«Егер сырқат яки сапарда болсаңдар немесе
дәрет сындырып келсе, әйелдеріңе жақындаған
болсаңдар, (осындай жағдайларда) ғұсыл алатын
су таба алмасаңдар онда топырақты тәйәммүм
етіп, бет-қолдарыңды сипаңдар. Әлбетте, Алла
′әфуу және Ғафур»
298
.
сахабалар осыдан былай су жоқ кездерде уайым-
дамай, су тапқанға дейін таза топырақпен дәрет алып
намаз оқи бастады.
мына жайттарға куә болған хазірет Әбу Бәкір
(р.а.) бағана ғана ашуланған қызына енді таңдана
қарады. Өйткені, айша себеп болған осы оқиғаның
арқасында бір жаңа үкім түсті. Іле бұны жасыра
алмай:
– Қызым, сен қандай мүбәрак адамсың. Қарашы,
сен себеп болған осы іс арқылы алла тағала
мұсылмандарға жеңілдік жасады, – деді
299
.
Бұған сол жердегілердің бәрі куә болды. Көп
өтпей Үсәйд ибн Худайр (р.а.) хазірет Әбу Бәкірдің
жанына барып:
298
ниса, 4\43
299
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 2\272 (26384); Ибн мажә, Таһара 90
(565); Байһақи, сүнән 1\207 (947)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
173
– Бұл сіздердің алғашқы берекетіңіз емес қой, уа,
Әбу Бәкір отбасы! – деп жақсы лебізін білдірді
300
.
сөйтіп, намаз оқылып, бәрі қайтадан жолға
шықты. шөгіп жатқан түйе орнынан түрегелгенде,
әпкесі Әсмадан алған аманат моншақ сол жерден та-
былды
301
.
Жала
анамыз тап болған ең ауыр оқиға кезекті
жорықтардың бірінде орын алды. мәдинада басшы
болуды көксеп, һижреттен кейін ол дәмесін үзген
Хазраж руының сол кездегі көсемі абдулла ибн
Үбәй ибн сәлул қалаға келген мұсылмандармен
іштей жауласты. Қайтадан беделге ие болу үшін
мұхаммед пен Әбу Бәкірден бастап мұсылмандардан
кек алуды көздеді. сол мақсатта неше түрлі жоспар
құрып, қулық ойлаумен жүрді. алайда дегеніне қол
жеткізе алмады. меккеліктерді мәдина бағытынан
тайдыру үшін қаншама рет оларға хат та жіберді.
мәдинаға қарсы шыққан кезде әскермен, қарумен
қолдаймыз деп алдап, жеме-жемге келгенде, ұхыд
соғысы кезінде әскердің үштен бір бөлігін бөліп әкету
арқылы мүминдерді әлсіретпек болып бақты. Бәни
Құрайза бастаған әртүрлі яһуди тайпаларымен бірігіп,
меккенің әскеріне көмек беріп, бірқатар жоспар-
ларды жүзеге асырғанмен мақсатына жете алмады.
Керісінше, күн өткен сайын өзі мен жақтастарына
300
Бұхари, Тәйәммум 1 (327, 329); мүслим, Хайз 108 (367)
301
Бұхари, фадаилус сахаба 5 (3469); мүслим, Хайз 108 (367); ахмад
ибн Ханбал, мүснәд 2\272 (26384); Байһақи, сүнән 1\207 (947)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
174
кесірін тигізді. Өйткені, Бәни надир, Бәни Қайнұқа
және Бәни Құрайза сияқты ауыз жаласқан тайпалар
мәдина келісімшартын бұзып, нәтижеде мәдинадан
қуылды. Қысқасы, абдулла ибн Үбәй діттегеніне қол
жеткізе алмай, күн сайын адамдарының саны азая
берді. Бұлардың барлығы өзі секілді екіжүзділікпен
өмір сүргендерге таяқ жегізіп, жолдастарының басына
келгендерді көргенде іштей ерегісе түсті.
Енді алла елшісінің беделіне нұқсан келтіріп,
жұртты одан қашыртқысы келді. Оның сәті мүрәйси
құдығының басында туды.
алдыңғы соғыстарда әйтеуір бір сылтау тауып
мәдинада қалуды қалайтын Ибн сәлүл Бәни
мұсталық соғысына өз еркімен қатысып, жолдаста-
рымен
302
бірге су әкелу үшін мүрәйси құдығының ба-
сында болған қиын жағдайды пайдаланып, осы сәттен
бастап әртүрлі сылтаулар айтып, оқиғаны ансарлар
мен мұхажирлардың қақтығысына айналдырғысы
келді.
абдуллаһ ибн сәлул алла елшісін ренжітетін
дөрекі әрекеттерге кірісті. Оның екіжүзділігі және
араға от салуымен сол күнге дейін бір-бірімен тату
ансарлар мен мұхажирлар да текетіресіп қалды. алла
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араласпағанда
бір даудың басталатыны сөзсіз еді.
302
Баратын жердің жақын болуы және соғысатын тайпаның
жеңілетініне сенулеріне байланысты көп олжа түсіруді ойлауы
бұл таңдауларында үлкен рөл ойнағанын айтуға болады. Өйткені,
бұл соғысқа қатысуды өте қатты қалаған. Бұл соғысқа қатысқан
мұнафықтардың саны бұдан бұрынғы ешқандай соғыста мұндай
болмаған. Қараңыз: Ибн сағд, Табақат, 2\63
|