Уағыз-насихаты
анамыздың алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) кейінгі өмірі толығымен үгіт-насихатқа
толы өтті. Ел ішіндегі істерге араласып, кезінде
ол мәселенің қалай шешілгенін айтатын. Қысқаша
айтқанда, ол барлық кезде де жақсылықты бұйырып,
жамандықтан тыюда алдына жан салмады. Қоғамның
ізгілікті өмір сүруі үшін қолынан келгеннің бәрін
жасады. Оның бұл еңбектерінің негізінде Құранға
тән үкімді қолдану немесе алла елшісінің әлі
қолданылмаған сүннетін адамдарға жеткізу сынды
асыл армандар жатыр еді.
сафа мен мәруәнің арасында бір әйелдің суреті
бар киіммен жүргенін көргенде оған:
– Киіміңді мына суреттерден тазарт. Өйткені,
расулалла мұндай киім көргенде ашуланатын, – деп
ескертті
286
.
Білетінін басқалармен бөлісіп, білгені тек өзімен
шектеліп қалмауына алаңдайтын. арасында ұятты
деп айтуға тартынған жайттары да болды, алайда ер
кісілерге ашып айта алмаған мәселелерді әйелдеріне
285
нәсәи, Таһарат, 83 (100)
286
Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\225; Исхақ ибн рахуа,
мүснәд 3\1008 (1752)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
164
айтып, мұны күйеулеріне жеткізуін сұрайтын. Бір
күні былай деп ескерту жасады:
– Күйеулеріңе айтыңдар, дәрет сындырғаннан
кейін су қолдансын, мен айтуға ұяламын. расулалла
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) солай жасайтын
287
.
Кішкентай да болса қыз балалардың қол мен
аяқтарына таққан әшекейлермен үйге кіруіне қарсы
болып, әсіре безенудің шайтанды шақыратыны
секілді ол үйдің періштелерден мақұрым қалатынын
айтатын
288
.
Кім болса да көрген кемшілігін немесе қателігін
сол жерде айтып, оны түзетуді талап ететін. Бір күні
бауыры абдуррахманның сад ибн Әби Уаққастың
жаназасына үлгеру үшін асығыс дәрет алғанын көріп,
оған:
– абдуррахман, дәрет алған кезде дене
мүшелеріңді мұқият жу. Өйткені, мен расулдың
«Әй, отқа күйгір өкшелер мен тобықтар-ай!»
деп
кейігенін естігем, – деп ескертті
289
.
Достарыңызбен бөлісу: |