жуәйрия өте әдемі әрі тартымды әйел болатын.
мен алла елшісінің қасында болған кезде қасымызға
келіп, азаттық пен хатшылық қызмет сұрады.
Уаллаһи, оны көре сала ішіме уайым кіріп, оның алла
елшісінің алдына баратынынан қауіптендім
168
.
айша анамыздың сафия анамызды алғаш көрген
күні де осылай уайымдағанына куә боламыз. Хайбар
жеңісінен кейін мәдинаға келген және әуелі Хариса
ибн нұғманның үйінде тұрған сафия анамыздың
сұлулығы ансар әйелдерінің де назарын аударып,
барлығы оны көруге барған. Барғандардың арасын-
да айша анамыз да бар. Біраз уақыттан кейін үйден
шыққан кезде артынан алла елшісі де шығады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір
жағынан сафия анамыз арқылы сол кезге дейін
келелі мәселе болып келген қауымның көңілін аулау-
168
Қараңыз: Хаким, мүстадрак 4\28 (6781); Ибн сағд, Табақат 8\116, 117
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
113
ды көздесе, екінші жағынан әйелдерін де ренжітпеуге
күш салғаны белгілі. Қасына жақындап, оған:
– сафия қалай екен? – деп сұрады. Өйткені,
анамыздың бұл жағдайды жақтырмағанын байқаған.
сафия анамыздың келген жағы осы кезге дейін
мұсылмандарға көп қиындық көрсеткені есте. ал,
енді осыншама жыл аралары жақсы болмаған және
жамандыққа жаны құмар бір хайбарлықпен бірге
иық тіресе өмір сүруге мәжбүр еді. сондықтан да
пайғамбарымызға:
– Бір иудей көрдім, – деп жауап берді.
Ертең кешегідей келеңсіз жағдайлар кезікпеуі
үшін бүгін басқаша әрекет ету керек еді. Оның
үстіне өзгелердің ойымен бөліспеуге де болмай-
тын. Әрбір қоғамда ізгілікті жандардың болатыны
секілді, мұндай қасиеттерден ада адамдардың бо-
латыны да табиғи нәрсе еді. солай болған күннің
өзінде олар да хазірет адамның балалары. Уақыт өте
келе көзқарастар өзгеріп, араға дұшпандық кірсе де,
ертең де осындай қиындықтардың туындамауы үшін
бүгін іс жүзінде мұны терістеу керек еді. Өйткені,
жақсылық жақсылыққа жол ашады, табанды түрде
үздіксіз жасалған жақсылық ұзақ уақыт тамшы тамған
тастың тесілетіні сияқты ең қатал жүректердің өзін
жібітіп, оларға да жақсылық сүйдіреді. Бұған қоса,
әрбір оқиға аналарымыздан бастап сахабаларға жол
ашқан күш секілді болды. Бұл солай болады, алла
елшісі айша анамызға мейірбан жүзбен қарап:
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
114
– Олай деме, айша! Өйткені, ол мұсылман болды
және мұсылмандығы да әдемі болды!
169
– деді.
Әрине, бұл жағдай тек хазірет Жуәйрия мен
хазірет сафия аналарымызға тән емес. Олардан басқа
хазірет Хафса және хазірет мария
170
аналарымыз да
(р.а.) осы ерекшеліктерімен алда тұратын. алайда,
осылардың барлығына қарамастан алланың елшісі
айша анамызды ерекше жақсы көрді. Өйткені, бұл
сүйіспеншіліктің негізінде діннің келер ұрпаққа
жеткізілуінде анамыздың атқаратын қызметі бар еді.
анамыз барлық жағымен айрықша болатын,
дәл бір пайғамбардың үйінде қызмет атқару үшін
жаратылғандай еді. Жәбірейіл-Әминді екі рет көріп,
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арқылы
оның сәлеміне куә болған. аналарымыздың арасында
бұл жағдайларға куә болған өзге ешкім жоқ еді
171
. Уаһи
169
Ибн сағд, Табақат 8\126; Зәхәби, сияр 2\227
170
мария анамыз мысырдан келген күні-ақ айша анамыздың наза-
рын аударған. Бұйра шашы мен әдемілігін көргенде, расулалланы
одан қызғана бастағанын өзі де айтады. Қараңыз: Ибн сағд, Табақат
8\212; сондай-ақ, қараңыз: Хафса, мәфсуату Үммүл муминин
айша бинт Әбу Бәкір 258
171
Бұлар уахи періштесі Жәбірейілдің расулаллаға айша анамыздың
кейпінде келуі, расулалланың әйелдерінің ішінде тек сонымен ғана
қыздай қосылуы, бір жамылғының астында жатқанда уахидің келуі,
дүние мен ақыретте адамдар арасында ең көп соны жақсы көруі
және оны баршаға жариялауы, өзі туралы ақтаушы аяттардың келуі,
Жәбірейіл-Әминді екі рет көруі және Жәбірейілдің оған расулалла
арқылы сәлем жолдауы, уахи періштесінің тек соның үйінде болған
кезде келуі, алла расулының соңғы демін де осы үйде беруі және
нәтижеде анамыздың кеудесін жастанған күйде Хаққа қауышуы
сияқты жағдайлар. Қараңыз: Бұхари, фадаилус сахаба 30; мүслим,
фадаилус сахаба 90 (2447); Тирмизи, мәнәқиб 63 (3879); нәсәи, Иш-
ратун ниса 3 (3949, 3950); Хаким, мүстадрак 4\11 (6729, 6730); Ибн
Әби шәйба, мұсаннаф 6\389 (32278); Хәйсәми, мажмауз зәуәид
9\241; Захаби, сияр 2\191; Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\31 (77);
Ибн сағд, Табақат 8\63, 64
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
115
алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрдайым
соның үйінде болған кезде келіп, Жәбірейіл-Әминнің
ізіне әрдайым куә болатын. алла елшісінің жағдайы
және Құранның растауымен уахиден басқа ештеңе
айтпағанын да
172
есепке алатын болсақ, нәбидің бұл
сүйіспеншілігінің негізінде иләһи бағыттаудың
болғанын айта аламыз. Өйткені, анамыздың Ислам
үшін сол кезде жұмсаған күш-жігерінің де, одан
кейінгі атқаратын қызметінің де осы жердегі рөлін
теріске шығара алмаймыз.
Өзіне айшаның ерекше қадірлі екенін жарының
былай деп білдіргені бар:
– Еркектердің арасында кемелдікке жеткендер
көп. ал әйелдер арасында Имранның қызы мәриям,
Перғауынның әйелі Әсиядан басқа бұл мәртебеге
жеткен тірі жан жоқ. Әйелдер арасында айшаның
ізгілігіне келсек, ол өзінше бір төбе
173
.
Достарыңызбен бөлісу: |