Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет50/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Лақап ат 

анамыз  пайғамбарымыздан  лақап  ат  қоюды 

сұрап,  басқа  әйелдер  секілді  өзінің  де  лақап  атпен 

шақырылғанын қалайтынын жеткізді. Ол кезде бұлай 

жасау  сол  қоғамдағы  орнықты  әдет  болатын.  мұны 

құрметтеудің бір нышаны деп есептеп, лақап ат қою 

ел ішінде жарысқа айналғандай еді. Тіпті, кейбіреулер 

өз есімінен гөрі кейіннен қойылған лақап атымен та-

нылатын.  Жалпы  бұл  лақап  аттар  дүниеге  келген 

баланың  есімінің  алдына  «пәленшенің  әкесі  немесе 

анасы» деген мағынада Әбу пәленше, Үммү түгенше 

немесе  ибн  пәленше,  бинт  түгенше  деп  айтылатын. 

мұндай лақапты арабтар «күния» дейді. 

негізінде ол кезге дейін пайғамбарымыз айшаны 

«Хумәйра»

206


, «Уайш»

207


, «аиш»

208


, «бинт сыддық»

209


«мууаффиқа»

210

 және «бинт Әбу Бәкр» деп атайтын. 



206

  Қараңыз: нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\307; Хаким, мүстадрак 3\129; 

Табарани, әл-мұғжамул кәбир 22\400. Кейбір ғалымдар Хумайра 

сөзі кездесетін әр баяндауды хадис деп қабылдамаған, олардың 

біразына ықтиятпен қарап, мәселеге қатысты тек нәсәиде орын 

алған баяндауды дұрыс деп қабылдаған. Хумәйра хамра сөзінің же-

кеше түрі және ал қызыл түс дегенді білдіреді. Қараңыз: Ибн ман-

зур, лисанул араб «Хмр» бабы

207

  Қараңыз: Ибн Хажар, Исаба 8\42; али әл-мұттақи, Кәнзул уммал 



7\266; Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 68\181. Уайш айша деген аттың 

жекеше түрі және айшатай мағынасына келеді.

208

 Қараңыз:  Бұхари,  фадаилус  сахаба  30  (3557);  Әдәб  111  (5848); 



мүслим, фадаилус сахаба 91 (2447). сөздердің соңындағы әріптерді 

айтпастан мақсатын білдіру, сонымен қатар «тәрхим» деген бір 

шешендік өнер. Бұл жерде пайғамбарымыз анамыздың атын толық 

айтудан гөрі соңғы әріптерін қысқартып айтатын. сонымен қатар, 

бұлай айтуда жақындықты білдіру де жоқ емес. 

209


  Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\159 (25302), 205 (25746) Ибн 

мажә, Зүһд 20; Тирмизи, Тәфсирул Құран 23

210

  Тирмизи, Жәнәиз 65; ахмад ибн Ханбал, мүснәд 1\334.




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

135


Бірақ, бұлардың ешқайсысы адамның құрметке лайық 

сипатын білдіретін лақап ат емес еді. Өйткені, бұлар 

оның жеке тұлғасына тән тұрақты сипаттар емес, сол 

сәттегі жағдайға қарай айтылған сөздер болатын. 

Өзгелер  секілді  анамыздың  да  осындай  лақап 

атты күткені белгілі. Бір күні мұңайған кейіппен: 

–  Уа,  расулалла,  құрбыларымның  бәрінің  лақап 

аты бар, – деді.

адамзаттың  ардақтысы  сөзін  аяқтамаса  да 

оның  ойын  түсіне  қойды.  Өйткені,  бұл  «менде  де 

сондай  лақап  ат  болса»  деген  мағынаға  келетін. 

Бұл  сыпайы  түрде  жасалған  орынды  өтініш  еді. 

анығырақ  айтқанда,  бұл  сөзімен  айша  анамыздың 

пайғамбарымыздың  ұрпағын  жалғастыруды  ар-

мандап,  дүниеге  бала  әкелген  жағдайда  соның 

атымен  аталғанын  қалап  тұрғанын  аңғару  қиын 

емес  еді.  ал,  пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи 

уә  сәлләм)  болса  сол  кезге  дейін  басынан  өткерген 

қайғылардан  бір  қорытынды  шағарып,  бұл  жолдың 

өзі  үшін  жабық  екенін  түсінген.  Өйткені,  сол  кезге 

дейін  ұл  балаларының  үшеуі  де  шетінеп,  бұл 

жағдай қыздарына да қатысты болып тұрғандай еді. 

Бәдір  күні  хазірет  руқайя  көз  жұмды.  Үммү  гүлсім 

мен  Зейнеп  аналарымыздың  да  жағдайы  қиын  еді. 

Кейіннен мария анамыздан дүниеге келген Ибраһим 

де алдыңғылардың кебін құшты. Осы жағдайлардың 

бәрінен  бір  қорытынды  шыққандай.  Жаратушы  ие 

пайғамбарымыздың артында бір ұрпақтың қалғанын 

қаламағандай! 

Бұл жағдайды айша анамызға да түсіндіру керек-

ақ.  алайда,  мұны  айтқан  кезде  абай  болған  жөн. 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

136

нәтижеде анамызды ренжітпей әрі талабын жауапсыз 



қалдырмады. Оған әпкесі Әсманың ұлы абдулла ибн 

Зубәйрді меңзеп:

–  Ендеше, сені бауырыңның баласы абдулланың 

атымен атайық, – деді.

Бұл  «сен  үшін  ол  жол  жабық»  деген  мағынаға 

келетін. ақылды әрі және зейінді айша анамыз да бұл 

сөзді дұрыс түсінді. Қайтып ондай талап жасамады. 

Енді ол әпкесі Әсманың ұлы абдулла ибн Зубәйрдің 

атымен аталып, содан бастап әрдайым «Үммү абдул-

ла» деп аталатын болды

211





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет