Әзілдесу
Үйдің
басшысы
ретінде
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасындағылардың
еркін отыруын қалап, кейде анамыздың айтқан сөзін
мазмұнды жайттарға бұратын. Бір күні анамыз бір
жағдайды әңгімелеп отырып «хурафа» деген сөзді
айтып қалды. сол-ақ екен сүйікті жары:
– Хурафаның не екенін білесің бе? – деп сұрады.
Іштей оны айшаның білмейтінін сезіп, сөзін ары
қарай жалғастырып:
– Хурафа – Узра руының бір адамы болатын,
жаһилия кезінде оны жындар тұтқынға алады. ұзақ
уақыт солардың арасында тұрады, бір күні оны
адамдардың арасына жібереді. Ол жындар арасын-
да көрген ғажайыптарын адамдарға айта бастайды,
мұны естіген адамдар енді оны «Хурафаның сөзі» деп
айта бастаған
191
.
Дүниеден озатын шағы жақындаған кезде, алла
елшісінің басы қатты ауыра бастады. алыс-жақын
ағайындардың бәрімен қоштасқысы келетіндей. Тек
тірілермен ғана емес, бұрын топырақ құшқан сахаба-
ларымен де қоштасып, қабірлерін зиярат етіп, қиямет
күні кездесетіндігіне үміт артып, кері қайтатын.
191
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\157 (25283); Хәйсәми, мәжмауз
зәуәид 4\315; Табарани, әл-мұғжамул кәбир 6\56, 155 (6069), Исхак
ибни рахуайх, мүснәд 3\801 (1436); Әбу яғла, мүснәд 7\419 (4442)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
123
Осындай күндердің бірінде анамыздың да басы
ауырып:
– Басым, – деп ыңырсып жылай бастады. мұны
естіген пайғамбарымыз оған қарап:
– сен менің басымды айтсаңшы, – деді. Бұл
«менің ауруымның қасында сенікі не тәйірі» деген
мағынаға келетін. Иә, бұл шындық еді. алайда, алла
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) одан да арыға
барып:
– менен бұрын өлсең не болар дейсің? сені өзім
жуып, кебіндеп, намазыңды өзім оқытамын, мазарыңа
да өз қолымен қоямын, – деді.
мұндайды еш күтпеген анамыздың көзі шарасы-
нан шығардай болды. Түсінуге тырысты, естігені әзіл
ме, әлде ақиқат па? Жары әзілдеген еді. Олай болса
әзілге әзілмен жауап беруге болатын еді, оған қарап:
– Иә, мен өліп, мені жерлеп болған соң басқа
әйелдеріңмен қалағаныңды істемекшісіз бе?
192
– деді.
Бұл сөз сүйікті жарының езуіне күлкі үйірді.
Өйткені, анамыздың бұл наздануының астарында
өзіне деген терең махаббат жатыр еді.
айша анамыз да пенде болғандықтан кейде
қиналатын. Осындай күндердің бірінде бөлмесіне
әкесі келді. сол күні анамыз ашулы еді, дауысын
сәл көтеріп сөйледі. негізінде тұрмысқа шыққан
күннен бастап әкесі болса да Әбу Бәкір қызына «ана»
ретінде қарайтын. Бірақ, кім болса да алла елшісін
ренжітетіндей әрекет жасайтын болса, оған еш көне
192
Бұхари, марда 16 (5342); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\228 (25950);
Ибн мажә, Жәнәиз 9 (1465); Дарими, мұкаддима 80; Бәйһақи,
сүнән 3\396 (5451)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
124
алмас еді. Пайғамбарымыздың көңіліне келетін
қылық жасағаны үшін қызып жеке алып шығып, ұрса
бастады:
– сен қалай расулаллаға даусыңды көтеріп
сөйлейсің?
Бұлай айтатындай құқығы бар еді. Өйткені ол өз
қызы емес пе?! Бұған қоса, ол пайғамбардың әйелі
болатын. Бірақ, пайғамбарымызды ренжіткеніндей
ауыр нәрсе болмап еді. Бір жағынан қызы өзіне де ана
болып табылды. Әйтпесе, жағдай басқаша өрбитін
еді.
Қызына ұрсып тұрып алла елшісінің өзін
көргенін байқап, қатты қысылды. Бөтен отбасының
ісіне араласудың орынсыз екенін білетін, бірақ
басқа қателікті жою үшін осылай жасады. Тіпті,
қызына деген ашуы әлі басылмады. Әбу Бәкірдің
қызы қалайша алла елшісін ренжітетіндей дауыспен
сөйлейді. ашулануын ашуланды, бірақ расулалла бар
жерде қолынан ештеңе келмейтін. Оның тұрысынан
да осыны байқап, үнсіз кетіп қалды.
Әкесінің кеткенін көрген пайғамбарымыз айша
анамыздың жанына келді. анамыз өкінген кейіпте
еді. Иә, әкесі дұрыс айтады, сүйікті жары барда дауыс
көтерген жөн емес. алайда, бір рет солай болып
қалды. Өз ісіне өкінген кейіпте еріне қарады.
Ендігі мәселе қателікті жуып-шаю. ренішті
ұмыттырып, қуантатын қадам жасау. Оны да рас-
лулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жасап, кеткен
хазірет Әбу Бәкірді көрсетіп:
|