Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет52/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Құлшылығы

анамыз барлық қырымен үлгі боларлықтай өмір 

сүрді, құлшылықта да өзгеден оқ бойы озық тұрды. 

алла  елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  тірі 

кезінде де, одан кейінгі кезеңде де осы қалпынан тан-

бады.  Өйткені,  өзі  пайғамбарымызды  құлшылыққа 

берілген  қалыпта  көрді.  Өмірінің  ең  маңызды 

кездерін  аллаға  ең  жақын,  ілімі  жағынан  ең  асқан 

білгір  және  иләһи  махаббаты  жағынан  алланың  ең 

сүйікті құлының жанында өткізді. Түнде аяқтары ісіп 

кеткенше намаз оқып, бір ракағатында жүздеген бетті 

оқитын.  Бір  ерекшелігі,  оның  бұл  намаздарының 

рукуғ пен сәжделері де ұзаққа созылатын. Осы туралы 

айтқанда анамыз:

214

 ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\123 (24961); Байһақи, сүнән 9\325 



(19208); Табарани, әл-мұғжамул әбсат 5\213 (5116)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

139


–  Көркемдігін  сен  сұрама,  мен  айтпайын,  –  деп 

расулалланың  қалай  намаз  оқығанын  тамсана  айта-

тын

215


анамыз  жүздеген  мұғжизаның  жүзеге  асуына, 

Жәбірейіл  әмин  мен  алла  елшісі  кездескен  жерде 

Құранның  түсуіне  де  куә  болған.  сол  себепті  бұл 

дүниелік өмірді саясында біраз демалған соң қайтадан 

жолға  шығатын  бір  ағаштың  көлеңкесі  деп  санап, 

бағытын әрдайым арғы дүниеге қарай жоспарлайтын. 

Оның көзқарасында дүниенің ешқандай құны жоқ еді. 

Пайғамбарымызбен  сүрген  тоғыз  жылдық 

мерзімде оны мұқият бақылап, жасаған ғибадаттарын 

сол қалпында орындауға тырысты. расулалла құптан 

намазын  оқығаннан  кейін  бөлмесіне  келіп,  тістерін 

мисуактап  болғасын  демалатын.  Түннің  ортасында 

орнынан тұрып, тәхәжжүд намазын оқитын. Өйткені, 

нәби  үшін  бұл  намаз  тастауға  болмайтын  парыз 

есебінде  еді.  Тағы  біраз  уақыт  өтіп,  түннің  үштен 

бірі өткен кезде анамызды да оятып, оның да намаз 

оқығанын  қалайтын.  айша  анамыз  тұрып,  өзі  үшін 

парыз болмаса да алла елшісі өтеген және үмбетінің 

де оқығанын қалаған тәхәжжүд намазын оқып, арты-

нан үтір намазымен аяқтайтын

216


Кейбір 


түндерде 

анамыз 


толығымен 

пайғамбарымызға қосылып таңға дейін намаз оқитын. 

Осындай бір түні алла елшісінің бір ракатта «Бақара», 

«Әли  Имран»  және  «ниса»  сүрелерін  оқығанын 

айтып, ескертуші аяттарға келген кезде аллаға жалба-

215


  Бұхари, Тәхәжжүд 16; мәнәқиб 21; мүслим, салатул мүсафирин 125

216


  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\55 (24320),6\152 (25225), Ибн Хиббан, 

сахих 6\360




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

140

рынатынын, азабынан қорқып, өзіне медет тілейтінін, 



қуанышты хабарлары бар аяттарға келген кезде тағы 

да рақымдылық тілейтінін айтады

217



Таң намазының уақыты кіргенде пайғамбарымыз 



екі  ракат  намаз  оқып,  біраз  демалу  үшін  оң  жақ 

қырымен  жатып

218

,  кейде  азаншы  келіп  азан 



шақырғанға дейін айша анамызбен әңгімелесетін

219


анамыз мешітте оқылған намазға өзінің бөлмесінен 

қосылатын.  Бұл  имамның  артында,  жамағатпен 

оқыған намазға саналатын. Қысқасы, соңғы елшінің 

түндері құлшылықпен нұрға бөленетін. 

ардақты  пайғамбарымыздың  оразаларына  да 

қосылып,  бірге  ауыз  бекітетін.  рамазанның  соңғы 

он  күнінде  пайғамбарымыз  мешітте  құлшылық 

жасаған  кезде  бөлмесінде  ол  да  құлшылыққа 

кірісетін. Тіпті, кейде пайғамбарымыз үшін мешітте 

шатыр  құрылатын.  Ол  кісі  намаз  оқытқаннан  кейін 

осы  шатырға  айша  анамыз  да  кіріп,  құлшылыққа 

берілетін

220


Уәдәғ  (қоштасу)  қажылығына  бірге  барып, 

үмбетімен қоштасқан сәтіне де куә болған. Тіпті, осы 

кезде науқастанып, осы ауруы арқылы мұсылмандар 

ауырған  кезде  қажылық  пен  ұмра  міндетін  қалай 

атқару керектігі жөнінде жаңа үкімдерді үйренеді

221



217



  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\92 (24653), 6\119 (24919), Байһақи, 

сүнән 2\310 (3503) Әбу яғла, мүснәд 8\275 (4842) 

218

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\92 (24654) 



219

  Қараңыз: Әбу Дәуіт, салат 293 (1262); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 

6\35 (24118)

220


  Бұхари, Иғтикаф 18 (1940); мүслим Иғтикаф 6 (1172)

221


  Қараңыз: Бұхари, Хажж 76 (1557); мүслим, Хажж 111 (1211)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

141


айша  анамыз  осындай  ортада  жетілді, 

ғибадаттың  қалай  жасалуы  керектігін  алланың  ең 

сүйікті  құлының  өзінен  үйреніп,  сол  көрсеткендей 

етіп атқара бастады. 

Бастаған  ғибадатын  ешқашан  тастамайтын. 

Өйткені,  көргені  солай.  Өзінен  пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  құлшылық  өмірі 

туралы сұрағандарға жақсылап түсіндіріп, өзі де со-

ларды орындайтын. 

Бір күні абдулла ибн Қайсқа былай деп насихат 

айтты:

–  Түнде  тұрып  намаз  оқуды  ұмытпа!  Өйткені, 



расулалла түнгі намазын оқуды ешқашан тастамаған. 

науқастанған  немесе  қатты  шаршаған  кездің  өзінде 

отырып оқитын

222


Бастаған ешбір ғибадатын жартылай қалдырмаған 

анамыз  нәпіл  болса  да  оқи  алмаған  намаздарын 

міндетті  түрде  қаза  етіп  оқитын.  алла  елшісінің 

«Дұха» намазын оқығанын көргеннен соң бұл намаз-

ды өзіне міндеттеп, ешқашан тастамады

223



Бір  күні  ертелетіп  жиені  Қасым  ибн  мұхаммед 



келді. анамыз намаз оқып отырды. алайда, тәхәжжүд 

намазының уақыты өтіп кетіп, таң намазының уақыты 

кірген  еді.  мұның  қандай  құлшылық  екенін  білгісі 

келіп әпкесінен:

–  Бұл қандай намаз? – деп сұрады. 

Басқаның  білгенін  қаламағанын  даусымен 

сездіріп:

222


  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\125 (24989)

223


  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\138 (25112); нәсәи, әс-сунәнул кубра 1\181 

(482); мәлік, муатта 1\135 (358); абдурраззақ, мұсаннаф 4\7 (4866)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

142

–  Ешқашан  қалдырмай  әдеттенген  намазымды 



бүгін  түнде  оқи  алмаған  едім,  соны  қаза  етіп  оқып 

жатырмын


224

, – деді.

Бір  күні  оған  абдулла  ибн  Әби  мұса  мәселесін 

сұрай  келді.  Тағы  да  «Дұха»  намазын  оқып  жатқан 

еді.  сол  жердегілер  еститіндей  етіп  «мен  күтейін» 

дегенін  естігенде,  хазірет  айшаның  намаз  оқуын 

білетін сол үйдің басқа тұрғындары:

–  Ой, онда саған обал болды

225

, – деген.



Олардың нені меңзеп тұрғанын абдулла ибн Әби 

мұса түсінбеп еді. 

негізінде  мұның  мағынасы  анамыздың  намазын 

күтуге  ниеттенген  адам  ұзақ  күтуге  мәжбүр  бола-

тын.  Өйткені,  анамыз  намазға  тұрған  кезде  дүниені 

ұмытып, бар ықыласымен намазға беріліп кететін. 

Осылай  бүкіл  өмірін  тақуалықпен  өткізді. 

Түндерді таңдарға соғып намаз оқып, ораза тұтатын. 

Қанша білдірмеуге тырысса да оның намаздарындағы 

ықыласы,  тазалығы  сырт  көзге  бірден  байқалып 

тұратын.  Ішінде  қорқыту  мен  ескертуі  бар  аятқа 

келген  кезде  тоқтап,  кері  қайтып,  оны  қайта-қайта 

оқып, сосын бар ықыласымен дұға тілейтін. Көбінесе 

қасындағылар  намаз  оқыған  кездегі  көз  жасынан 

орамалының суланатынын байқайтын.

намаз  оқып  тұрып  бір  күні 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет