Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет69/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

190

бөлігінің бірі түстер арқылы алла елшісі хабар алар, 



қайғым бітер» деп ойлады. 

арада  көп  өтпей  көз  тоқтатып  қарағанында 

расулалланың  моншақтап  терлеп  кеткенін  көреді. 

Бұл  бір  айдан  бері  үзілген  Жәбірейіл  періштенің 

уахи әкелуі еді. Борша-борша болып терлеп, ауыр зат 

көтергендей қиналды. 

Көктен жаңа бір хабар келген еді. ата-анасының 

да  реңі  қашып  кетіпті.  сірә,  елдің  өсегі  рас  шығып 

масқара боламыз ба деп қорықты ма екен. Дегенмен, 

Жәбірейіл  періштенің  әкелген  үкімі  өзіне  қатысты 

болса  да,  иләһи  әділдіктің  көрініс  табатынына 

күмәнданбады. Үлкен сабырмен нәтижені күтті. 

сөйтіп,  уаһи  жағдайы  аяқталды.  алла  елшісі 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  отырған  жерінде 

маңдайының  терін  сүртіп,  Әбу  Бәкірдің  отбасына 

қарады. сол кезге дейін үйге төніп тұрған қайғының 

орнын  бірте-бірте  қуаныш  басып,  үстеріндегі  қара 

бұлттың  сейілгенін  көздерімен  көрді.  Өйткені, 

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

күлімсіреген  еді.  Бүгінге  дейін  баршаны  уайымға 

салған  мұнафықтардың  өсегіне  еріп  тосын  әрекет 

жасамағанына қуанды. Әуелі мейірімге толы дауыспен 

жарына: 

–  сүйінші,  айша!  алла  тағала  түсірген  аяты 

арқылы сенің таза екеніңді білдірді! Тұр да, аллаға 

мадақ айт! – деді. 

Бұл  бір  айлық  ауыртпалықтың  соңғы  нүктесін 

қойған  сүйінші  хабар  еді.  Иә,  күткеніндей,  үміті 

ақталған анамыз да күлімдеп:



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

191


–  Әлхамдулиллә,  –  деді.  неде  болса  осыншама 

қиындықтан  кейін  күнәдан  пәктігі  әлемдердің  раб-

бысы  тарапынан  білдірілді.  Өзі  бұлай  болады  деп 

ойламаған-ды

317

.  Пайғамбарымыз  «нұр»  сүресін 



оқи  бастады.  Оқылған  әрбір  аят  осы  қиындықты 

жоғалтатындай құдіретке ие еді. 

Бүгінге  дейін  болған  барлық  қиындықтар  кетті. 

айша  анамыз  сол  кезге  дейін  өзін  сары  уайымға 

салған жайттың енді артта қалғанын сезініп, қуанды. 

Уайымнан жүрегі алқымына тығылған Әбу Бәкір 

(р.а.)  мен  әйелі  Үммү  румән  да  терең  тыныс  алды. 

Жәбірейіл  әмин  әкелген  аят  пен  алла  елшісінің 

қуанышына  куә  болған  Үммү  румән  қызы  әрі 

мүминдердің анасы болған айшаға қарап:

–  Қане, тұр да, күйеуіңе рақмет айт, – деп қалды.

мұны  айтқанменен  айша  анамыз  ол  сәтте  өзі 

жайлы келген аяттан әсерленіп, қайталанбас сезімге 

бөленіп  тұр  еді.  Бір  айға  жуық  уақыт  өзі  туралы 

айтылған нәрселердің жалған екенін білдіретін хабар 

келіп, арының тазалығы әлемдердің раббысының өзі 

тарапынан,  әрі  қияметке  дейін  солай  болу  шарты-

мен жаһанға жария етіліп жатса қуанбау мүмкін бе?! 

Әлемдердің раббысының ашық түрдегі жақсылығын 

көрмеуге болмас еді, анасына қарап: 

317

  Бұл туралы өзі былай деген: 



 

 мен күнәсіз екенімді білетінмін, алла да күнәсіздігімді айғақтар 



деп күттім. Бірақ мен туралы аят түсер деп еш ойламап едім. Ішімнен 

«мен туралы аят түсетіндей мен кіммін?» дедім, расулаллаға ақиқат 

түсінде көрсетілер» деп күткен едім». Қараңыз: Бұхари, шаһадат 15 

(2518); мүслим, Тәубә 56 (2770); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\194 

(25664), Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\111



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

192

–  Жоқ, мен оған емес, тек аллаға мадақ айтып, 



алғысымды  тек  Жаратушыға  ғана  арнаймын

318


,  – 

дейді. 


Енді  Құраннан  анамыздың  тазалығын  баян-

дайтын  аяттар  орын  алды  әрі  қияметке  дейін  мәңгі 

қалмақ. Әр замандағы мүминдерге оның күнәдан пәк 

екенін  үнемі  білдіріп  отырмақ.  Бұл  аяттарда  алла 

тағала  айшаның  таза  екенін  баяндап,  ертеңгі  күн 

үшін  оған  көркем  ризықтар  уәде  етуде.  Құранның 

сүйінші  хабары  мұнымен  шектелмеді,  бұл  бүлікке 

араласқандарды ақыретте ауыр азап күтетіні жайлы 

да ескертті. 

Түскен  аяттарды  сахабаларымен  де  бөліскісі 

келген пайғамбарымыз былай деді: 

«Жаланы  шығарғандар  араларыңдағы  шағын 

бір топ. сендер бұл жаланы өздерің үшін жамандық 

деп  ойламаңдар,  керісінше  жақсылық!  Әлгі  жаланы 

жабушыларға  келетін  болсақ,  олардың  әрқайсысына 

күнәсінің жазасы бар. ал, бұған басшылық жасаған 

адамға тіптен аяусыз азап бар». 

сахабалар  да  үстілерінен  ауыр  жүк  түскендей, 

рахаттанып  қалды.  Өйткені,  бұл  азғындардың  кім 

екенін білмейтін адам жоқ еді. Оларға еріп, көңілдерін 

кірлетпеген болатын. 

318


  Қараңыз: Бұхари, шаһадат; мүслим, Тәубе. Осы кезде хазірет Әбу 

Бәкір келіп, қызының маңдайынан сүйді. мұны көргенде қызы: 

 



 менің күнәсіз екенімді неге ертерек айтпадыңыз? – деп сұрады. 



сонда әкесі:

 



 Білмеген нәрсем туралы айтсам, қай аспан маған пана бола ала-

ды, қандай жер мені көтере алады? – деп жауап берген. Қараңыз: 

Байһақи,  әл-мәдхал  әс-сунәнул  кубра,  2\167  (647);  сондай-ақ, 

қараңыз: шәләби, Хаяту айша 120 




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

193


Демек, жақсы ниетке жетері жоқ. айтылғандарды 

зерттеп,  шын  екені  расталмай  тұрып  даурықпау 

керек  еді.  Күнәдан  сақтану  –  мүмин  үшін  ең  дұрыс 

жол. Ескерту үстіне ескерту жасалған аяттарда жала 

жабушылардың  қателіктерін  қайта-қайта  айтып,  ба-

старына ауыр соққы беріп жатқандай еді. 

«Әлгі жала жабушылар төрт куәгер әкелу керек еді. 

Куәгер әкелмегеніне қарағанда олар алла құзырында 

өтірікшілердің нағыз өзі болып саналады». 

Демек,  адам  өз  қалауымен  ойына  келгенді  айта 

алмайды. Біреу туралы негізсіз сөйлемеу керек, айтса 

да міндетті түрде дәлел ретінде бір сүйенетін нәрсесі 

болуы  керек.  Әсіресе,  ар-намысты  әйелдердің  зина 

жасағанын айту үшін ең кемі төрт куәгерге сүйенуі 

тиіс. Керісінше жағдайда ең үлкен күнәлардың бірін 

жасаған  болып  саналып,  бұ  дүниеде  де  оларға  жаза 

қолданылады. маңдайларына «өтірікші» деген таңба 

басылады.  Қиямет  күнінде  де  маңдайларындағы 

сол  «өтірікші»  деген  таңбасы  өшірілмей,  мәңгілік 

«өтірікші» деп айтылатын болады. 

анамыз  (р.а.)  тағы  да  көптеген  жақсылықтарға 

себеп болды. Қатты азап шегіп, бір айдай қиналғанмен 

сабыр  ету  арқылы  осы  сынақтың  жемісін  көрді. 

Өйткені,  жоғарыдағы  сөздерден  кейін  келген  басқа 

да хабарлар осыны айқын көрсетті, осыған байланы-

сты  бірқатар  үкімдер  анықталып,  адамдар  арасын-

да  құқықтан  бастап  әлеуметтік  өмірде  қолданылуы 

тиіс қағидаларға дейін бірқатар мәселе айқындалды. 

нәтижеде қоғамда жаман ой мен күмәнға жол берілмей, 

парасатпен  пайымдайтын  жаңа  бір  қоғамның  үлгісі 

көрсетілген еді. 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

194

араларында  алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи 



уә  сәлләм)  болғандықтан  сахабалар  бұл  сынақтан 

сүрінбей  өтті.  Бұрынғы  үмбеттер  ұшыраған  қиын 

жағдайлардан  аман  қалды.  Бұл  ақиқатты  да  ұлы 

Жаратушының өзі білдірді: 

«Дүниеде де, ақыретте де алланың мейірімі мен 

рақымы сендермен бірге болмағанда, бұл істерің үшін 

міндетті түрде жазаға ұшырар едіңдер».

сахабалар  аллаға  мадақ  айту  керектігін  айқын 

түсінді.  Күнәнің  кішісі  де,  үлкені  де  күнә.  Демек, 

әу  баста-ақ  күнәнің  үлкеюіне  жол  бермеу  керек. 

Жала  жабу  оқиғасы  да  осындай  бір  күнә  болатын. 

сондықтан да Құран жаланы естісе де оған мән бер-

мегендерге былай деді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет