Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
171
қосыла іздеді. Бұған көргендер де қосылып, бәрі жа-
былып қараңғыда моншақты іздеді.
Бірақ моншақ табылмады. Таба алмайтынына
көздері жеткен соң демалғанды жөн көрісті. Жары
басын айша анамыздың тізесіне қойып, демалып
жатты.
Осы кезде біраз сахабалар хазірет Әбу Бәкірге
келіп:
– мына айшаның істегеніне қарашы. алла
елшісін де, адамдарды да осы жерге ертіп әкелді, не
бір жұтым суымыз жоқ, – деді.
шынында да ыдыстары бос, не айналада су
барын білдіретін белгі де жоқ еді. Ерте тұрып намаз
оқу керек, оған су қайдан табылады? Біраздан кейін
оқылатын намазды ойлап, не істерлерін білмей жатты.
Хазірет Әбу Бәкір де бұл жағдайға ашуланды.
Қызы әшекейін жоғалтпағанда бұл жерге аялдамай
бір бұлақтың басына барып тоқтар еді. сол ашумен
қызына барды. алла елшісі демалып жатқанын
көрмегенде қызына ұрысар ма еді. сонда да бәсең да-
уыспен қызына:
– Елдің бәрін осында үйірген сенсің. Ешкімде су
жоқ, маңайдан су табылатын ыңғай да байқалмайды,
– деп ренішін білдіреді.
Қиын жағдайда қалған қызы жауап қата алмай,
не өзін қорғайтындай ештеңе істей алмай кібіріктеді.
Өйткені, расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлі
тізесіне басын қойып жатқан еді.
Бір кезде пайғамбарымыз оянды. сахабалар дәрет
алатын мүмкіндік жоқ, намазды қалай оқитындарын
білмей дал болып тұр еді. Әрі-сәрі күйде тұрған осы
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
172
бір уақытта алла елшісің жүзінен уаһидың белгісі
байқалды.
Жәбірейілдің жеткізген хабарында су жоқ жерде
таза топыраққа сүртіну арқылы дәрет алуға бола-
тыны туралы үкім бар еді. Осыны естігенде барып
сахабалардың көңілі орнықты. Бұл келген аят мынау
еді:
Достарыңызбен бөлісу: