Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет68/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Қуанышты хабар

арада тағы бірнеше күн өткен соң пайғамбарымыз 

Әбу  Бәкірдің  үйіне  барып,  сәлем  беріп,  бір  шетке 

отырды. Бәни мұсталықтан қайтқаннан бері бұл үйге 

алғаш келуі. 

Бұл кезде айша анамыз жоқ жерден өзіне жабылған 

жалаға  күйініп  дұға  етіп,  жылап  отырған  болатын. 

Қастарында ансардың бір әйелі де бар еді. анасы мен 

әкесінен  естімеген  нәрселерін  содан  сұрауға  тыры-

сып,  мәселені  толық  білгісі  келді.  сол  жерде  намаз 

оқыған  пайғамбарымыз  шаһадат  келтіріп,  аллаға 

мадақ айтқаннан кейін айша анамызға қарап:

–  айша, жұрттың өсегі құлағыңа жеткен болар. 

Өзіңе  бекем  бол.  Дегенмен  мұндай  іс  рас  жасаған 

болсаң, мойында, сен үшін дұға етіп, кешірім тілейін. 

Жоқ, бұл жала десең, алла тағала оны да білдіреді. 

ал,  шынымен  де  жамандыққа  барған  болсаң,  тәубе 

етіп, кешірім тіле. Өйткені, пенде қателігін мойында-

са, тәубесі қабыл болады, – деді. 

Әр  сөз  айша  анамызға  соққы  болып  тигендей 

есеңгірете  түсті.  сөз  арасында  алла  өзі  істің  ақ-

қарасын  білдіреді  дегені  көңілге  үміт  бергенмен, 

жан  жарының  өзіне  күмәнмен  қарағаны  ауыр  тиді. 

Бұдан ары не боларын да білмеді. Көзінде жас таусы-

лып,  тамырларындағы  қан  да  тартылып  кеткендей. 

Жұрттың  өсегін  естіп  жарының  өзі  күдіктенсе,  бұл 

енді  сырын  кімге  аша  алады,  дертін  кіммен  бөлісе 

сіңлісі Хамна бинт Жахштың ғана әлгі өсекке сенгенін білдірген. 

Қараңыз:  нәсәи,  Ишратун  ниса  3;  Бұхари,  шаһадат  15  (2518), 

мағази 34 (3910); мүслим, Тәубе 56 (2770)




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

189


алады.  Тілі  байланып,  еш  нәрсе  сезбей  қалғандай 

күй кешті. Тіпті жүрегінің әлі соғып тұрғанына аң-

таң. ата-анасына жаутаңдады. Жауап айтып, қызын 

қорғағанын қалады. алайда, олар да үнсіз. 

–  Уаллаһи, 

расулаллаға 

қандай 

жауап 


беретінімізді  білмейміз,  –  деп  жақ  ашпады.  сірә, 

мәдинадағы гу-гу өсек оларды да екіұшты ойға итер-

мелеген секілді. сол себепті хазірет айша бар күш-

жігерін жинап, күйеуіне:

–  Уаллаһи,  тәубе  етпеймін

315


,  өйткені  істемеген 

ісіме  қалай  тәубе  етпекпін.  Жұрттың  айтқаны  жала 

десем де сіздерді сендіре алмайтын сияқтымын. Есіме 

хазірет Жүсіптің әкесінің

316

 жағдайы түсіп отыр, мен 



де  тек  соны  айтамын.  «Ендігі  міндетім  үміт  үзбей, 

сабыр  ету  ғана.  не  деймін,  бұл  жағдайдағы  жалғыз 

сүйенішім – алла!» – деді. 

Хазірет  айша  (р.а.)  не  істерін  білмей,  аллаға 

қолын  жайып,  істің  ақ-қарасын  көрсетуін  өтінді. 

Өзі  туралы  өсектің  жалғандығын  көрсететініне 

күмәнданбады.  «Пайғамбарлықтың  қырық  алты 

315


  айша анамыздың бұл сөздерін тек жарына емес, ата-анасымен қоса 

баршаға қарап айтқанын көрсететін риуаяттар да бар. Ол бойынша: 

 



 Иә, мен жұрттың айтып жүргенін естідім. сіздер де сол өсекке 



сенген сыңайлысыздар. «Бұл жаладан тазамын» десем, сірә мені 

құптамайсыздар. сіздерге бола мойындасам, рас екен деп ойлай-

сыздар. Уаллаһи, мен сіздер мен өзімнің жағдайымды «Ендігі менің 

міндетім  үміт  күтіп,  сабыр  ету.  не  дейін,  бұл  жағдайда  жалғыз 

сүйенішім алла» деген Жүсіптің әкесінің жағдайын ұқсатамын. 

Қараңыз: Бұхари, шаһадат 15 (2518)

316

  сол оқиғаның әсерімен есеңгіреп тұрып есіне хазірет яқубтың (а.с.) 



атының түспегенін айтқан айша анамыз тек «Жүсіптің әкесі» дей 

алғанын айтады. Қараңыз: Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\111






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет