Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет48/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

128

бір нәрсе бола ма деп қорқып тұр екен. Оны көрген 



пайғамбарымыз: 

–  Тыныштық  па,  не  болды?  Әлде  дәрет  алуың 

керек пе? – деді. анамыз назданып:

–  мені  қарғадыңыз,  қолымның  қайсысы  түсіп 

қалар екен деп қарап тұрмын, – деді. 

Бұл  анасынан  ескерту  алған  баланың  қайтадан 

анасының  құшағына  енуіне  ұқсайтын  жағдай  еді. 

Осылайша, ол алла елшісінің теріс бата жасауынан 

қорыққанын  білдірді  әрі  оны  батаға  айналдырғысы 

келді. расулалла онсыз да сөйтті, қолын жайып: 

–  раббым!  мен  де  пендемін,  кейде  ашулана-

мын. Осы кезге дейін кімге теріс бата айтқан болсам, 

мұны оларды рухани кірлерден арылтатын тазалыққа 

себепші ет!

197

 

Отбасы  болғандықтан  анамыздың  да  ренжитін 



сәттері  кездесетін.  Бұл  жағдайын  пайғамбарымыз 

оның әрекеттерінен байқап, мәселені жақсы шешуге 

тырысатын. Бір күні жұбайына былай деді: 

–  мен сенің маған риза не ашулы екеніңді бірден 

білемін. анамыз таңданып:

–  мұны  қайдан  шығардыңыз,  қалай  білесіз?  – 

деп сұрады.

–  маған  риза  кездеріңде  «мұхаммедтің  раббы-

сына ант етемін» деген сөзді айтасың, ашулы кезіңде 

«Ибраһимнің раббына ант етемін» дейсің!

197

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\52 (24251). Кейбір риуаяттарда алла 



расулының аталмыш тұтқынды айша анамыздың орнына Хафса 

анамызға (Хәйсәми, мажмауз зәуәид 8\266) немесе басқа бір адамға 

тапсырғаны да айтылады. Қараңыз: Бәйһақи, сүнән; Ханбали, әл-

Әхадисул мухтара 5\20




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

129


–  Иә,  оныңыз  рас,  –  деп  анамыз  мойындады  да 

«Уаллаһи,  шындықты  айтасыз.  Алайда,  енді  уәде 

беремін,  бұдан  былай  сіздің  атыңыздан  басқаны 

аузыма алмаймын!»

198


 деді. 

Бір  күні  он  бір  әйел  отырып,  күйеулері  туралы 

ашық  сырласты.  Ойларын  жасырмай  айтуға  уәде 

берді. Әрқайсысы өз күйеуінің ең іліп алар қасиетін 

айта  бастады.  Біреуі  күйеуін  ұнатпайтынын  айтып, 

жамандықтарын тізсе, екінші бірі күйеуін жер көкке 

сиғызбай мақтады. анамыз бәрін мұқият тыңдап, бір 

күліп, бір мұңайып отырды. Бір кезде кезек Үммү Зәрр 

деген әйелге келген кезде, ол таудағы бір малшының 

қызы  екенін,  Әбу  Зәрдің  өзін  әйелдікке  алғанын, 

небір жақсылықтар жасағанын, оның жанында жаны 

тыныштыққа бөленетінін айта бастады. айтқандары 

тек күйеуіне ғана қатысты емес болатын, енесінің де 

жақсылықтарын  тізіп,  күйеуінің  бұрынғы  әйелінен 

туған  баласы  мен  қызметшісінің  де  ізгіліктерін 

айтты.  алайда,  бір  күні  күйеуімен  ажырасыпты, 

қазір  басқа  біреумен  некеде  екен.  Қазіргі  күйеуі  де 

өте  жақсы,  жомарт  адам  екен,  алайда  оның  барлық 

жақсылықтары  мен  жомарттығының  бәрін  қосқанда 

Әбу Зәрдің бір жақсылығына тең келмепті. Қысқасы, 

Үммү Зәрр өзінен ажырап кетсе де, бұрынғы күйеуі 

Әбу Зәррді ұмыта алмайтын көрінеді.

Бәрі  күйеулері  туралы  ойларын  айтады,  алайда 

Үммү  Зәррдің  айтқандары  анамыздың  назарын 

ерекше  аударып,  оны  кейіннен  пайғамбарымызбен 

бөліседі. сонда былай дегенін естиді: 

198

 Бұхари,  никах  107  (4930);  мүслим,  фадаилус  сахаба;  мүснәд, 



мүснәд 6\61 (24363)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

130

–  Екеуміз де Үммү Зәрр мен Әбу Зәрр секілдіміз, 



айырмашылығы, ол әйелінен ажырасты, ал мен олай 

жасамаймын! 

Бұл сөзге көңілі кәдімгідей марқайып қалды. Іле 

өзі де:


– 

Жолыңызға  жаным  құрбан!  Алайда,  сіз  мен 

үшін Әбу Зәрдан да артықсыз!

199


 – деді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет