Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
203
Әркім өз дәуірінің адамы және барлық адам сол кезеңге
лайықты іс жасайды. Ендеше, тарихтағы белгілі
тұлғалар мен оқиғаларды қарастырғанда, олардың
сүрген дәуірі мен сол оқиғалар жүзеге асқан ортаның
құбылмалы өзгерістерін ескергені жөн. Әйтпесе,
көптеген мәселе бүгін қате түсініліп, айрықша
тұлғалардың қадірі өз мөлшерінде ұғынылмайды.
Жалпы
алғанда
сахабалардың
алланың
назарындағы қадірі жоғары екені белгілі, Хақ
тағала оларға разы және олар да алланың барлық
әміріне қалтқысыз мойынсұнған. Олар бәрінен
бұрын Құранның мұғжизасы болған қауым. Бұған
қоса, пайғамбарымыздың дәрістеріне тізе бүккен,
адамзатқа мұғалім ретінде тәрбиленген ең ерекше әрі
қадірлі жандар
334
.
Пайғамбарымыздың
әйелдеріне
келетін
болсақ, әрбірінің орны бір төбе болатын, өзгелерге
беймәлім сырларға қанық еді, басқаларға берілмеген
жақсылықтар соларға берілген. Жұбайлары алла
елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сырласта-
ры еді. Хақ жолының жолаушыларына тән, сөздері
ерекше даналыққа құрылатын. сондықтан пайғамбар
жұбайларының әрбір іс-әрекетінің астарындағы нәзік
хикметтерді көре білу керек-ақ.
Осы себепті пайғамбарымыздың әйелдері деген-
де екі түрлі мәселеге кезігеміз: Хадиша анамыз және
басқа аналарымыз.
334
сахабаның алла және расулы назарындағы қадірін білу үшін
қараңыз: Чапан Ергүн, Құран кәрімде сахабалар, ышык йайынлары,
Измир 2002