Хазірет айша


айша анамыздың науқастануы



Pdf көрінісі
бет66/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

айша анамыздың науқастануы

Бәни  мұсталық  үшін  жолға  шыққандарына  дәл 

жиырма  сегіз  күн  өтті.  мәдинаға  қайтып,  жорық 

біткеннен  кейін  бір  айлық  сапарға  әлсіз  денесі  шы-

дамай,  айша  анамыз  ауырды.  Болған  жағдайлардан 

да, өзі туралы тараған өсектен де әлі хабары жоқ бо-

латын. алайда, мына жақта мұнафықтардың күңкілі 

тыншымады. Бұл өсек бара-бара күйеуі мен әкесінің 

құлағына жетті.

Бұған  пайғамбарымыз  да,  Әбу  Бәкірдің  үйі  де 

сенбеді.  сондықтан  ол  туралы  айша  анамызға 

айтуды қажет деп санамады. Дегенмен хазірет айша 

бір келеңсіз жайттың болғанын сезіп, алла елшісінің 

неліктен  өзгеше  күйде  жүрген  түсінуге  тырысты. 

Өйткені,  өзі  болса  ауырып  жатыр.  Бұрынғыдай 

жары  ауырған  кезінде  өзін  зиярат  етпеді,  тіпті 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

180

жақындамады. анасы бар кезде ғана келіп, жағдайын 



сұрады. Хазірет айшаның да іштегі күдігі күшейіп:

–  Уа,  расулалла,  рұқсат  берсеңіз,  анамының 

қасында болсам, маған сол кісі қараса, – деді. 

Бұл да дұрыс шығар. Жары: 

–  Өзің біл, – деді де қойды.

Ойынан 


жаңылмапты, 

иә, 


бұрынғымен 

салыстырғанда  бір  салқындықтың  сезілетіні  анық. 

себебін  түсіне  алмаса  да  өзі  науқас  болғандықтан, 

анасы Үммү румәнға еріп төркініне кетті.

Тек  жиырма  күннен  кейін  есін  жинап,  енді  ғана 

белін тіктей бастады. Болып жатқан жағдайдан әлі де 

хабарсыз еді. 

Осы  арада  қалын  сұрап  келгендер  болды, 

солардың  бірі  жақын  туысы  Үммү  мистахпен  бірге 

бір қажеттілігі үшін сыртқа шықты. Бір кезде Үммү 

мистахтың

308


 аяғы бір нәрсеге шалынып, құлап қала 

жаздады.  Түзеліп  тұрып  жатып  өз  баласының  атын 

айтып:

–  Құрып кеткір, мистах, – деп қалды. 



Есі  бар  әйел  өз  баласына  жаманшылық  тілей 

ме? Бір қателік орын алған жерде айша анамыз оны 

түзеткісі келетін. Бұл жолы да Үммү мистахқа қарап:

–  алланың  разылығын  қалап  мәдинаға  көшіп, 

Бәдірге қатысқан кісіні жамандыққа қалай қиясың? – 

деді.


Үммү  мистах  айша  анамызға  ожырая  қарады. 

Өзін  өсектеп  жүрген  кісіні  жақтағаны  несі?  рас, 

308

  Үммү мистахтың анасы Бинт сахр айша анамыздың әкесі хазірет 



Әбу Бәкірдің нағашы әпкесі болатын.


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

181


баласы  мистах  жала  жабушылардың  арасында  еді. 

Біраздан кейін:

–  Әй,  сен  мистахтың  өзің  туралы  айтқандарын 

естіген  жоқсың  ба?  сен  шынымен  де  жаны  таза 

мүмин әйелсің-ау. Әлде өзің туралы гу-гу өсек барын 

білмегенің бе? – деді.

Бұл бір зіл батпан сұрақ еді. Одан да сорақысы, 

айша  анамыздың  шынымен  де  ештеңе  білмеуі  еді. 

Ол:

–  мен  туралы  не  депті?  Қандай  хабар? 



Ештеңе  білмеймін,  –  деп  Үммү  мистахқа  қарады. 

«Болып  жатқан  нәрселерді  маған  тезірек  айт»  деп 

асықтырғандай  Үммү  мистах  осы  кезде  ел  ішінен 

естіген-білгендерін түгел ақтарып салды

309



Бұл айтылғандар адам сенгісіз нәрселер еді. айша 



не  үшін  сыртқа  шыққанын  ұмытып,  денесінен  жан 

кеткендей сүлей-сопа болып тұрып қалды. ауруынан 

енді айығып келе жатқанда тағы да ауыр соққы алды. 

Көзі жасаурап, жан дүниесінің астаң-кестеңі шықты. 

Тыныс алуы да қиындап, тамағына өксік тығылды. 

Зорға дегенде тілге келіп:

–  шынымен де осылар болды ма? – деп сұрады 

да есінен танып қалды. 

Үммү мистах біраз әбігерге түсті. Біраздан кейін 

есін жинап:

–  сүбханалла!  Қалайша  жұрт  осылай  айта 

алады? – деді.

Далаға не үшін шыққанын ұмытып, тезірек үйге 

кіргісі келді. Үммү мистахқа сүйене орнынан тұрып, 

309

  Ибн Һишам, сира 4\464




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

182

әкесінің үйіне қарай жүрді. Үйге тезірек кіргісі келсе 



де аяқтары еркіне бағынар емес. 

Үйге кіре сала анасына: 

–  алла кешірсін, жұрттың өсегін ести тұра маған 

неге ештеңе айтпағансыз? – деді. 

Үммү  румән  байсалды,  парасатты  жан  еді. 

Жағдайға  салқынқандылық  танытқаны  да  содан. 

Қызын жұбатып:

–  сабыр  ет,  құлыным,  сабыр  ет.  алла  тағала 

саған  да  бір  жеңілдік  береді.  сен  сияқты  сұлу  әрі 

пайғамбарымыз сүйген, сонымен қатар күндестері де 

бар қай әйелге сөз ермеген, оны мұқату үшін қандай 

жалалар  жабылмайды  дейсің?  мұндай  адамдар 

туралы өсек көп болады

310


, – деді. 

анасы дұрыс айтқан еді, бірақ ел ішіндегі өсек те 

соншалықты  жеңіл  сөздер  емесі  белгілі.  Қанша  күн 

өтсе де айша анамыз дөңбекшіп ұйықтай алмады. 

мына жақта болса өзі туралы айтылған жаланы 

естіген және кейбір мүминдердің соған сенгенін білген 

хазірет сафуан да ашуға булықты. Өсек айтқандардың 

бірі  Хассан  ибн  сәбитпен  шарт-шұрт  сөзге  келіп 

қалды.  Екеуінің  дауы  ушығып,  пайғамбарымыздың 

алдына дейін барды. 

сол кезге дейін мистахқа көмектесіп келген Әбу 

Бәкір (р.а.) оның да осындай сөзге ергенін естігенде, 

іштей ренжіп, енді оған көмектеспеуге бекінді.

Осының  барлығын  жақыннан  бақылап  жүрген 

мұнафықтар  асығы  алшысынан  түскендей  көтеріңкі 

көңіл  күймен  жүрді.  Бәни  мұсталықтан  қайтқанда 

310

  Бұхари, шаһадат 15 (2518); мағази 32 (3910)




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

183


жоспарлаған зымияндықтары іске асқандай, барлығы 

жапқан жалаларына мұрттарынан күліп, риза болы-

сты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет