Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
165
көреміз. соғыс әбден қызған кезде де майданға бару-
дан тартынбайтын.
Ухуд, Хәндәк, Бәни Құрайза, Бәни мұсталық,
Худайбия және меккенің жеңісі секілді маңызды
оқиғаларда алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) жанында хазірет айшаның да жүргенін
көреміз
290
. соғыс кезінде қолынан келгенше мұсылман
сарбаздарға көмектесетін. Бұл туралы Әнәс ибн мәлік
(р.а.) былай деуде:
– мен Ухуд күні айша мен Үммү сүләймнің
асығыс кейіпте иықтарына көтеріп су тасып жүргенін
көрдім. суды қайта-қайта мәдинаға барып алып
келетін
291
.
Хәндәк күні де соғыс алаңында жүрді.
Пайғамбарымыздың әйелдерінен Үммү сәләма және
Зейнеппен бірге ор қазылған жерге барып, сахабаларға
кезектесе су тасып қызмет етті. Бұл кезде біраз
өзге әйелдер де көмекке келді. Әсіресе, сол күндері
мәдинаның түні ерекше суытты. Жылыну үшін
шатырына кірген Пайғамбарымызға, айша анамыз
жәрдемдесті. расулаллаһ бұл кезде де орға алаңдады.
Әлсіз тұстарға көңіл бөлуге, өзі болмаған кездерде
соғыс алаңында кемшілік орын алмауы үшін сахаба-
ларына ескерту жасады. мәдина жақын болғандықтан
ор мен мәдина арасында жүрді. сахабаларға керек
нәрселерді анықтап, ертеңгі күнге даярлықтарын
пысықтады
292
.
290
Имам нәдәуи оның Бәдірге қатысқанын айтады. Қараңыз: нәдәуи,
сиратус сәйидәти айша 170
291
Бұхари, фадаилус сахаба 48 (3600), мағази 15 (3837), мүслим,
Жиһад 181
292
Хәндәк күні анамыздың сағд ибн муаз және жиені Харис ибн Әус
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
166
Хазірет айшаның (р.а.) бір артықшылығы, ең
бір сұрапыл соғыс кездерінде де пайғамбарымыздың
өзгеге құпия тылсым жағдайларына куә болды.
мысалы, шамамен бір айдай қиындық тудырған
ұзақ уақыттан кейін ахзаб әскері Хәндәктан кетті.
мұсылмандар мәдинаға қайтты. алла елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айша анамыздың
бөлмесінде қарусыз жайбарақат тынығып отырған
бір сәтінде есіктің қимылы анамызды селт еткізді.
Тесіктен сығалап қарағанда сауыт киген, атты бір кісі
келіп тұр екен. Үстіндегі шаң-топырағын қағып алла
елшісін шақырып тұр.
Дауысын Дыхиятул Кәлбиге ұқсатты ма,
пайғамбарымыз орнынан ұшып тұрып әлгінің қасына
барды. сыртқа шыққанда, сәл абдырап қалды.
Өйткені, Жәбірейіл әмин келген екен. Көрген бойда:
– Уа, расулалла! Қаруларыңды тастауға неге
асықтыңдар? Дұшпан келгеннен бері періштелер
болып біз қаруымызды тастаған жоқпыз. Қазір Хам-
раул Әсәдқа дейін оларды қуып барып кері оралдық.
алла ешбірін оңдырмады! Біз істің соңында жүргенде
сендер неге шетке ысырылдыңдар? Қане, кеттік, алла
саған Бәни Құрайзамен соғысуды бұйырды. мен
қасымдағы періштелермен бірге олардың бекіністерін
қиратуды көздеп тұрмын, сахабаларыңды ерт те жүр!
– деді.
туралы хазірет сағдтың анасы Үммү сағдпен (р.а.) сөйлескені
және сауыттан көрген кемшілігі туралы оларға ескерту жасағаны
байқалады. Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\141 (25140);
Ибн Хиббан, сахих 15\497 (7028), Зәһәби, сиәр 1\284, Хәйсәми,
мәжмауз зәуәид 6\136, Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\373 (36796)